б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жамбыл Жабаевтың шығармаларынан мәлімет бере отырып, «Аттандыру» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу. Алғадай деген ұлын Ұлы Отан соғысына аттандырғанда айтқан бата іспеттес өлеңі.
Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.
Топпен жұмыс: Бата туралы және оның қазіргі жағдайда қалай орындалып жүргені жайында ойларын ортаға салып,әңгіме жүргізеді.
Кітаппен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдайды.
5 3
Атаңнан бата// ал,балам,
Арғымақ атқа// мін,балам!
Ақ сақалым// желбіреп,
Артыңнан қарап //мен қалам;
1 шумақ , 4. тармақ , 8 бунақ , 8 буынды
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Жамбыл кімдермен айтысқан?
Есімін неге Жамбыл деп қойған?
Қандай атақты ақынды жеңді?
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ж.Жабаевтың «Аттандыру» өлеңін жаттап келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев
«Алғадай туралы әрбір ой»
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға жүз жасаған алып ақын Жамбалдың шығармашылығынан мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: арлас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, портреті т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Достарыңызбен бөлісу: |