Арал мәселесі қалай шешілуде?
Жүргізуші: Қызылорда облысы Арал аймағы секторын тұрақты сумен қамтамасыз ету тәжірибесінің жетістіктері туралы айтсаңыз.
Т. Кертешев (БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламасы биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы жобалардың менеджері):. Арал мәселесі Сырдария суының 60%-ы егістік үшін пайдаланудан болып отыр. Екінші мәселе – Арал теңізі түбінің құрғауы. Аралдан бөлінген тұз Антарктидаға дейін жетеді. Бұл экожүйенің бұзылуына алып келеді. Сол себепті, Арал теңізінің түбінде орман дақылдары мен өсімдіктер егуді дұрыс деп таптық.
Жүргізуші: Сонда бұрын Арал теңізі болған жерде қазір орман телімдері егіліп жатыр ма?
Т. Кертешев: Иә, орман ағаштары мен өсімдіктері.
Жүргізуші: Әлемде бұрын осындай тәжірибе болған ба?
Т. Кертешев: Жоқ, болмаған. Барлық ғалымдар осы тақырыпты зерттеп жатыр. Жүргізуші: Ал жануарлар әлемін қорғалуы туралы не айтасыз?
Т. Кертешев: Қазақстан территориясында қорықтарда мекендейтін жануар түрлері қорғалады.
Биоалуантүрлілік туралы
Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосфера мен экожүйелерден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуантүрліліктің үш үлкен бұтағы тарайды. Әрбір бұтағы деңгейлерге бөлінеді. Биоалуантүрліліктің әр деңгейі бөлімдерге бөлінеді. Биоалуантүрліліктің жоғары деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер және ландшафтар орналасады. Табиғатта біртекті мекен орталары болмайды. Кез келген түр дараларды құрады. Генетикалық жағынан бір-біріне өте жақын келеді. Олар еркін шағылысады және өсімтал ұрпақ береді. Экожүйелердің кедейленуі техносфераның биосфераға жасайтын қысымынан пайда болады. Яғни, ол биоалуантүрліліктің кемуіне әкеледі. Биоалуантүрлілік тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады.
Екі мәтінді салыстыра отырып, стильге тән ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазыңдар
1.Стильдерді ажыратып жазу.
2.Нақты белгілерінен мысал келтіру.
3.Мәтіннен нақты дәлелдер келтіру
4. мәтіндердің турлерін ажыратады.
1-мәтін:
1.Стилі: (1 сөйлем) ________________________
2.Мысалы: (1 сөйлем)_______________________
3.Мәтіннен дәлелдер: (2 сөйлем)_____________
4 мәтіннің түрі: ( (әңгімелеу, сипаттау, талқылау),
2-мәтін:
1.Стилі: (1 сөйлем) _________________________
2.Мысалы: (1 сөйлем)_______________________
3.Мәтіннен дәлелдер: (2 сөйлем)_____________
4 мәтіннің түрі: ( (әңгімелеу, сипаттау, талқылау),
Достарыңызбен бөлісу: |