Сабақтың тақырыбы: «Эмоцияны тап жаттығуы»


Сөздік қорды анықтауға бағытталған тест



бет20/22
Дата07.12.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466691
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Танымдық әрекетін түзету сабағының сабақ жоспары

6.2 Сөздік қорды анықтауға бағытталған тест
Тексеруге бағытталған басқа да тесттер сияқты, берілген тесті таңдау принципі бойынша құрылған: белгілі бір сөздер жиынтығы таңдалып алынады және олардың қайыссы балаға белгілі екені анықталады. Алынған нәтижелер негінде баланың жалпы сөздік қоры туралы айтуға болады. Тексерушілер құзырына қалыпты өзара байланысқан бес сөздік қатар берілген. Сондықтан да болашақ бірінші сынып оқушыларын зерттеу үшін тексерушілер бүл қатарларды кезекпен колданылуларына болады: бір балаға бір қатар, екіншісіне келесі қатар беріледі және т.с.с.
1. Велосипед, шеге, хат, қолшатыр, жүн, батыр, сырғанау, біріктіру, тістеу, өткір
2. Ұшақ, балта, кітап, пальто, қауырсын, дос, секіру, бөлісу, ұру, доғал
3. Көлік, сыпырғы, блокнот, етік, қабыршық, қорқақ, байланыстыру, жұлу, тікенек
4. Автобус, күрек, альбом, қалпақ, үлпілдек, қырсық, қозғалу, қасу, жұмсақ, қашу
5. Мотоцикл, щетка, дәптер, бәтеңке, тері, жау, сүріну, жинау, үтіктеу, бүдір
Баланың сөздік қорын тексермес бұрын мұғалім былай дейді: Ойланшы, сен шет ел адамын кездестірдің – сенің тіліңді нашар түсінеді. Ол сенен «велосипед» сөзінің мәнін түсіндіріп беруіңді сұранып тұр. Қалай жауап бересің?
Бала жауаптарын сөздік формада бергендіктен, оның енжар (шектеулі сөздердің ғана мәнін біледі) және белсенді (кейбір сөздерді белсенді сөйлеу барысында қолданады)сөздік қорын бағалауға болады. Егер бала сөздік жауап бере алмаса, онда тексеруші оған заттың суретін салуды немесе сол сөздің мәнін жесттер немесе қимыл арқылы көрсетуін сұранады.
Тест түсініктерді игеру іскерлігін тексеруді көздемейді. Келесі түрдегі жағдайлар да кездесіп жатады, бала ол түсініктерді игерген, бірақ ол сөздің орнына көбінесе диалекті сөздерді пайдаланады.
Сәйкес жағдайларда балаларға синоним сөздерді ұсынуға болмайды, өйткені тест қандай да бір түсініктердің игерілуін тексеруге емес, сөздерді білу яғни әдеби тілдегі сөздердің түсінілу деңгейін анықтауға бағыталған.
Бағалау әр 10 сөзге берілген ұпайлардың қосындылары негізінде жүргізіледі.
Бағалау шкаласы
0 ұпай- сөзді түсінбеу. Бала сөздердің мәнін түсінбейтінін айтады, немесе оның мәнін дұрыс түсіндірмейді, мысалы: «Жүн- оны жастықтың ішіне салады және жастанады»
1 ұпай- сөздің мәнін түсінеді, бірақ өз түсінігін сурет салу, практикалық әрекеттер немесе жесттер арқылы көрсетеді.
1,5 ұпай- бала затты сөзбен бейнелейді, мысалы: «Велосипед-онымен кәшенеді, оның екі немее одан көп дөңгелегі болады- екі үлкен, бір кіші». Немесе: «Ол – онымен сырғанау үшін»; «Қолшатыр-жауыннан қорғану үшін».
2 ұпай- бала ғылыми түсініктерге жақын анықтама береді (яғни шығу төркіні, жеке түрлері, белгілері көрсетіледі ). Мысалы: «Хат-өзің туралы жазып және пошта арқылы конвертке салып жіберуге болатын қағаз ».
Осылайша, тест бойынша максималды ұпай саны 2*10 = 20 ұпай болып есептеледі.
Жас ұлғая баланың сөздік қоры жылдам кеңейе береді, алты жасар және жеті жасар балалардың жауаптарын түрлі бағалау орынды. Осыған байланысты берілген қабілеттің даму деңгейін анықтау үшін келесі кестені пайдалану ұсынылады:

Жасерекшелік
Топтары

Сөздік қор даму деңгейі (алынған ұпайлар саны)

Төмен

Орташа

Жоғары

Алтыжасар

6,5

7-12

12,5

Жетіжасар

11,5

12-15

15,5



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет