ҚБ: Мадақтау арқылы бағалау жүргізіледі.
Сөздікпен жұмыс. «Конверттегі сұрақ» әдісі
1. Жеміт көз – қанағатсыз, тойымсыз
2. Араны ашылды – тойымсыз, ашқарақ, қанағат тұтпау, құнығу
3. Даңғой – елірме, есер, желікбас
4. Долы – ыза кернеген, булықпа, ызақор
5. Кәпір – мұсылман дінінен басқа діндегілер, құдайсыз, дінсіз
6. Хакім - ғалым
7. Данышпан - оқымысты
8. Ғибрат - үлгі
9. Араны тоймау - көз тоймау
1-топ: СКТ жүргіздіреді.
1. Авторы – Абай Құнанбаев
2. Тақырыбы – Ақын Ескендір туралы аңызды өмір шындығына жақындатып толғаған
3. Жанр түрі – поэма (дастан)
4. Негізгі идеясы – ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті, мансапқорлықты әшкерелеу.
5. Шумақ саны – 42
6. Тармақ саны – 168
7. Буын саны – 3 бунақты
8. Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы (ааба)
9. Шығарманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні - жауыздыққа жетелейтін күншілдік, тойымсыздық, мансапқорлықтан аулақ болу, қанағатшыл, иманды, қанағатшыл болуға үндеу. Осындай жаман әдеттерден сақ болу.
2-топ: Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасатады. Шығарманың композициялық құрылысы:
1. Оқиғаның басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы.
2. Оқиғаның байланысуы. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім - талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі.
3. Оқиғаның шиеленісуі. Алтын қорған. «Бұл – Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый.
4. Оқиғаның шарықтау шегі. Алғаш сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек.
5.Оқиғаның шешімі. Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.
Дескриптор:
Оқушылар мұғаліммен диалогқа түсіп, берілген сұрақтарды ой елегінен өткізіп, өздерінің сыни пікірлерін айтады.
ҚБ: Мадақтау арқылы бағалау жүргізіледі.
Поэма кейіпкерлері (Ескендір мен Аристотель) салыстырмалы мінездеме беру (Венн диаграммасы) Абай дастанында әділдік, данышпандық, жауыздықтар сөз болады. Бірақ мұндағы әділ, данышпан, философ- Аристотель. Дастанда екі образ бар. Бірі - Ескендір, екіншісі - Аристотель. Көлемінің шағындығына қарамастан, дастанның идеясына сәйкес, екеуі де көркем жасалған образдар. Абай Аристотель есімін құрметпен айтады, «ақылы мол», «жеке - дара», «хакім адам» деп бағалайды.
Ал Ескендір болса, дәріптелмей, сыналады. «Мақтан сүйгіш, қызғаншақ, қанішер, тойымсыз, қаһарлы, өзімшіл, тоқтау көрмей өскен жан, даңғой, долы, кекшіл, есер» деп суреттеледі.
|
Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту және өз пікірлерін ортаға салады. бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап , өз ой-пікірлерімен санаса білу
Топпен жұмыс жасау
|