СабақТЫҢ Әдістемелік талдамасы № Пәні: Мейіргер ісі негіздері


Пән оқытушысы: Қалымбетова Ш.Н



бет3/23
Дата03.09.2022
өлшемі257.61 Kb.
#460160
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
зертханалық зерттеулер

Пән оқытушысы: Қалымбетова Ш.Н.

Қосымша 1


З ә р д і з е р т т е у
Зәрдің жалпы клиникалық анализі
Зәрді зерттеу зәр мөлшерін өлшеуден, оның физикалық қасиетін, химиялық құрамын, сонымен қатар тұнбаның микроскопиялық суреттемесін зерттеуден тұрады. Зертханада зәрдің таңертеңгілік бөлігін, тәуліктік мөлшерін (тәуліктік протеинурия немесе глюкозурияны анықтауда, форменді элементтердің санын есептеу кезінде), жеке бөлігін (порция), бір тәулікте жиналған (Зимницкий сынағы) мөлшерін немесе физикалық жүктемеге дейінгі және содан кейінгі (ортостатикалық сынама) бөлігін зерттейді.
Тексерілетін адам шатаралығын алдын ала жуып алғаннан кейін таза құрғақ ыдысқа зәрін жинайды. Кейде (әсіресе, оның әйелдер үшін маңызы бар) мысалы, бактериурияның сипаты мен қарқынын анықтау үшін науқастан зәрді катетермен алады.
Зәр ағза айнасы. Зәр анализдерінің ішінде ең қарапайымы, әрі жиі қолданылатыны – зәрдің жалпы немесе клиникалық анализі. Ол бізге мыналар жөнінде айтып береді:
* Зәрдің түсі. Ол сабын түстес сары болуы тиіс. Егер зәрдің түсі қою шәйға ұқсас болса, гепатиттің, бауыр циррозының болуы, эритроциттердің бұзылуы ғажап емес. Егер ет жуындысына ұқсаса, дәрігер бүйректердің қабынуы бар деп күмәндануы мүмкін. Кейбір дәрілер зәрді ақшыл қызыл түске бояйды. Ал сәбіз, қызылша, құлпынайды көп жеп қойсаңыз, зәріңіз қызылдау болады.
* Зәрдің мөлдірлігі. Ол толығымен мөлдір болуы керек. Үлпек пен тұнба – бүйректер мен зәр шығару жолдарының қабынуын көрсетеді. Ал зәр аз уақыт тұрған соң, онда тұнба пайда болса, қорқудың қажеті жоқ – бұл жиі байқалады.
* Зәр реакциясы. Ол қышқыл болуы тиіс. Зәрдің бейтарап немесе сілтілік реакциясы зәр шығару жолдарының инфекциясы болғанда және етті тағамды аз жегенде орын алады.
* Зәрдің тығыздылығы. Қалыпты жағдайда ол 1018-1025 - ке тең болады. Егер зәрдің тығыздылығы жоғарыласа, дәрігер сусыздану, қанда қанттың көбеюі орын алған деп күдіктенеді. Оның үлес салмағы төмендесе, дәрігер бүйректердің қабынуы, бүйрек жеткіліксіздігі жөнінде немесе емделуші суды тым көп ішкен деген ойға келеді.
* Ақуыз. Зәрде ол 0,033 % аспауы керек. Инфекция, бүйректердің қабынуы және иммунологиялық сырқаты, бүйрек жеткіліксіздігі кезінде немесе қатты дене қимылын жасаған уақытта ақуыз бұдан да көп болады.
* Бактериялар мен саңырауқұлақтар. Бұлар мүлдем болмауы керек..
* Цилиндрлер. Қалыпты жағдайда болмауы керек немесе аз болуы тиіс, яғни көру аймағында бірен-саран болады. Бұдан көп болған жағдайда бүйрек тіндерінің зақымдануын білдіреді.
* Эритроциттер. Қалыпты жағдайда болмауы тиіс немесе көру аймағында бірен-саран ғана болады. Егер эритроциттер көру аймағында 100-ге дейін жетсе, бұл микрогематурия деп аталады және бүйректердің қабынуын, иммунологиялық ауруын, қуық тасын, бүйректердің онкологиялық зақымдануын немесе ауыр инфекцияның дамуын білдіреді. Егер эритроциттер көру аймағында 100-ден артық болса, бұл макрогематурия деп аталады. Бұл жағдайда зәрдің түсі де өзгереді – ол ет жуындысы тәрізді болады, демек бүйректердің қабыну сырқатын немесе қан кетуді білдіреді.
Лейкоциттер. Қалыпты жағдайда еркектерде лейкоциттер көру аймағында 0-3, ал әйелдерде 0-5 болуы керек. Зәрде лейкоциттер санының көбеюі лейкоцитурия деп аталады. Бұл бүйректердің, зәр шығару жолдарының қабынуын, цистит, простатит, бүйректердің иммунологиялық зақымдануын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет