Пәні: Сауат ашу
Күні: 03.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары. Сөйлем.
Сабақтың мақсаты: Оқу құралдарымен таныстыру.Жыртпай таза ұстауға, яғни ұқыптылыққа баулу.Танымдылық қабілетін арттыру. Оқушыларға сөйлем туралы түсінік беру.
Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың мазмұны:
І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Оқу құралдарымен таныстыру.Жыртпай таза ұстауға, яғни ұқыптылыққа баулу.Танымдылық қабілетін арттыру.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:
а) Оқу құралдарымен таныстыру.
1. дәптер, қалам
2. Сызғыш, өшіргіш
3. Пенал портфель
4. Бояу
ә) Оқу құралдарды қалай пайдаланамыз?
б) Кезекші не істейді?
Сергіту сәті
ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.
-Балалар, кәне кім оқу құралдарын атап береді?
-Дәптер не үшін керек?
-Қандай дәптердің түрлерімен таныстық?
-Пенал деген не?
-Оқу құралдарын неге салып тасимыз?
-Бояумен не істейміз?
Сөйлем дегеніміз – әр алуан сөздердің өзара тіркесіп келіп, тиянақталған ойды білдіруі. Олардың құрамы да түрлі болады. Сөйлемді жеке сөз немесе сөз тіркестері құрайды.
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.
СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ
|
|
ХАБАРЛЫ
СӨЙЛЕМ
|
СҰРАУЛЫ
СӨЙЛЕМ
|
ЛЕПТІ
СӨЙЛЕМ
|
БҰЙРЫҚТЫ
СӨЙЛЕМ
|
Тоғай да бұл кезде кемеліне келіп толықсып тұрады.
|
«Есіл тасып барады» деген әнді естіп пе едің?
|
Шіркін, қарақат, тәтті де сұлу жеміс қой!
|
Атаның баласы болма, адамның баласы бол.
|
Ү. Білімді бекіту:Біз оқу құралдарына құрметтей қарауымыз керек екен.
Біл олардың көмегі арқылы білім аламыз. Оқулықтарды жыртуға, құртуға болмайды.
Оқушы туралы өлең жаттау.
Күннің нұры шуақты,
Сергітеді денемді.
Құрдастарым сияқты,
Оқушымын мен енді.
ҮІ .Сабақты қорытындылау: Оқу құралдары сенің көмекшің. Сондықтан оқулығыңды ұқыпты ұста.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Ойша сөйлемдер құру.
Пәні: Математика
Күні: 03.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Заттарды салыстыру(пішіні, өлшемі, түсі, массасы, сыйымдылығы, бағасы, ауданы).
Мақсаты:
Заттарды әртүрлі белгілеріне қарай салыстыру арқылы, олардың түстерінің, пішіндерінің бірдей немесе әртүрлі болатынын анықтай білуге үйрету.
Заттарды салыстыру арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Балаларды ұқыптылыққа, реттілікке тәрбилеу
Көрнекілігі: Суреттер, оқулықтар және әдістемелік құрал.
Әдісі: көрсету, салыстыру, түсіндіру.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру:
Оқушының назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық
Санамақты оқушыларға үйретіп, әр сабақта қайталатқызу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйдегі кісілерді санау.
ІІІ. Өткенді қайталау, жаңғырту.
Заттарды санату.Көрнекіліктер бойынша.Қанша?Неше?Нешінші? деген сұрақтарға жауап беру, мысалдар келтіру.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы. Заттарды салыстыру(пішіні, өлшемі, түсі, массасы, сыйымдылығы, бағасы, ауданы).
Оқулықпен жұмыс:
Заттарды әртүрлі белгілеріне салыстыру.суретте неше доп бар?
Суретте неше шаршы, неше шар бар?
Салыстыру
-
Сурет бойынша әңгіме құрастыр.Сана. Жасыл жолақтағы тапсырманы орындау
-
Сергіту сәті
Ү. Жаңа білімді бекіту.
Әртүрлі заттарды салыстыра отырып, ерешеліктерін анықтау.
Балапандарды санау,суреттер бойынша әртүрлі сұраққа жауап беру.
ҮІ. Сабақты қортындылау:
Өтілген тақырып бойынша тапсырма беру..
ҮІІ.Үйге тапсырма.
Балаларға кітаптағы тақырып соңындағы «Қандай сурет болуға тиіс?» деген тапсырманы беремін.
ҮІІІ. Бағалау.
Оқушыларды жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрышпен бағалап оларды ынталандыру есебінде балаларды мадақтаймын. Осымен бүгінгі сабақты аяқтаймын.
Пәні: Сауат ашу
Күні: 04.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Мектептің спорт алаңы.
Сабақтың мақсаты: Спорт түрлерімен таныстыру. Спорт зал,спорт ойын өткізу тәртібімен таныстыру. Салауаттылыққа баулу. Спорт оындарына қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Доп, хоккей ойынына қажетті заттар.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру:
Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Мектептің спорт алаңы.
Мақсаты: Спорт түрлерімен таныстыру. Спорт зал,спорт ойын өткізу тәртібімен таныстыру. Салауаттылыққа баулу. Спорт оындарына қызығушылығын арттыру.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:
а) Спорттың қандай түрлерін білесіңдер?
ә) Серуенге алып шығу.(мектебімізде спорт алаңы, спорт залы)
Сергіту сәті:
б) Денені шынықтыру денсаулыққа пайдалы екеніне тоқталу.
Ерте тұрып ертеңгілік жаттығу жасау керек екенін айтып, дағдыға айналдыру.
в) Өткен олимпияда жайында мағлұмат беру.
ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.
Біз қандай спорт түрлерін білеміз?
Олар қандай жерлерде өтеді?
Спортпен шұғылданған адамның денсаулығы қандай болады?
Ү. Білімді бекіту:
Балалар, бүгін біз сендермен спорт жайында танысып, білдік. Бұдан былай денсаулығымыз күшті болу үшін спорттың әр түрімен айналысуымыз керек.
ҮІ.Сабақты қорытындылау:
Спорт алаңында өткізілетін қандай спорт ойындарын білесіңдер?
Пәні: Сауат ашу
Күні: 05.09.2015
Сабақтың тақырыбы:Музыка бейнелеу өнері. Еңбек. Сөз.
Сабақтың мақсаты:
Еліміздің астанасымен таныстыру.Оқушылардың рухани дүниесін дамыту. Тәрбиелілігі:өз елін,жерін сүюге,құрыметпен қарауға,табиғатын қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем сөйлеуге дағдыландырып жетілдіру.Қолдың ұсақ моторикасы арқылы жұмыс істей алу іскерлігін дамыту;
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Әдісі: сұрақ –жауап,түсіндіру.
Түрі:аралас
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу,сабақ барысына зейіндерін аудару.
Сергіту сәті. «Эхо» дауыс ырғағын дамытуға арналған жаттығу
- Мен ақырын айтамын: а-а-а
- Ал сендер бірге қатты айтасыңдар: а-а-а
ІІІ.Жаңа сабақ.
-Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?
-Ал тұратын қаламызды қалай атаймыз?
-Отанымыздың астанасы қай қала ?
1.Кіріспе әңгіме.Қазақстан Республикасы,табиғаты,жерінің байлығы туралы оқушыларды қатыстыра отырып әңгімелесу.
2.Суретпен жұмыс.
Сұрақтар қою арқылы оқушыларды сөйлету.
-Музыка деген не?
-Еңбек деген не?
-Бейнелеу өнері деген не?
-Сөз деген не?
3.Сергіту сәті. (есте сақтауын дамыту)
Орнымыздан тұрайық
Алақанды согайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тыныгып алайық
4.Астана. Үкімет үйі. Президент.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.
Астана әдемі қала. ___ ____ ____.Үкімет үиі биік.___ -___ ___.
5.Дәптермен жұмыс
Әріп элементерімен құрайтын сызықтарды жазу арқылы, әріптің толық тұлғасын өрнектеу.
5. «Кім жылдам ?» ойыны (Қалалардың аттарын атау)
Астана.Атрау. Ақтөбе.Орал. Ақтау. Тараз. Қызылорда т б
Буындық талдау жасату.
6.Сергіту сәті.Дидактикалық ойын «Кім не істейді»
- Шаштараз ....... (шашты қияды, шашын әсемдейді)
- Жүргізуші .............. (машина жүргізеді)
- Аспазшы .................. (пісіреді, тамақ әзірлейді)
IV. Сабақты бекіту.
-Бүгінгі сабақта немен таныстық.?
-Музыка, бейнелеу өнері, еңбек дегендер нені білдіреді екен?
-Сөз дегеніміз не?
V.Бағалау.
Оқушыларды қатысуына байланысты мадақтап бағалаймын.
Пәні: Математика
Күні: 04.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Заттардың ұзындығы бойынша салыстыру. Ұзындықты өлшеу
Мақсаты: Заттарды салыстыра отырып, ұзын-қысқа, биік- аласа, қалың жұқа, сөздерінің мән-мағынасын түсіндіру. Адамгершілік тәрбие беру. Танымдылық қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Суреттер.
Әдісі: көрсету, салыстыру, түсіндіру.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру:
Оқушының назарын сабаққа аудару.
ІІ. Өткенді қайталау, жаңғырту.
а) Заттарды әр түрлі белгілеріне қарай салыстыру.
ә) Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы терминдерін енгізу.
б) Түстері, пішінін салыстыру.
ІІІ. Жаңа сабақ
а )Сымның жіптің қиындыларын, қағаз жолақтарды салыстыру.
ә) Кітап пен дәптер қалыңдығын салыстыру. Екі оқушыны қатап тұрғызып, биік- аласа, сөзінің мән-мағынасын түсіндіру. Қарама-қарсы сөз тіркесін ажыратып, тани білу. Ұзын-қысқа. Қалың- жұқа т.б Биік-аласа
ІҮ Оқулықпен жұмыс:
1-сурет. Ұзын-қысқа, бірдей.
2-сурет. Биік-аласа
3- сурет. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді пайдалануға үйрету.
Сергіту сәті.
Бір, екі ,үш төрт те бес, Алты, жеті сегіз, тоғыз, он
Қайта сана көп те емес, Өлше , есепте санап жөн.
ІҮ. жаңа білімді бекіту.
Дидактикалық ойын арқылы сөз тіркестерін қолдану.
Қысқа-... аласа-... жұқа-...
Ұзын-... биік-... қалың---...
Ү. Дәптермен жұмыс
5-6 тапсырма. -- --
ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз заттарды салыстырдық
ҮІІ. Бағалау. Кемшілігін жетістігін ескеріп бағалаймын.
Пәні: Еңбекке баулу
Күні: 04.09.2015
Сабақ тақырыбы: Кіріспе. «Еңбекке баулу » Табиғат әлеміне экскурсия. Таңғажайып әлеммен танысу.
Сабақ мақсаты:Оқушыларға адамдардың ең бірінші өмірлік қажеті еңбек екенін айту.Оқушылардың өмірге деген көзқарастарын, ой - өрісін дамыту. Еңбек біліктілігін, қалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын ояту арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабаққа қажетті материалдар: еңбекке баулу оқулығы, суреттер.
Сабаққа қолданатын құралдар: плакатты суреттер
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушыларды сабаққа даярлау.
- Қажетті құрал
– жабдықтарын даярлау.
- Еңбек туралы білетіндерін сұрау.
ІІ.Жаңа сабақтың тақырыбымен мақсатын хабарлау.
Тақырыбы: Кіріспе. «Еңбекке баулу » Табиғат әлеміне экскурсия. Таңғажайып әлеммен танысу.
Мақсаты: Оқушыларға адамдардың ең бірінші өмірлік қажеті еңбек екенін айту.Оқушылардың өмірге деген көзқарастарын, ой - өрісін дамыту. Еңбек біліктілігін, қалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын ояту арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.
ІІІ. Негізгі бөлім:
Еңбектің түрлері бірнеше блоктар бойынша ұсынылады. Онда әр блоктың өзіне тән белгілері мен ерекшеліктеріне қарай жұмыс іріктеліп алынады.
Қымбатты балалар!
Қолдарыңдағы «Еңбекке баулу» оқулығы еңбек сабағындағы көкектің әрі ақылшы досың болатынын айту. - Егер сен гүлге су құйсаң, тал ексең бақта жұмыс етсең, табиғатқа пайда келтіресің.- Еңбекке баулу сабағы:
ІV.Қорытынды бөлім:
Егер еңбек сабағында жақсы жұмыс істеуге дағдылансаңдар, келешекте жақсы инженер, дәрігер, құрылысшы, аспазшы, ғарышкер бола аласыңдар.
V. Үйге тапсырма,бағалау:
Табиғат материалдарын жинап қою.
Пәні: Еңбекке баулу
Күні: 05.09.2015
Сабақ тақырыбы: Табиғи материалдардың түрлері, сақтау. Өзіне-өзі қызмет ету.
Сабақ мақсаты: Өзіне - өзі қызмет етудің түрлерімен таныстыру. Өзіне -өзі қызмет етуге әр баланың қолынан келетіндігі туралы айта отырып еңбекке деген қызығушылықтарын дамыту. Мектепте, үйде ұқыпты бола білуге, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас.
Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: суреттер, еңбек құралдар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушыларды сабаққа даярлау.
- Оқу құралдарын түгендеу.
ІІ. Өткен сабақты қайталау:
1. Еңбек деген не?
2. Еңбек адамға не үшін қажет?
3. Еңбекке баулу сабағы нені үйретеді?
4. еңбектің пайдасы туралы.
ІІІ. Мақсат қою
Тақырыбы: Табиғи материалдардың түрлері, сақтау. Өзіне-өзі қызмет ету.
Мақсаты: Өзіне - өзі қызмет етудің түрлерімен таныстыру. Өзіне -өзі қызмет етуге әр баланың қолынан келетіндігі туралы айта отырып еңбекке деген қызығушылықтарын дамыту. Мектепте, үйде ұқыпты бола білуге, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
ІV. Жаңа сабақ: 1. 7 – бет Өзіне - өзі қызмет ету. Өзіне -өзі қызмет ету – біздің күнделікті атқаратын ісіміз. Ол киімді,төсек – орынды жинаудан басталады. Біз оқу құралдарымызды күтіп ұстауға, сынып бөлмесінің тазалығын сақтауға тырысамыз. Бұл да өзіне - өзі қызмет ету еңбегіне жатады.
Оқулықпен жұмыс жасау.
Балаларға жапырақтарды қалай қысқа сақтау керегін түсіндірем.
-Балалар сендер жинап әкелген жапырақтарды үйдегі көне кітаптарды ортаына бір-бірден ортасына салып қоямыз. Сосын қыста керек кезде қолданып тұрамыз. Ол жапырақтар арқылы бір түрлі мүсіндер, бейнелер жасаймыз. Енді мына суретпен жұмыс жасайық. Суретте не бейнеленген?
V. Қорытынды бөлім:
- Оқушыларға сурет бойынша әңгімелету.
- Өзіне - өзі қызмет етудің тағы қандай түрін білесіңдер?
VI. Жаңа сабақты бекіту:
-Бүгінгі сабақта нені үйрендік?
-Бүгінгі сабақ түсінікті болдыма?
-Сонымен сабағымыз аяқталды?
VII. Үйге тапсырма беру,бағалау:
Жапырақтарды сақтау (әңгімелеу).
Пәні: Логикалық негіздері арнаулы курсы
Күні: 05.09.2015
Сабақтың тақырыбы: «Не өзгереді?
Сабақ мақсаты: Заттардың қасиеттері, кеңістік, уақыт туралы түсініктерін пысықтау, құбылыстар мен заттарды санай алу дағдыларын анықтау, жаттықтыру, дамыту. Тіл, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақ барысы І.Ұйымдастыру Оқушылардың назарын аудару ІІ. Негізгі бөлім 1. Ертегіні әңгімелеп, оларды салыстыр. (ұзын-қысқа, үлкен – кіші, оң жақ, сол жақ)
2.
-Суретте барлығы неше қарындаш бар?---------------------------------------------- -Неше қоңыр, неше жасыл, неше қызыл қарындаш бар?-------------------------- -Қарындаштар неше қорапқа салынған?----------------------------------------------- -Сары қарындаштар мен көк қарындаштың саны қанша?--------------------------
3. Топтастыр Үлкен / Кіші қалам, үй, машина, дәптер, кітап, мептеп, -Барлығы нешеу?
3. Кеңістік бойынша орнын тап. - Оң жақ көршіңді ата - Артыңда кім отыр? -Алдыңда қандай заттар бар? -Солға бұрыл, кімді көрдің?
4. Графикалық диктант жоғары бір тор, оңға бір тор, жоғары бір тор, оңға бір тор, төменге бір тор, оңға бір тор, төменге бір тор,
5.Есепте Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат – ұзын
ІІ. Қорытынды бөлім Бөлмеден пішіні бірдей заттарды ата. (терезе, тақта, есік, қабырға, еден, шкаф, кітап, дәптер,т.б. –төртбұрышты)
Пәні: Өзін-өзі тану
Күні: 05.09.2015
Тақырыбы: Шаттыққа толы жүрекпен
Құндылық:жан тыныштығы
Қасиеттер:сүйіспеншілік
Мақсаты: «Жан тыныштығы»ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
-«Өзін-өзі тану» пәні туралы түсінік беру;
-өзіне деген сенімділігін арттыру;
-өзін және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Ресурстар:/құралдар,мәліметтер/
Барысы:
1)Ұйымдастыру бөлімі.
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгіндеу.
- Ережелерді қайталау:сабақта біз....тәртіп,талап,тыныштық,татулық,тазалық қатан сақтауымыз керек.
- Балдарды ұсыну.Сабаққа дайындығын тексеру:оқулық,дәптер,қарындаш,өшіргіш,
ұштағыш.
2)Тыныштық сәті:
-Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).
1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.
Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?
үнтаспа «Өзін-өзі тану елінің» сурет сюжетті суреттер, домбыра, «Алтын сақа» (асық), сандықтың сұлбасы
«Өзін-өзі тану»оқулығы 1 сынып
Дәйексөз.
«Өмірді тану-өзіңді танудан басталады» Халық даналығы
-Халық даналығында «Өмірді тану-өзіңді танудан басталады»деп өте орынды айтылған.Себебі өзіңді адамдармен,қоршаған ортамен,қоғаммен қарым-қатынаста тани аласың.Ал,адамдарды, қоршаған ортаны,қоғамды және олардығы құбылыстар мен әрекеттерді білу-өмірді тану дегенді білдіреді.
Әңгімелесу. «Мен кіммін?»
Шығармашылық жұмыс:
Жағдаяттар шешу.Сюжетті суреттер б/ша.
Мына суреттерде әр түрлі әрекеттерді көрсететін жағдаяттар берілген.Осы жағдаяттар б/ша өз ойларыңды білдіріп,ортаға салыңыз.
Суреттегі балалардың орнында өздерің болсаңдар,қандай әрекет жасар едіңдер?
Топпен ән айту. «Не деу крек?»
Сөзін жазған:Ә.Дүйсенбиев
Әнін жазған:Ө.Байділдаев Дәптер,5 бет
Тыныштық сәті.
Баяу музыка ойнатылады;оқушылар көздерін жұмып,бүгінгі сабақтан не үйренгендерін естеріне алып,іштей өздеріне,мұғалімге,барлық әлемге тыныштық,сүйіспеншілік жолдап,ризашылықтарын білдіреді
Сабаққа қатысқандарына рахмет!
Пәні:Дүниетану
Күні: 02.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе
Сабақтың мақсаты:
Табиғат,қоршаған дүние, табиғат құбылыстары,адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру
Әсемдікке баули отырып,логикалық ойлау қабілетін есте сақтау қабілетін дамыту.3 Бір затпен екінші затты ажырата білу.
Табиғатқа деген құштарлығын арттыру.Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныпты сабаққа дайындау.
Оқушылардың назарын тақтаға аудару.
ІІ Мақсат қою:
Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Кіріспе
Табиғат,қоршаған дүние, табиғат құбылыстары,адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру
Әсемдікке баули отырып,логикалық ойлау қабілетін есте сақтау қабілетін дамыту.3 Бір затпен екінші затты ажырата білу.
Табиғатқа деген құштарлығын арттыру.Эстетикалық тәрбие беру
ІІІ Жаңа сабақ:
Балаларға ең алғаш оқулықты талдатам. Яғни оларға мынадай сұрақтар қоям:
-
Оқулықтың түсі қандай?
-
Оқулықта қандай сан көріп тұрсыңдар?
-
Ол сан қандай түспен жазылған?
-
Қандай суреттер көріп тұрсыңдар?
Балаларға дүниетану оқулығының шартты белгілерімен таныстырам:
-
сұрақтар мен тапсырмалар;
-
шығармашылық тапсырмалар;
-
бақылап көр;
-
Еіңде сақта!
Кіріспе
«Дүниетану» атты оқулық сендерді өздерің күнделікті көріп, араласып жүрген табиғат пен және адамдар арасындағы қоғаммен таныстырады. Сендер мұнда дүниедегі заттар, құбылыстар, жануарлар және өімдіктер әлемімен кездесесіңдер. Адамдар қоғамы, олардың еңбегі мен мамандығы туралы оқып білесіңдер. Өз елдерің – Қазақстан Республикасы, оның Ата Заңы – Конституциясы және Президенті, заңдарды шығаратын Парламент туралы алғаш рет мағлұмат аласыңдар.
Дүниетану пәнін оқу арқылы табиғатта болатын құбылыстарды бақылауды үйренесіңдер. Өздеріңді қоршаған ортаны, ондағы заттар мен құбылыстарды танып білесіңдер. Ол үшін әр бір зат пен құбылысқа мұқият көңіл бөліп қарағандарың жөн. Дүниетануға бағытталған сапарларың сәтті болсын.
ІҮ. Қорытындылау:
Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік?
Табиғат дегеніміз не?
Табиғат құбылыстары деген не?
Табиғат заттарына нелер жатады?
Табиғи нешеге бөлінеді?
Оларды ата?Адам қолымен жасалатын құбылыстарды атап көрейік:
Достарыңызбен бөлісу: |