Сабақтың тақырыбы 1-сабақ. Өзім туралы Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет22/52
Дата23.02.2023
өлшемі3.34 Mb.
#469924
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52
Қазақ тілі 2-сынып кмж жаңа.docx

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Қуан, шаттан, алақай, Қуанатын күн келді. Күліп шықты Күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!

Оқушылар амандасып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.

ҚБ: мадақтау

өлең

Сабақтың ортасы (35 мин)

1-тапсырма. Тыңдайық.

  • Қандай керемет! Сабақ кестесі дайын!

  • Рақмет, Әсем!

  • Саған қай пәндер ұнайды?

  • Маған «Қазақ тілі», «Көркем еңбек» ұнайды.

  • Сұлтан, саған қай сабақтар ұнамайды?

  • Маған «Математика» пәні ұнамайды.

  • Қызық, неге ұнамайды?

  • Көп есеп шығарамыз.

Жаңа сөздерді қайталайды.


Жұптық жұмыс.
Жұбыңа сұрақ қой. Жауабын айт.

  • Сұлтан кіммен сөйлесті?

  • Оған қай пәндер ұнайды?

  • Қай пәндер ұнамайды?

  • Неге ұнамайды?

ҚБ: өзін-өзі бағалау




сюжетті сурет







2-тапсырма. Айтайық.
Бір аптадағы пәндер туралы айтып бер.
Үлгі: Дүйсенбіде «Қазақ тілі» сабағында қызықты мәтіндер оқимыз.

Топтық жұмыс.
Әр пән туралы айтады. Әр апта бойынша топқа бөлініп, пәндер туралы айтады.

ҚБ: бірін-бірі бағалау

түрлі парақтар, кітапша, стикер суреттер




Дескриптор:

  • жұбының сұрағына жауап береді;

  • әр пән туралы айтып береді.







Дәптердегі №1 тапсырма. 3-тапсырма. Оқиық.
Мәтінді оқы. Досыңа өзіңнің сүйікті пәнің туралы айтып бер.

Дәптермен жұмыс.
Оқыған мәтін бойынша не түсінгенін айтады.







Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз, Жаттығамыз бәріміз. Оңға, солға бұрылып, Бiр айналып шығамыз. Бiр, екi, үш, төрт, бес, Қолды қолға ұрамыз.

Сергіту сәті қимылмен жасалады.







Дәптердегі №1 тапсырма.

Дәптермен жұмыс.







4-тапсырма. Жазайық.
«Солай ма?» әдісі арқылы жауап берген оқушыны тексереді. Үлгі:

  1. Біз «Денешынықтыру» сабағында ойнаймыз, жүгіреміз.

  2. Біз «Көркем еңбек» сабағында ... .

  3. Біз «Дүниетану» сабағында ... .

  4. Біз «Математика» сабағында ... .

  5. Біз «Қазақ тілі» сабағында ... .

Сөйлемді толықтырып жазады. «Солай ма?» деп жұбын тексереді.


Дескриптор:

  • мәтінді түсініп оқиды;

  • досына өзінің сүйікті пәні туралы айтып береді;

  • сөйлемді толықтырып жазады.

мақтау, мадақтау




Сабақтың соңы (5 мин)

Кері байланыс. «Баға ағашы».

Қызыл түс – түсінбедім.
Жасыл түс – толық түсіндім. Сары түс – жартылай түсіндім.




түсті қағаздар




Бөлім

МЕНІҢ МЕКТЕБІМ

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

10-сабақ. Сен не үйрендің?

Оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.1.1 өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөздерді және сөз тіркестерін қолдану;
2.4.2.1 оқыған/ аудио/бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сұраққа жауап (сөйлем) жазу;
2.4.3.1 мұғалімнің қолдауымен сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар жасай алады: мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап жазады, тыныс белгілерін орынды қолданады.
Оқушылардың көбі жасай алады: ақпаратты сұрау үшін сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлемдер құрайды.
Оқушылардың кейбірі жасай алады: хат жазуда тыныс белгілерін орынды қолданады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (5 мин)

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Қуан, шаттан, алақай, Қуанатын күн келді. Күліп шықты Күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн!

Оқушылар амандасып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.

ҚБ: мадақтау

өлең

Сабақтың ортасы (35 мин)

1-тапсырма. Тыңдайық.
Кітап оқу да, Кесте тоқу да, Жеміс теру де, Көмек беру де –
Барлығы да жұмыс, Есте ұстаған дұрыс.


Дәптердегі №1 тапсырма. 2-тапсырма. Оқиық.
Сұраққа жауап бер.

Өлең не туралы екенін түсіндіреді.
«Сиқырлы банк» әдісі.
«Оқу, тоқу, теру, беру» сөздерінің мағынасын ашады, сөйлемдер құрайды.


Дәптермен жұмыс. Мәтінмен жұмыс.

ҚБ: өзін-өзі бағалау

ҚБ: бірін-бірі бағалау

сюжетті сурет







Сөмкеде нелер болады?


Қаламмен не жазуға болады? Сурет салу үшін не керек?
Суретті немен өшіреді?
Қарындашты немен ұштайды?


3-тапсырма. Айтайық.
Суреттерге қара. Оқу құралдары атауларын қатыстырып, сөйлемдер құрап айт.


Дәптердегі №2 тапсырма. 4-тапсырма. Жазайық.
Хатты толықтырып жаз.

Бөлімде өтілген тақырыптарға (мектеп, сынып, еңбек) шолу жасап,


қорытындылайды.

Дескриптор:

  • өлеңді мұқият тыңдайды;

  • сөздердің мағынасын түсіндіреді;

  • мәтінді оқиды;

  • сұраққа жауап береді.

«Суреттер сөйлейді» әдісі оқу құралдарын қатыстырып, сөйлем құрап айтады.

Сергіту сәтін хормен қайталап, жаттығуды жасайды.




Сергіту сәті.
Ендi бiз демаламыз, Айналаны шоламыз. Қол-аяқты кезекпен, Оңға-солға созамыз. Күн шыққанда сүйiнiп, Бәйшешектей иiлiп, Бiз тынығып аламыз. Жиi-жиi жаттығып, Үлкен азамат боламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет