5.Бақылау сұрақтары:
1.Диалект, кәсіби, термин, көнерген сөздер.
2. Неологизмдер, олардың жасалу жолдары.
3.Қазақ тілі лексикографиясы. Лингвистикалық сөздіктер
6.Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: «Диалект, кәсіби, термин, көнерген сөздер»деген тақырыптарға презентация, дайындау, глоссарий жазу.
7. Әдебиеттер мен WEB сайттар тiзiмi
1.Қазақ грамматикасы Астана 2002..
2.Хасенов Ә.. Тiл бiлiмi, А.,1996ж.
№9-практикалық сабақ.
1.Негізгі грамматикалық ұғымдар. Қазақ тілі грамматикалық құрылысының өзіндік сипаттары. №7.132-133, 135,136,141,142,143 жаттығулар
2.Күрделі сөз және оның түрлері. №7.170,173,175 - жаттығулар.
1.Негізгі грамматикалық ұғымдар
Қазақ тілі грамматикалық құрылысының өзіндік сипаттары
Тілдің грамматикалық құрылысы тілдің негізгі, оның айрықша мәні болып табылады. Ол- тілдің негізгі сөздік қорынан да баяу өзгерістін категория. Тілдің грамматикалық құрылысын талдауда, оның негізгі мәселелерін анықтауда тірек ететін, нысаны тұтатын негізгі грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тәсіл және грамматикалық категориялар туралы ұғымдар енеді. Аталған ұғымды ажыратпайынша тілдің грамматикалық құрылысының сыр-сипатын түсіну,де, анықтау да қиын болады. Тілдегі сөздердің грамматикалық мағыналары мен грамматикалық формаларының негізгі грамматикалық амал-тәсілдердің бірлігінен, солардың жинағынан тілдің грамматикалық құрылысы туады. Мұның жүйе-жүйесін, заңдарын білу үшін аталған грамматикалық ұғымдардың мағыналары мен қызметтерін білу қажет болады.Тілдегі әр сөздің нақтылы лексикалық мағына мен бірнеше грамматикалық мағына ұштасып келеді. Мысалы: Жер жырттық, егін салдық, қайнады еңбек (Жамбыл) деген сөйлемдегі жырттық, салдық сөздерінің лексикалық мағыналарынан бар: 1) Әрекет-қимылдың өткен мезгілін білдіреді; 2) Іс-әрекеттің бір емес бірнеше субъект арқылы істелгенін білдіреді (көптік мағына); 3) Іс-әрекеттің бір жаққа қатыс екенін білдіреді. (жақтық мағына). Белгілі бір грамматикалық мағына белгілі 1 лексика-грамматикалық бірдей, ортақ, бәріне бірдей тән басып келеді. Жоғарыда аталған жалпы грамматикалық мағыналар тек жырттық, салдық деген екі етістікке ғана тән емес, сол мағынада, сол тұлғада жұмсалатын етістіктердің барлығына да ортақ болады.
Мәселен, сол бір мағыналар оқыдық, тыңдадық, жаздық, бардық, айттық деген сөздер де бар.
Грамматикалық мағынаның мәні, орны және өзгешеліктері неғұрлым кеңірек анықталса, соғұрлым тілдің грамматикалық құрылысының сыр-сипаттары да молырақ ашылады. Сонымен сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, оны айқындай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматикалық мағына дейміз. Әрбір сөз сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түскенде, белгілі бір формада қолданылады. Осындай жағдайда ол сөз өзінің нақтылы лексикалық мағынасынан білдіре алады. Бірақ грамматикалық мағынаәр тілдің грамматикалық құрылысына сәйкес жүйе-жүйе болып қалыптасқан амал-тәсілдер арқылы беріледі. Әрбір тілде жүйе болып қалыптасқан амал-тәсілдері грамматикалық формалар деп аталады.
Жалпы грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық амал-тәсілдер грамматикалық формалар деп аталады. Сөйтіп грамматикалық формалар туралы ұғым грамматикалық мағына және грамматикалық тәсіл туралы ұғымдар мен тығыз байланысты. Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық формамен айтылады. Бұл грамматикалық (форма) тәсіл грамматикалық мағынаны грамматикалық біркелкі: әні қандай?! Деген сөйлем дауыс ырғағына қарай бірде сұраулы, бірде лепті сөйлем бола алады.
Интонация сөйлемнің түрлерін бір-бірінен ажыратумен бірге сөз тіркесі мен сөйлемнің жігін ажырататын грамматикалық тәсіл ретінде де қызмет атқарады. Мәселен, ол студент, мынау аудитория секілдіатрибутивті сөз тіркестиері мен, Ол- студент, мынау- аудитория тәрізді сөйлемдер интонация арқылы ажыратылады.
Қазақ тіліндегі грамматикалық қатынас- сөз түрлендіруші формалар мен көмекші сөздер арқылы (әсіресе көмекші етістіктер арқылы) беріледі де, сөздердің орын тәртібі бірен-саран жағдайда ғана грамматикалық қатынасты білдіре алады.
Жоғарыда аталған грамматикалық тәсілдерден басқа ішкі флексия, екпін тәсілдері бар. Түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық мағыналарды білдіру тәсілі ішкі флексия деп аталады. Мысалы: неміс тілінде Миттер- шеше (жекеше) Mutter- шешелер (көптік мағына). Орыс тілінде етістіктің видтік мағынасы да кейде ішкі флексия көбінесе неміс, ағылшын, орыс, араб тілдерінде кездеседі. Бұл грамматикалық тәсіл ретінде түркі тілдеріне тән емес.
Екпін тиянақсыз тілдерде сөздердің формаларын, осыған орай сөздің грамматикалық мағыналарын ажырататын тәсіл ретінде қызмет атқарады. Орыс тіліндегі руки, ноги (жекеше, ілік септік) сөздерінің формалары (бұлардың екпіні соңғы буында) руки, ноги түрінде айтылатын атау септігі көпше формасынан (бұлардың екпіні алғашқы буынды) екпіннің әр басқа буынға түсуі арқылы ажыратылады.
Екпін тиянақты түркі тілдері мен француз тілінде екпіннің сөздерінің лексикалық мағыналарын да, грамматикалық мағыналарын да ажыратуға қатысы болмайды. Тіліміздің жалпы грамматикалық жүйесінде аталған тәсілдердің кейбіреулері жиі, кейбіреулері сирек қолданылады.
Грамматикалық тәсілдер грамматикалық мағыналарды сөз ішінде және сөз сыртында білдіру ыңғайына қарай синтетикалық тәсіл және аналитикалық тәсіл болып топталады. Синтетикалық тәсілдің қатарына аффиксация (сөздерге қосымшалар қосылу тәсілі) ішкі флекция, екпіні тәсілдері енеді де, аналитикалық тәсілдің қатарына көмекші сөздердің дербес сөздермен тіркесу тәсілі сөздердің орын тәртібі және интонация тәсілдері енеді. Бұл 2 тәсіл туралы ұғымдардың әр түрлі тілдердің грамматикалық құрылысының табиғатын айқындауды және танып білуде үлкен мәні бар.
Достарыңызбен бөлісу: |