СабақТЫҢ Әдістемелік талдамасы № Пәні: Мейіргер ісі негіздері


Бактериологиялық зерттеуге “Барлық нәжістен” нәжісті пробиркаға алу



бет22/23
Дата03.09.2022
өлшемі257.61 Kb.
#460160
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
зертханалық зерттеулер

Бактериологиялық зерттеуге “Барлық нәжістен” нәжісті пробиркаға алу.
Мақсаты: диагностикалық жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын айкындау, арнайы тонтардағы адамдарды (реконвалесцентті) зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу, өткір ішек жұқпалы аурулары.
Дайындаңыз: мақта-дәке тампондарымен тығыз жабылған, материал үшін темір ілмекке өзек қондырылған залалсыздандырылған пробирканы, судноны немесе горшокты, қолғапты, масканы, форма бойынша жазылған жолдамаиы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын карандашты), штативті, тасымалдауға арналған контейнерді немесе биксті қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа зерттеу мақсаты мен түсіндіріп, емшара жасауға келісімін алыңыз.
2.Қолыңызды гигиеналық деңгейде өңдеңіз және халатты, масканықолғапты киіңіз.
3.Емдеу барысын, нәтиже алу мерзімін тексеріңіз.
4.Бактериологиялық лабороторияға жолдаманы жазып, журналға сәйкес нөмірді пробиркаға стеклографпен жолдама номеріне белгілеңіз.
5.Пробирканы штативке орнатыңыз.
6.Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.
7.Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз. Оң қолымен тік ішектік ілгекті пробиркадан алыңыз (пробирканы тығызжапқан мақта-дәкетампонының тек қана сыртқы жағынанұстаңыз).
8.Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әр түрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).
9.Тік ішектік ілгекті нәжісімен залалсыздандырылған шыны түтік шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай салып, соның ішінде қалдырыңыз. Пробирканы тығынымен тығыз жабыңыз.
10.Пробирканы штативке, штативті поролонмен тығыздатып бикске қойыңыз.
11.Биксті «кілтке» жабыңыз.
12.Қолғапты, масканы шешіп қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнергесалыңыз.
13.Бикстеналынған материалды жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық лабораторияға жеткіңіз.
Ескерту:нәжісті жинау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектгі ілгектің көмегімен;өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабықты алады;
материал лабораторияға жеткізгенше тоңазытқышта t-4-6°C сақталуы қажет;
антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.


Бактериологиялық зерттеуге тікелей тік ішектен нәжісті алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет