Сабақтың тақырыбы : Электр сымдарын монтаждау Сабақтың мақсаты



бет9/40
Дата16.11.2023
өлшемі216.45 Kb.
#483499
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Сабақ жоспары

Топ: 3ЖДПС-15б


Пән: Теміржол жолдарымен аэродромдарды іздестіру және жобалау
Сабақтың тақырыбы: Топырақтардың құрылыс қасиеттері және оларды жер төсемде орналастыру
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Теміржол жолдарымен аэродромдарды іздестіру және жобалау туралы білім деңгейін жетілдіру.

2. Тәрбиелік: Студенттерді пәнге деген құштарлығын арттыра отырып,жолаушылар тасымалы жүйесімен толықтай менгеруге тәрбиелеу.


3.Дамытушылық: Студенттерге білім бере отыра, олардың мамандығына деген қызығушылығын жолаушылар тасымалын ұйымдастыру пәні арқылы арттыру.




Сабақтың түрі: лекция

Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Топ кезекшінің қабылдау, қатысты белгілеу.
ІІ. Негізгі бөлім.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа тақырып жоспары:


1. Теміржол жолдарының неғізғі конструктивті элементтері және олардың мәні


2. Қорғаушы жол құрылыстары және олардың мәні.
3. Жол және автокөлік қызметтерінің ғимараттары мен құрылыстары және олардың тағайындалуы.

Ішкі шаруашылық жолдар негізінен шаруашылықтардың, олардың аралығындағы бөлшектерімен – бөлімдерімен, өндірістік телімдерімен, бригадасымен, фермасымен, ішкі тасымалдауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар анықтаулы өндірістік процестерге қызмет етеді және жалпы қолданыстағы жолдарға кірме жол ретінде шаруашылықтың сыртқы көлік байланысы ретінде қызмет етеді. Олар ауданның көлік жүйесінің құрама бөлігі ретінде болуы керек, оны толықтырып және дамытып отырады.


Бұл жолдардың негізгі ерекшеліктері ауылшаруашылық өндірісінде көліктік байланыс қызметін атқарады, еңбек етудің қызмет аймағында және еңбек затымен, өндіріс құралы ретінде жермен байланысты. Бұл жолдар қаратпа жағдайларда (ауылшаруашылық өнімдерін шығаруға, құрылыс материалдарын, машиналарды, жанар майды, тыңайтқыштарды әкегенде және т.б.) көлік мәселесін шешеді.
Кәсіпорын ішінде көліктің қызметі өндіріс пен тұтынушы арасында, кәсіпорындар, шаруашылықтар арасында тасымалдау бойынша қызметінен айырмашылығы бар.
Ішкі шаруашылық көлік өндірістің құрама бөлімінің ажырамас бөлігі бола тұрып, өндіріс кезеңінде еңбек құралдарын және жұмыс күштерін орнын ауыстырады. Сонда оның ерекшеліктерін және ұйым өндіріс қызметінің технологиясы мен ұйымдастыруы байланысты. Шаруашылықта жолдар торабын дұрыс орналастыру кеңейтілген ұдайы өндіріске мүмкіндік береді.
Ауылшаруашылық өндірістің мінезі ішкі шаруашылық жолдар торабын жобалауға негізгі ықпалын тигізеді. Сонымен қатар жергілікті табиғат жағдайы, бар жолдар, тарихи қалыптасқан қоныстандыру жағдайы ескеріледі. Шаруашылық жол торабының кескіні өндіріс, табиғи және тарихи жағдайлардың қызметі болып табылады. Сондықтан да оны біркелкі геометриялық қалыпқа келтіруге болмайды.
Совхозда, колхозда немесе шаруашылық арасындағы кәсіпорын жолдар торабын орналастыру жобасының мәселесіне сыртқы бекеттерді өндіріс орталықтарымен және усадьбалармен көліктік байланыс қамтамасыз етіледі, сонымен қатар егістікте жұмыс жасап жатқан адамдар мен техникаға қызмет көрсетіледі. Осыған байланысты ішкі шаруашылық аймағын ұйымдастыру мәселесінен бөлек қарауға болмайды. Ауылшаруашылық кәсіпорындарының жолдар торабын орналастыру өндіріс процестерінің ұйымдастыруын жақсарту және жерді тиімді пайдалану үшін керекті жағдайлар тудыру есебімен істейді.
Жерді орналастыру әдебиетінде магистралды және егістік болып белгіленуіне қарай ішкі шаруашылық жолдарды екі түрге бөледі. Жол құрылысы әдебиетінде негізгі ішкі шаруашылық жолдар өздерінің маңызына қарай екі топқа бөлінеді. Кейде шаруашылықта өзбеті топты жолдар ретінде мал айдау жолдарын бөледі.
Магистралды жолдармен жеке ауыл арасында және шаруашылықтың өндіріс бөлімшелерінде көліктік байланыс іске асырылады, сонымен қатар сыртта жатқан шаруашылықпен бекеттер арасында. Бұл жолдар оның бөлек белгілі емес, біртұтас өндіріс процесінің ауылшаруашылық кәсіпорнымен шарттасқан бөлігі. Дегенмен бұл жолдар егіс жолдарының қызметін атқарады, сонымен сілемдерінің қатар егіс айналымы бөлек бөлшектерінің арасында байланыс бөлімі қызметін атқарады және егіс басында жұмыс істейтін адамдар мен ауылшаруышылық техниқаға қызмет ету үшін пайдаланады.
Егістік жол торабы егістік басында өндірістік процестерге қызмет ету және колхоздар мен совхоздардың басқа шаруашылық телімдеріне көлік байланысына қамтамасыз етеді.
Егістік мен магистралды жолдарды жобалау әдістемесі әртүрлі айырмашылығына себепті болады. Егерде егістік жолдарды жобалау негізінде өндірістік процесттерді зерттеу рөлінде бөлек, онда магистралды берілген шаруашылықта өндірістік салалар өзара байланысы және орналастыруын білу қажет, оның сыртқы көліктер байланысын және транзиттік тасымалдауын білу керек.
Ішкішаруашылық магистралды жолдарды жобалау үшін нақты нәтижені аудан жолдарын алған әдістеме бойынша алады. Бірақта кейбір ерекшеліктерді қажетті түрде есепке алу керек. Шаруашылықта жүкайналым бекеттері ретінде ішкішаруашылық өндіріс даналарының усадьбалық орталықтарын өндірістік-шаруашылық кешендерін, бақтарды, ауылшаруашылық жерлер мен егіс айналымының сілемдерін қабылдайды.
.ЖЕР ТӨСЕМДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР
Совхоз немесе колхоздың жүкайналымы ішкішаруашылық және сыртқышаруашылық жүктер мен адамдарды тасымалдаудан тұрады. Салалар өнімінің жалпы көлемі негізді анықтау үшін қызмет етеді. Егісайналымы алаңынан алынған жүк санын дәл және жай анықтау 1 га жыртылған жерге себу, дәнді-дақылдар шығымдылығын және салынған тыңайтқыш саны жүксыйымдылығын есептеу арқылы анықталады.
Адамдардың жүк тасығыштан басқа, сыртқы жолаушылар байланыс және ішкі өндірістік және де басқа қоғамдық, жеке көлікпен жүргені есептелінеді. Ішкі шаруашылық көлік байланысын анықтаумен қатар ауылшаруашылық өнімдерді шығаратын санын және өндіріс өнімдерін (тыңайтқыш, жанармай, машиналар, құрылыс, сауда және тағы басқа жүктер) кіргізетін санын анықтайды, сонымен қатар шаруашылық арқылы өткен транзиттік тасымалдауларды есепке алады. Берілген жүк-және жолаушылар айырбасы баланс таблицасында көрсетілген, соның негізінде көлік байланысының ішкішаруашылық сұлбаны құрастырады, немесе аз санды жүкайналымы бекеттер бағытты таңдайды және магистралды жолдардың трассасын орналастырады. Ірі шаруашылықтарды үлкен жүк айналымы бар бекеттер негізгі магистралды бағыттары экономика жағынан тиімді кейбір түйінді бекеттер үшін көлік байланысы сұлбасынан графоанаметикалық әдістермен аудан бойынша анықталуы тиіс.
Содан кейін әр бекетті нақты бар жолды, табиғат жағдайын, сонымен қатар басқа да құрама бөліктер мен аймақтар ұйымының болашақ сұлбасын және жер құрылымы жобасын ескере отырып, жобаланған магистраллы кірме жолмен байлайды.
Ішкі шаруашылық магистралды жолдардың орын алуы нақты бар жолдардың, жер пайдалану шекарасын, бөлімшелердің, бригадалардың егісайналымы сілемдерінің орналастыруы, шаруашылық аймағының усадьбалық орталықтардың, фермалар және басқа өндірістік кешендердің орналасуына байланысты анықталады. Колхоздардың немесе совхоздардың жолдар торабын орналастыру кезіндегі салыстырмалы жай техникалық шешім біршама есептеуді қажет етпейтін жай жобалауға мүмкіндік береді. Мысалы, жүкайналымды бекеттер арасындағы тасымалдаудың көлемін анықтаудың қажеті жоқ, өйткені есептелінген қарқынды қозғалыс бесінші техниқалық санатты көрсеткішінен аспайды. Жолдарды сұлба құрамында жобалайды немесе шаруашылықтың жүкайналым бекеттері құрылымының жобасы бойынша жобалайды.
Басқасына қарағанда егістік жолдары жүк айналым бекеттеріне қызмет көрсетпейді, егістік айналымы далалар, бақтар және жемістер кварталы, жайылым және шөп шабу телімдері түріндегіжүкайналымды алаңға қызмет көрсетеді. Бұл қызметтер өндірілген өнімдерді, тұқымды тыңайтқышты жеткізуде көрсетіледі.
Көрсетілген факторлар егістік жолдарын жобалау ерекшелігін анықтайды. Оларды бақтардың, шөп шабу және жайылымдардың және нақты бар жолдардың егісайналымының аймағының ішкі құрылымның басқа элементтерін жобалағанда бірге орналастырады.
Жер құрылысы әдебиетінде және практикада егістік жолдарды негізгі (1), қызмет көрсету желісі және көмекші (3) деп бөледі (4 сурет).
Негізгі егістік жолдары - барлық сілемдерді немесе егісайналымының, бақтардың және басқа жерлердің үлкен бөліктеріне қызмет етеді, және өндіріс орталықтарымен байланыстырады. Үлкен егіс айналымды және өсімдік өсірудің басқа сілемдерін құрағанда қажеттілік туады.
Қызмет көрсету желісі - егістікте жұмыс кезінде трактор агрегатының бұрылысы және жанармай құюға бос кіруіне, сонымен қатарегісайналымы даласынан жүктерді тасымалдау бақтар кварталы, адамдардың өтуі мен өткеліне арналған. Оларды егістіктің, телімдер, квартал қысқа бекеттеріне орналастырады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет