Қорытындыны бағалау
Жаттықтыру өрнегінің орындалу қорытындысы бағаланбайды. Әр өрнекте диктантты орындау және өз бетінше өрнекті жалғастыру бағаланады. Бағалау келесі шкала бойынша жұргізіледі:
өрнекті тура жаңғырту -4 ұпай (сызықтың қисықтығы, «діріл» сызығы, дақ бағаны түсірмейді)
жаңғырту, бір сызықтағы қате, - 3 ұпай.
Бірнеше қателермен жаңғырту – 2 ұпай.
Айтылған өрнекпен жеке элементтердің ұқсас болып, жаңғырту -1 ұпай.
Жеке элементтерінде де ұқсастықтың болмауы -0 ұпай.
Өз бетінше жалғастырылған өрнекке баға осы шкала бойынша қойылады.
Сонымен, әр өрнекке бала екі баға алады:
біреуі – диктантты орындаған үшін, екіншісі -өрнекті өз бетінше жалғастырған үшін. Екі баға да 0 ден 4 аралығында болады. Қорытынды баға үш бағалаудан жеке өрнек үшін суммалау арқылы шығарылады. Олардың максималдыдан минималды баға арқылы. Алынған баға 0ден 8 ұпай арасында болады. Өрнекті жалғастырған үшін үш бағадан қорытынды шығарылады, кейін екі қорытынды баға қорытынды ұпай бере отырып суммаланады. Ол 0 ден (егер оқылған және жеке жұмыстан 0 ұпай алынса) 16 ұпайға дейін (егер жұмыстың екі тұрінен де 8 ұпай алынса) арасында болады.
6. Критериалды бағалауға арналған технологиялар
1. Каллиграфияны бағалау.
2. Сөздік қорды анықтауға бағытталған тест.
3. Есте сақтау және ой қорытындыларды анықтау тестері.
6.1 Мағынасыз сөздерді көшіру тесті
Ол каллиграфиялық жазумен жазылған мағынасыз буындар болуы мүмкін. Келтірілген бес қатардың біреуі балаға арнайы жолақта ұсынылады. Жүргізуші баланың жолаққа қарап, не көрсетілгенін немесе жазылғанын сұрайды. Сен әлі жаза алмайсың, бірақ оны суретін салып көрші.мына жерде қалай жазылғанын жақсылап көріп ал және осы параққа тура солай суретін сал. Тапсырманы орындау үшін уақыт шектелмейді.
Енжар бала, жаза алмайтындығына байланыста тапсырманы орындай алмайтынын айтады. Мұндай жағдайда оған алдымен үйдің суретін, содан кейін қарапайым геометриялық фигура салуын ұсыну қажет (шаршы, шеңбер, ромб) содан кейін барып орындалған әрекетті бірнеше рет марапаттау арқылы - әріптік буынды жазуды ұсынуға болады. Әрине, тек осы соңғы тапсырма ғана бағаланады.
Бағалау шкаласы
1 ұпай- шимақтар,
2 ұпай-үлгіге ұқсастығы бар.
3 ұпай-кем дегенде 4 әріпі оқылады
4 ұпай-барлық әріптерді оқуға болады.
5 ұпай-әр әріп нақты жазылған, барлық сөз 30градустан жоғары қисаймаған
Достарыңызбен бөлісу: |