Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет25/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

2. Біріккен сөздер
Қазіргі кезде тілімізде біріккен сөздер ұзақ замандар бойы өте жиі қолданудың нәтижесінде синтаксистік жай тіркестердің белгілі үлгілерінен тауып, бірте-бірте қалыптасқан. Мәселен, сөйтіп (солай етіп), ағайын (аға іні), шекара т.б. Қазіргі біріккен сөздер екі немесе одан артық дара сөздердің бірімен бірігіп, бір тұтас лексикалық единица (тұлға) ретінде қалыптасуларынан пайда болған. Мысалы. Түлкібас, Қайнарбұлақ, Екібастұз, қарлығаш (қара ала құс), Сарытауқұм, Кеңсайқұдық, Таскөмірсай т.б.
Біріккен сөздер құрамына енген компоненттердің (сыңарларының) арақатынастарын, ішкі мазмұндарымен тұрпаттары екі топқа бөлінеді.
1). Кіріккен сөздер. Бұлардың құрамындағы сыңарларының бұрынғы түр-тұрпаты сақталмайды. Сондықтан олардың қандай сөздерден құралғандарын ажырату қиынға соғады. Бүгін, биыл, әкел, апар, сөйтіп, сексен (сегіз он), тоқсан (тоғыз он), ышқыр, сәпесі, өткені, ендігәрі, әйтпеген, әжептеуір, ағайын, білезік, бүрсүгіні, былтыр, түрегел, есіауыс, белбеу, белуар, көкпар, қолғанат секілді сөздер кіріккен сөздерге жатады. Сонымен кіріккен сөздер деп компоненттерінің я біреуі, я екеуі бірдей алғашқы мағыналарынан айрылып, дыбыстық жағынан өзгеріске ұшырап бір-бірімен әрі үндесіп, әрі ықшамдалынып, бірігіп, бір тұтас тұлға ретінде қалыптасқан күрделі сөздерді айтамыз.
2). Біріккен сөздер. Біріккен сөздердің кейбіреулерінің компоненттері бастапқы формаларында түгел сақтайды. Қаламсап, Орынбор, аққу, ақбұлақ, шекара, ақсақал, еңбеккүн, тасбақа, өнеркәсіп, кәсіподақ, демалыс, асқазан, жарымес, әлдекім тәрізді күрделі сөздер осы топқа жатады. Сөйтіп біріккен сөздер деп компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да өзгерістерге ұшырамай өзара бірігіп, жинақталған біртұтас лексика-семантикалық мағына білдіретін күрделі сөздерді айтамыз.

3. Қос сөздер
Екі сөз қосарланып (я бір сөз қайталанып) бір лексикалық мағынада айтылған күрделі сөздерді (сөз жалғасын) қос сөздер дейміз. Мысалы: ата-ана, жора-жолдас т.б. Ауызекі сөзде жиі қолданылады. Тіліміздегі қос сөздер морфонологиялық тұлғасы менқұрылымы жағынан қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер деген екі салаға бөлінеді.
1. Қайталама қос сөздер сыртқы фонетика морфологиялық өзгешеліктеріне қарай мынадай топқа бөлінеді.
1). Қайталамасыз сөздердің қайталануы арқылы жасалатын қос сөздер: әрең-әрең, аласа-аласа, қора-қора, үйір-үйір, биік-биік, тілім-тілім.
2). Қосымшалы сөздің қайиалануы арқылы жасалатын қос сөздер: жер-жерде, көре-көре, айта-айта, үйді-үйге, үйдей-үйдей.
3). Қайталанатын сыңарларының бір дыбысы өзгеріп барып жасалатын қос сөздер: кісі-місі.
4). Түбірдің алдына үстеме буын қосақталып жасалатын қос сөздер: күн-күрең, түп-түзу, қап-қара, ап-анық, сұп-сұр, кеп-кең т.б.
Қайталама қос сөздер тіліміздегі сөз таптарының бәрінен де жасалады, қайталанатын сөз қай сөз табына қарасты болады. Қора-қора, ұя-ұя (зат есім), бес-бес, екі-екі (сан есім), биік-биік, әдемі-әдемі (сын есім), сарт-сұрт, сатыр-сұтыр (еліктеуіш), сөйлей-сөйлей, көре-көре (етістік) т.б.
1. Қайталану арқылы жасалатын жаңа форма жинақтау, топшылау, ыңғайластыру, даралау, күшейту, бөлу, саралау, толықтыру, қайталау сықылды әртүрлі мағыналық ерекшеліктерді білдіретін қайталама қос сөздердің әр тобына жататын формадан түсінілетін семантика, грамматикалық және стилистикалық ерекшеліктер сол нұсқаның (форманың) нақтылы мазмұны болып есептеледі.
1. Қосарлама қос сөздер лексикалық мағыналары басқа-басқа, бірақ семантикалық жағынан ыңғайлас, антонимдес (қайшы мәндес), синонимдес (мәндес) морфологиялық жағынан екі сөзден қосарланып жасалады. Аға-іні, ата-ана, туған-туысқан, ыдыс-аяқ, сауыт-сайман, көрпе-жастық, үлкен-кіші, алыс-жақын, жақсы-жаман, бес-алты, отыз-қырық т.б. дербестігі жағынан үнемі терең тең бола бермейді.
Құрамындағы жеке-жеке компоненттерінің семантикалық өзгешеліктеріне қарай қосарлама қос сөздер екі компоненті де мағыналы қосарлама қос сөздер және я бір, екі компоненті бірдей мағынасыз қосарлама қос сөздер деген екі салаға бөлінеді. Екі сыңары да мағыналы қосарлама қос сөздер компоненттерінің лексикалық мағынасына қарай 3 түрлі болады.
а) антонимдер сыңарынан жасалатын қосарлама сөздер: ащы-тұщы, ұзынды-қысқалы, ақ-қара, жарық-қараңғы т.б.
ә) синонимдер сыңарлардан жасалатын қосарлама сөздер: күш-қайрат, ойын-сауық, күш-көмек, ат-жөн, кескін-кейіп, тәлім-тәрбие, бұтақ-тармақ;
б) сыбайлас корриятив сыңарлардан жасалатын қосарлама сөздер: сақал-мұрт, өкпе-бауыр, аяқ-қол, ағайын-туған, етек-жең, қазан-ошақ т.б. Компоненттері мағынасыз қосарлама сөздер екі топқа жіктеледі: а) бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз сыңарлардан жасалған қосарлама сөздер: дені-қары, жүн-жұқа, ауру-сырқау, киім-кешек, әуре-сарсаң, дәрі-дәрмек, көл-көсір т.б. ә) екі сыңары да мағынасыз компоненттерден жасалатын қосарлама сөздер: алба-жұба, дел-сал, азан-қазан, әңкі-тәңкі, быт-шыт т.б.Қазіргі кезде мағынасы түсініксіз қосарлама сөздердің сыңарлары ерте замандарда өзіне тән мағынасы бар дербес сөздер болған. Ондай түсініксіз кейбір түркі сөздерінде бар. Ондай түсініксіз сыңарлар кейбір түркі тілдерінде (жылап-сықтап) еңіреу- алтай, монғол, бурят, қалмақ тілдерінде некен-саяқ дербес сөз ретінде кездеседі. Ығы-жығы (жығы түркімен тілінде).
Компоненттерінің морфологиялық құрамына (тұлға-тұрпатына қарай қосарлама сөздерді үш сала топқа бөлуге болады: а) негізгі түбірден құралған қосарлама сөздер: тау-тас, өң-түс, бет-жүз, із-төз, жөн-жоба, жүн-жұрқа, мал-мүлік, ой-пікір, отын-су т.б. ә) біріңғай туынды формадан туған қосарлама сөздер: хабаршы-жаршы, ерлі-зайыпты, ұрыс-керіс, алым-салық, жуынды-шайынды; б) түбір форма мен туынды формадан құралып жасалған қосарлама сөздер: өмір-тіршілік, артық-кем, күндіз-түні, тамыр-таныс т.б. басқаларына қарағанда бұлар тілімізде сан жағынан аз болғандықтан сирек кездеседі.
Барлық қос сөздерді оның ішінде қосарлама қос сөздер, тілімізде мезгіл грамматикалық сөз таптарына қатысты болады. Олардың тиісті сөз таптарына осылайша қажетті болу себебі тіліміздегі сөз таптарының қосарланатын сөздердің қажетті компоненттері есебінде қолдануларымен байланысты. Мысалы, гүл-шешек, қатын –бала, зат есімдерден құралғанда осыған сәйкес түгелдей күрделі зат есімдерден тату-тәтті, ащы-тұщы дегендер сын есімдер, төрт-бес, он-онбес- сан есімдер, одан-бұдан, ондай-мұндай есімдіктер, жоғары-төмен, ерте-кеш үстеулер, бұрқ-сарқ, абыр-сабыр еліктеуіш сөздер, көс-көс, сорап-сорап, ой-ой одағайлар т.б. қосарлама қос сөздердің семантикасы (мағынасы) құрамындағы компонентінің де мағыналары бірдей енетіндіктен сол екі компонент мағыналарының жиынтығы іспетті болады да жалпылау, топшылау, болжау, шамалау секілді ұғымды білдіреді. Мысалы: зәре-құт (үрей, жинақтау), төрт-бес кісі (шамалай) т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет