Сабақтың тақырыбы: «Эмоцияны тап жаттығуы»



бет18/22
Дата07.12.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466691
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Танымдық әрекетін түзету сабағының сабақ жоспары

5.3 «Графикалық диктант»
Мақсаты: «Графикалық диктант» әдістемесі (Д.Б. Эльконин құрастырған) мұқият тыңдай алу және үлкендердің тапсырмасын ұқыпты орындау, сызықтың бағытын қағаз парағына дұрыс жаңғырту, үлкендердің тапсырмасы бойынша өздігінше әрекет ете алу қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Зерттеу жүргізу үшін әр балаға төрткөзді дәптер парағына төрт нүкте белгілеп, беріледі. Зерттеу алдында психолог балаларға түсіндіреді: Қазір біз сендермен әр түрлі өрнек саламыз. Олар әдемі болу үшін тырысуымыз керек. Ол үшін мені жақсылап тыңдаңдар –сендер қай жаққа және қанша төрткөз жүргізу керектігін айтып тұрамын. Мен айтқан сызықты ғана жүргізесіңдер. Жүргізген соң, мен келесі сызықты айтпайынша, күтіңдер. Келесі сызықты өткен сызық біткен жерден қаламсапты парақтан алмай сызыңдар. Бәрінің естеріңде ма, оң қолдарың қайда ? Оң қолдарыңды сызыңдар. Көрдіңдер ма, ол есікке бағыттап тұр (бөлмеде бағдар беріледі). Мен сызықты оңға қарай жүргізіңдер деген кезде, сендер оны есікке қарай жүргізесіңдер (тақтада солдан оңға қарай бір төрткөзге сызық жүргізіледі). Ал енді мен, қолымды алмай сызықты екі төрткөзге жоғары жүргіземін. Енді сол қолдарыңды созыңдар, көрдіңдер ма , ол терезені көрсетіп тұр. Енді мен, қолымды алмай, сызықты үш төрткөзге солға қарай жүргіземін. Сендер қалай салу керектігін түсіндіңдер ма? Бұдан соң, психолог жаттықтыру өрнегін салғызуға кіріседі: «Бірінші өрнекті салуды бастаймыз. Қаламдарыңызды ең жоғарғы төркөзге қойыңдар. Қаламды парақтан алмай, сызық салыңдар: бір торкөз төменге (қаламды парақтан алмай). Бір торкөз оңға. Бір тор көзге жоғары. Бір торкөз оңға. Бір тор көз төменге. Бір тор көз оңға. Бір торкөз жоғары. Бір торкөз төменге. Ары қарай осындай өрнек салуды жалғастырыңдар».
Психолог оқып тұрғанда үзіліс жасап тұру керек, балалар сызықты жүргізіп үлгеру үшін. Өрнекті бетінше жалғастыруға 1,5 -2 минут беріледі. Балаларға өрнекті парақтың барлық көлеміне жалғастырудың керек емес екендігін ескертеді.
Жұмысты жүргізу процесінде психолог балалар әр бастағанды белгіленетін нүктеден бастауын бақылайды, балаларды жігерлендіріп отырады. («Тағы бір рет байқап көрші, сен саласың деп ойлаймын). Сонымен қатар, өрнекті салу бойынша ешқандай нұсқаулар берілмейді.
Жаттықтыру өрнегін балалар өз бетінше орындаған соң, психолог айтады: «Болды, бұл өрнекті ары қарай салмаймыз. Келесі өрнекті саламыз. Қаламдарыңды көтеріңдер, енді қаламды келесі нүктеге қойыңдар. Дайындалыңдар, оқып бастаймын. Бір төркөз жоғары. Бір төркөз оңға. Бір төркөз жоғары. Бір төркөз оңға. Бір торкөз төменге. Бір торкөз оңға. Бір торкөз төменге. Бір торкөз оңға. Ал енді сол өрнекті өздерің жалғастырыңдар».
1, 5 -2 минут өткен соң, психолог айтады: «Болды бұл өрнекті ары қарай салмаймыз. Келесі өрнекті саламыз. Тыңдаңыздар!
Үш торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Екі торкөз төменге. Бір торкөз оңға. Екі торкөз жоғары. Бір торкөз жоғары. Үш тор көз төменге. Бір торкөз оңға. Екі торкөз жоғары. Бір торкөз оңға. Екі торкөз төменге. Бір торкөз оңға. Осы өрнекті енді өздерің жалғастырыңдар».
1,5-2 минуттан соң қорытынды өрнекті оқу басталады: «Қаламдарыңды төменгі нүктеге қойыңдар. Тыңдаңыздар! Үш торкөз оңға. Бір токөз жоғары. Бір торкөз солға. Екі торкөз жоғары. Үш торкөз оңға. Екі торкөз төменге. Бір торкөз солға. Бір торкөз төменге. Үш торкөз оңға. Бір торкөз жоғары.

Бір тор көз солға. Екі торкөз жоғары. Енді осы өрнекті өздерің салыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет