Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар үшін


Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар)



бет10/17
Дата18.04.2023
өлшемі161.82 Kb.
#472336
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
матемамммммм

Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар).
– Қандай шаршыны сиқырлы деп атауға болады?
Сиқырлы деп кез келген бағанында немесе кез келген жолында орналасқан сандарының қосындысы бірдей болатын шаршыларды айтатын боламыз.
Сиқырлы шаршы – бұл торкөздерге бөлінеді (торкөздердің саны тігінен де, көлденеңінен дебірдей), онда əр торкөзге сандардың тізбекті қатары енгізілген. Сандар тігінен, көлденеңінен олардың қосындылары бірдей болатындай етіп жазылған. Сиқырлы шаршының əрбір саны бірнеше əртүрлі қосындылардың құрамында болады жəне барлық осы қосындылар өзара тең болып табылады! Бұл – математикалық көзқарас тұрғысынан қызығарлық факт жəне өте үлкен қызығушылықты тудырады.
1-тапсырмадағы «сиқырлы» шаршыларды қарастыруды ұсынады.
Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

Оқулық, дəптер

12-29

Жаңаны ашу.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандары берілген. Олардың бір бөлігі торкөздерге орналастырылған.
Қосындысында 15 саны шығуы үшін, қалған сандарды орналастыру талабы қойылады.

Бір қатарда, диагональда немесе бағанда тұрған екі белгілі санды 15-тен азайту арқылы қажетті санды табамыз. Осылайша осы шаршыны аламыз.

Оқулық, дəптер








Осындай түсіндіруден кейін балалар оқулықтағы 1- тапсырмаға назарларын аударады. Оған берілген түсініктемемен танысып, тапсырманы орындайды. Өзінің қадамын түсіндіруге тырысады.
Дəл осы сандардан құрылған барлық басқа да сиқырлышаршыларды осыдан алуға болады екен, барлық шаршыларда дасандар бірдей ережелер бойынша орналастырылған.



Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Жаңа сиқырлы шаршыларды берілген шаршыдан, ондағы жазылған сандардың əрқайсысын бір санға (мысалы, 6-ға) немесе бірдей мөлшерде бірнеше есеге (мысалы, 2 есеге) арттырып немесе кемітіп, алуға болатынын тексер.
Жұптаса жұмыс істеу.
Осы тəсілді пайдалана отырып, өздеріңіздің сиқырлы шаршыларыңызды құрастырыңыздар жəне оларды шешіңіздер.


Өзіндік жұмыс.
Дəптердегі №2 тапсырманы орындау. Балалар есептеуді орындайды, торкөздерге нəтижесін жазады, бұрышындағы ұяшықтағы сандар сəйкес келуі қажет. Бұл өзін-өзі тексеру болып табылады.
Топтық жұмыс.
Оқушылар оқулықтағы №3 тапсырманы топтық жұмыс ретінде орындайды, олар бірінші жолда бірдей үш қосылғыштың жасырылғанын түсінуі










қажет (10+10+10=30).
Екінші жолдағы сандарды табу үшін 18 санынан бізге белгілі болған 10 санын азайту қажет, екі қалған сан – 4.
(10+4+4=18) .
Үшінші жол: 4-2=2
Төртінші жол: 10+4+2=16
Топтағы өздеріңіздің жұмыстарыңызды мақал- мəтелмен немесе ұшқыр сөзбен бағалаңыздар.




30-40



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет