Ү Бекіту кезеңі: біз бүгін айналадағы дүниемен таныстық.Табиғаттың екіге бөлінетініне көз жеткіздік. Табиғаттағы заттар, табиғат құбылыстары адам қолымен жасалатынын білдік.
ҮІ. Үйге тапсырма: Бүгінгі тақырыпқа сай сурет салып келу
Пәні: Сауат ашу
Күні: 07.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Күн режимі. Менің бос уақытым. Сен велосипедшісің.
Сабақтың мақсаты: Күн режимі. Тамақтану мерзімі туралы түсінік беру. Салауаттыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиетті бойына сіңіру. Сана сезімін ояту,ой-өрісін дамыту. Қосымша бағдарлама бойынша жолда жүру ережесінің тақырыбы бойынша велосипедпен жолда қалай жүру керек екенін кеңінен түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулықтар мен әдістемелік құралдар
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
ІІ .Өткенді еске түсіру.
Уақыт, мезгіл туралы.
-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
- Оларды атап беріндерші?
- Әр жыл мезгілінде неше ай бар?
ІІІ .Жаңа сабақ:
Тақырыпты және мақсатын хабарлау.
Күн режимі. Менің бос уақытым. Сен велосипедшісің.
Мақсаты :Күн режимі. Тамақтану мерзімі туралы түсінік беру. Салауаттыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиетті бойына сіңіру. Сана сезімін ояту,ой-өрісін дамыту. Қосымша бағдарлама бойынша жолда жүру ережесінің тақырыбы бойынша велосипедпен жолда қалай жүру керек екенін кеңінен түсіндіру.
а) 12-беттегі сурет бойынша әңгіме.
ә) 13 бет. Қыз баланың бір күнгі іс-әрекеті туралы айтып беремін.
б) Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды атату.
Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды дұрыс пайдалануға үйрету.Таза ауаның денсаулыққа пайдасы туралы түсінік беру.в) Оқушыларды мектеп асханасымен таныстыру. Дастархан басында өзін-өзі ұстау. Мәдениетті, тазалықты сақтау.Тағамдардың құндылығы .оны талғаммен пайдалану туралы түсінік беремін.
Сергіту сәті.
Бір, екі үш Бір,екі үш
Бұлшық етте күш.
Мен ұшамын кептерше
Еңкейемін жерге қолым жеткенше.
д) Әдептілік және әдемілік кітапшасынан «Дастархан басында»әңгімесін оқып беру.
е) Дәптермен жұмыс: Қоңырау, алмұрт, алма сөзіне сөйлем құрату. Сыртын қоршап сызу.
Сабақты қорытындылау:
Біз бүгін сендермен нені білдік?
Бүгінгі сабағымыз сендерге ұнадыма?
Пәні: Сауат ашу
Күні: 08.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Көшеде жүру ережесі. Көліктер. Буын. Автобуста, траллейбуста жүру.
Сабақтың мақсаты: Көшеде жүру тәртібі, жолда жүру, қөлік аттарымен
таныстыру. Адамгаршілік тәрбие беру. Қоғамдық көлікте өзін-өзі ұстай білуге үйрету. Қосымша бағдарлама бойынша жолда жүру ережесінің тақырыбы бойынша автобуста, траллейбуста қалай жүру керек екенін кеңінен түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, оқулық пен әдістемелік құралдар.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу.
Зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз
Жаңа білім алуға
Алға қадам жасаймыз
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:
-Бос уақытты қалай өткіземіз? (әңгімелеу)
- Сенің күн режіміің туралы айтып берші?
-Жарайсыңдар балалар, сендер күндеріңді босқа өтпеуі үшін күнделікті күн реімін ұстап отырыу керек, сонда сендер ақылды, тәртіпті бала боласыңдар.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Көшеде жүру ережесі. Көліктер. Буын. Автобуста, траллейбуста жүру.
Мақсаты: Көшеде жүру тәртібі, жолда жүру, қөлік аттарымен таныстыру. Адамгаршілік тәрбие беру. Қоғамдық көлікте өзін-өзі ұстай білуге үйрету. Қосымша бағдарлама бойынша жолда жүру ережесінің тақырыбы бойынша автобуста, траллейбуста қалай жүру керек екенін кеңінен түсіндіру.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Үйден мектепке келу жолын әңгімелеп, қанша жол қиылысынан өтетінін айту.
ә) Бағдаршаммен таныстыру.
-Балалар бағдаршамда неше түс болатынын білесіңдерме?
-3
-Жарайсыңдар, ол түстер қызыл, сары, жасыл. Қызыл түс жанса көліктер тоқтап, адамдарға жол береді. Ал сары түс жанса Көліктер жүруге дайындалады, енді соңғы түсі жасыл жанғанда көліктер жүріп адамдар тоқтап келесі қызыл түс жанғанша күтіп тұрады. Ол жасыл жанып тұрғанда жолды кесіп өтсе көлік қағып кетуі мүмкін. Сол себепті балалар жолда жүргенде бағдаршамға қарап жүру керек екен.
б) Көшеден өткенде арнайы жолақшамен сызылған жерінен өту керектігін айту.
в) Жер асты жолы метромен таныстыру.
Сергіту сәті
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
г) Сөздерді буынға бөлу.
Ме-тро сөзін буынға бөлу. Ме-2 дыбыс бар. М+е тро-3 дыбыс бар т+р+о
Дауысты дыбыстар: е,о.Дауыссыз дыбыстар:м,т,р.
Сөзде неше дауысты дыбыс болса., сонша буын болады.Ва-гон (талдау)
д) Көліктермен таныстыру.
1 Ұшақ, тікұшақ- әуе жолы көлігі.2 Кеме, қайық су көліктері. 3 Машина, автобус, трамвай, троллейбус жеңіл машиналар жерде жүретін көліктер.
Ү. Жаңа білімді бекіту:
-Бағдаршамның неше көзі бар?
-Қызыл көзі нені білдіреді?
-Сары және жасыл көзі нені білдіреді?
-Бағдаршам не үшін керек бізге?
ҮІ Сабақты қорытындылау:
Міне,балалар біз сендермен жол ережесімен таныстық.
Пәні: Сауат ашу
Күні: 09.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Жабайы жануарлар. Аңдар. Буын
Сабақтың мақсаты: Аңдар туралы түсінік беру. Экологиялық тәрбие беру. Олардың пайдасы мекен орнымен таныстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, оқулық пен әдістемелік құралдар.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу
Зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз
Жаңа білім алуға
Алға қадам жасаймыз
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:
-Бағдаршам дегеніміз не?
-Көше тәртібі туралы не білесің?
-Әуе жолы көліктерін ата.
-Жолда жүретін көліктерді ата.
-Су жолы көліктерін ата.
ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жабайы жануарлар. Аңдар. Буын
Мақсаты: Аңдар туралы түсінік беру. Экологиялық тәрбие беру. Олардың пайдасы мекен орнымен таныстыру.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Жануарлар туралы түсінік беру.
-Балалар сендер қандай жануарларды білесіңдер?
-Жарайсыңдар балалар.
ә) Жануарлар екіге бөлінеді.
-Балалар жануарлар негізінен екіге бөлінеді екен жабайы жануарлар және үй жануарлары. Жабайы жануарлар олар тек орманда ғана жүреді. Ал үй жануарларын біздер өсіріп бағамыз екен. Атап өтсек қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы.
1. Үй жануарлары. 2. Жабайы жануарлар.
ә) Жабайы жануарларды көрнекілік көмегімен атау.
б) Аң: жираф,арыстан , жолбарыс, сөзін бынға бөлу.
Ү. Жаңа білімді бекіту:
-Жабайы жануарлар туралы не білесіңдер?
-Үй жануарлары неге үй жануарлары деп аталады?
в) Бір-бір жануарларды ата, сол сөзді буынға бөл.А-рыс-тан, түл-кі, қас-қыр, жол-ба-рыс
г) Бұл сөздерде неше дауысты дыбыс бар?
Сергіту сәті
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.Сергіту сәтін өткізу.
д) Дәптермен жұмыс
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
Бүгін біз сендермен жабайы жануарлар туралы білдік
Пәні: Сауат ашу
Күні: 10.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Құстар. Дыбыс
Сабақтың мақсаты: Құстар туралы түсінік беру. Экологиялық тәрбие беру. Олардың пайдасы мекен орнымен таныстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, оқулық және әдістемелік құрал
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І .Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу
Зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз
Жаңа білім алуға
Алға қадам жасаймыз
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:
-Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?
-Жабайы жануарларды атаңдар?
-Үй құстары деп қандай құстарды айтамыз? Атаңдар.
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Құстар. Дыбыс. Мақсаты: құстар туралы түсінік беру. Экологиялық тәрбие беру. Олардың пайдасы мекен орнымен таныстыру.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Құстар туралы түсінік беру.
ә) Құстар екіге бөлінеді:
1. Үй құстары. 2. Жабайы құстар.
б) Үй құстарын көрнекілік көмегімен атау.
Сергіту сәті
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
д) Дәптермен жұмыс
Жұмбақ шешу.
1. Көлдің көркі,сәні екен
Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны мақтаған
Адамдар қорғап сақтаған
Бұл қандай құс?
2. Тоқ-тоқ етіп
Ағашты ояды.
3. Ондағы құрттарды
Тауысып қояды.
Жер көкті кезіп
Тамағын табады.
Үйіме үйін
Балшықтан салады. Шешуін тауып көр балақай
Ү. Жаңа білімді бекіту:
-Қандай үй құстарын білесіңдер?
-Қандай құстар жабайы құстар деп аталады?
б) Үй құстарына дыбыстық талдау жасау: Мына сөздерде қанша дыбыс бар?
Қаз,әтеш,тауық,үйрек, балапан,үндік.
в) Бір құсты ата, сол сөзді буынға бөл.
Сөзде неше дауысты дыбыс болса., сонша буын болады.Сергіту сәтін өткізу.
ҮІ .Сабақты қорытындылау:
Бүгін біз сендермен құстар,үй құстары туралы білдік.
Пәні: Сауат ашу
Күні: 10.09.2015
Тақырыбы: Үй құстары. Дыбыс
Мақсаты: Қанатты жануарлар- құстардың табиғаттағы тіршілігі туралы соның ішінде жабайы құстар мен үй құстары туралы, олардың тіршілігі, дене бітімі, дамып-өсуі туралы түсінік беру. Құстар әлемі туралы құстарға қатысты халық болжамдары, құстардың емдік қасиеттері, үй құстарының пайдасы туралы айта отырып, тілін, ой-қиялын, ұштау, дүниетанымын қалыптастыру, құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру, өз ойларын ашық айтуға, еркін сөйлеуге дағдыландыру. Табиғаттың жаршысы- құстарды қорғауға, олар туралы білімдерін кеңейтуге, үй құстарын асырай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Оқулық және әдістемелік құралдар, «Құстар әлемі» суреттері
Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, баяндау, проблемалық, модульдық, «Ойға шабуыл»,топтастыру,тб.
Түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың жүру барысы:
1.Ұйымдастыру .
Балаларды түгелдеу, сабаққа назаруын аудару
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз
Жаңа білім алуға
Алға қадам жасаймыз
II. Өткенді еске түсіру
Сұрақтары:
1.Жануарлар дегеніміз не?
2.Жабайы аңдар дегеніміз не?
3. Жабайы аңдарды ата?
4.Үй жануарлары дегеніміз не?
5.Үй жануарларына нелер жатады?
6.Неге жануарлар деп атаймыз?
7.Жабайы аңдардың қандай пайдасы бар?
III.Жаңа сабаққа әзірлік.
«Ойға шабуыл» Суретті жұмбақтар шешу
Өзі сақ,өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды
Құйрығы ұзын,өзі ала
Бұл қандай құс? (Сауысқан)
Көлдің көркі,сәні екен
Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны мақтаған
Адамдар қорғап сақтаған
Бұл қандай құс? (Аққу)
Тоқ-тоқ етіп
Ағашты ояды.
Ондағы құрттарды
Тауысып қояды. (Тоқылдақ)
Жер көкті кезіп
Тамағын табады.
Үйіме үйін
Балшықтан салады. (Қарлығаш)
-Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)
Жаңа сабақ.
Жануарлар әлеміне не жатады?
Ж а н у а р л а р
Құстар-қанатты жануарлар деп аталады.Олар өз беттерінше өмір сүреді.Дамиды,көбейеді.
Құстардың түрлері өте көп.Олардың көбі пайдалы.Мысалы: егістікке зиян келтіретін насекомдармен қоректенеді.Оларды еті үшін аулайды
Ж а б а й ы қ ұ с т а р
Ү й қ ұ с т а р ы
Құстар туралы қосымша түсінікті саз пәнінің мұғалімі жүргізеді.
(Пән аралық байланыс )
IV.Сергіту сәті
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
V.Оқулықпен жұмыс
а Суретпен жұмыс
VI. Жаңа сабақты бекіту
· Құстардың ұясын бұзба, балапандарына тиіспе.
· Құстарды атуға болмайды.
VII. Қорытынды. Ойын : «Бұл қай құс?»
Пәні: Сауат ашу
Күні: 11.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Төрт-түлік. Дауысты дыбыс
Сабақтың мақсаты: Үй жануарларын таныстыра отырып, түсіндіру. Еңбек етуге баулу. Малдың қасиеттері, пайдасы, оларды күту,туралы түсініктерін кеңейте түсу. Үй жануарларын танып білу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, оқулық және әдістемелік құралдар.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І .Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу
Зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз
Жаңа білім алуға
Алға қадам жасаймыз
ІІ.Өткен сабақты еске түсіру:
-Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?
-Жабайы жануарларды атаңдар?
- Үй жануарлары деп қандай жануарларды айтамыз? Атаңдар.
-Үй құстарын ата.
ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Үй жануарларын таныстыра отырып, түсіндіру. Еңбек етуге баулу. Малдың қасиеттері, пайдасы, оларды күту,туралы түсініктерін кеңейте түсу. Үй жануарларын танып білу.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Үй жануарлары туралы түсінік беру.
ә) Үй жануарларының атын атап, дауысты дыбыстарды анықтау.
Сергіту сәті.
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Ү. Жаңа білімді бекіту:
-Үй жануарларының пайдасы.
-Үй жануарлары деп аталу себебі не?
б) Дыбыстық талдау жасау:
Мына сөздерде қанша дыбыс бар? Жылқы, Түйе. Сиыр.Қой. Ешкі.
д) Дәптермен жұмыс
ҮІ .Сабақты қорытындылау:
Бүгін біз сендермен құстар,үй құстары туралы білдік.
Дидактикалық ойын: «Таптым, таптым.»М...с...қ, ...т. б...т... , қ...з... , қ...л...н, л..қ, б...з...у.
Пәні: Сауат ашу
Күні: 12.09.2015
Сабақтың тақырыбы:Көкөністер.Жеміс-жидектер. Дауыссыз дыбыстар
Сабақтың мақсаты: Көкөніс,жеміс-жидектермен таныстыра отырып, қайда өсетіндігі, пайдасы туралы түсіндіру. Тазалыққа үйрету , салауаттылыққа баулу. Дәрумендер осы жемісте екенін жете білу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны.
І .Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу
Зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз
Жаңа білім алуға
Алға қадам жасаймыз
ІІ .Өткен сабақты еске түсіру:
-Үй жануарларының қандай түрлерін білесіңдер
- Малдың пірі не?
-Үй жануарларының пайдасы қандай?
ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Көкөніс,жеміс-жидектермен таныстыра отырып, қайда өсетіндігі, пайдасы туралы түсіндіру. Тазалыққа үйрету , салауаттылыққа баулу. Дәрумендер осы жемісте екенін жете білу.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Көкөніс, жеміс-жидек туралы түсінік беру.
ә) Жемістер туралы оқушылардың білетінін анықтау.-Жемістер қайда өседі?-Сендер жемістерді білесіңдер ме?
б)Алма, алмұрт, шие, жүзім, қарақат,алхоры т.б.
Ү. Жаңа білімді бекіту:
-Балалар, қане кім әңгімелеп береді?
-Сендердің бақта қандай жемістер өседі?
-Жемістерді қысқа қалай сақтайды?
Сергіту сәті.
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
-Одан біз қандай пайдалы жағын қажетімізге жаратамыз?
-Көкөністер қайда өседі?
-Көкөністерді ата?
д) Дәптермен жұмыс
№1 Жазу дәптерлеріндегі тапсырмаларды үстінен бастырып үйренеді.
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
Бүгін біз сендермен көкөністер, жеміс-жидектер туралы білдік? Дидактикалық ойын: «Таптым, таптым.» ..лм..., ...р...к,
Пәні: Математика
Күні: 08.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Заттардың екі тобын салыстыру
Сабақтың мақсаты: Заттар топтарын әр түрлі тәсілмен салыстыру.Ұқыптылыққа баулу. Сәйкес нәтижені білдіретін сөздерді енгізу мән- мағынасын түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Оқыту әдісі: Түсіндіру. Сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру:
Оқушыларды түгендеу.
Зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Ойға толсын санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
ІІ. Білімді бекіту.
1. Салыстыру (беттестіріп.)
2. Бөліктермен(неше бөліктен тұратынын анықтау)
3. Сызғыштың көмегімен анықтау.
ІІІ. Мақсат қою: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Артық, кем, сонша ұғымын түсіндіру.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.
Ү. Жаңа білімді бекіту.
а) Шахмат тастары. Ағы қанша болса, қарасы сонша.(5)
ә) Волейбол ойнап жүрген балалардың ұлы қанша болса, қызы сонша. б) 0-4---5 1-уі кем,немесе 1-уі артық Ұшақ-(5 ) қанша болса,асық сонша.(5)
Тікұшақ қанша болса, машина сонша.
Дәптермен жұмыс:
№1 математика дәптеріндегі суреттерді бояп, сызбалардың үстінен бастырып үйрету.
Сабақты қортындылау:
Бүгін біз қандай математикалық ұғыммен таныстық?
Пәні: Математика
Күні: 09.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Кеңістікке бағдарлау
Сабақтың мақсаты: Заттардың кеңістікте орналасу қалпын анықтау туралы түсінік беру. Оқушыларды ұқыптылыққа баулу. Танымдылық қабілетін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі суреттер
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру:
Сабаққа назарын аудару.
Психологиялық дайындық
Ойға толсын санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Заттардың кеңістікте орналасу қалпын анықтау туралы түсінік беру. Оқушыларды ұқыптылыққа баулу. Танымдылық қабілетін арттыру.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:
а) Сыныптағы орналасқан заттарды кеңістікте орналасуына қарай анықтау.
ә) Оқушыны алды –артында және онымен қатар отырған оқушылардың есімін атату.
б) Оқулықпен жұмыс:
1. Сурет бойынша жұмыс (жоғарыда- төменде, оң жақта-сол жақта орналасқан заттарды анықтау.)
2. Көшеде, мектеп ішінде жүру тәртібін білу.
3. Үстел үстінде, астында орналасқан заттарды анықтау.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.
б) Оқушыларды бір-бірінің алдына, артына, оң жағына , сол жағына тұрғызу.
в) Дәптермен жұмыс.
№1 математика дәптеріндегі суреттерді бояп, сызбалардың үстінен бастырып үйрету.
Ү. Білімді бекіту: Орналасу кеңістігін анықтау. Оқушы туралы өлең жаттау
Күннің нұры шуақты, Сергітеді денемді.
Құрдастарым сияқты, Оқушымын мен енді
ҮІ. Сабақты қорытындылау:
Біз сендермен заттың кеңістікте орналасуын анықтадық, қолдану тәртібін білдік.
Пәні: Математика
Күні: 10.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Уақытты бағдарлау
Сабақтың мақсаты: Уақыт аралығы жайында түсіндіру .Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. Адамгершілік тәрбие беру. Сана сезімін оята отырып, ой-өрісін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі суреттер
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру:
Түгендеу, партаға дұрыс отыру.
Сабаққа назарын аудару.
Психологиялық дайындық
Ойға толсын санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.
1. Жоғарыда- төменде, оң жақта-сол жақта орналасқан заттарды анықтау.
2. Көшеде, мектеп ішінде жүру тәртібін білу.
3. Үстел үстінде, астында орналасқан заттарды анықтау.
ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Уақыт аралығы жайында түсіндіру .Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа баулу. Адамгершілік тәрбие беру. Сана сезімін оята отырып, ой-өрісін дамыту.
ІҮ. Жаңа білімді меңгерту:
а) Сурет бойынша әңгіме құрату.
Мен таңертең төсектен тұрамын. Төсегімді жинаймын.Содан кейін беті-қолымды жуамын.Ертеңгі асымды ішемін.Содан соң мектепке барамын. Сабақтан келген соң түскі тамағымды ішемін. Түстен кейін алдымен мамама үй жинауға көмектесемін.Біраздан соң сабағыма дайындаламын.Кешке қарай біраз ойнаймын. Кешкі тамағымды ішіп, жуынып, ұйықтаймын.
ә) Адамдардың күндізгі, түнгі жұмыс істеу уақыты туралы түсінік беру.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.
Ү. Білімді бекіту
а)-Көктемде тұқым себуге дайыдайтынын бәріміз білеміз. Күн жылына бастаған кезде қарбыз тұқымын септік.(әрі қарай оқушылар жалғастырады).
1.Себілген тұқым өнеді.
2. Содан кейін көгере бастайды.
3. Содан кейін гүлдеп түйін тастайды.
4. Одан кейін біртіндеп үлкейеді, жазда толысады.
5. Күзде піседі, жетіліп піскен қарбыз жиналады.
ә) 3 сурет. Құлпынай көктеп жапырағы қаулаған сәт.
Құлпынай гүл шашты. Құлпынай түйін салды.
б) Дәптермен жұмыс.
№1 математика дәптеріндегі суреттерді бояп, сызбалардың үстінен бастырып үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |