Сабақтың тақырыбы: «Эмоцияны тап жаттығуы»


Сабақтың тақырыбы: Есту сезімі. Естіп қабылдау



бет3/22
Дата07.12.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466691
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Танымдық әрекетін түзету сабағының сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Есту сезімі. Естіп қабылдау
Мақсаты: - ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
- ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
- ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
- қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Түзету мақсаты: Ертегі арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, көру
арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту.
Көрнекілігі: Ертегілер, роликтер, слайдтар.
Барысы:
Ертегі тыңдамаған жер жүзінде адам жоқ шығар. Бұл адам баласымен бірге жасап келе жатқан көркем дүние екен. Бір кездерде біздің ата - бабаларымыз қиялдап, «Ұшқыш кілемді»,«Көлтауысар», «Саққұлақ», «Желаяқ», бір - ақ сәтте алыстан хабар алғызатын діллә тас, тез арада тамақ пісіретін сиқырлы ағаш т. с. с көптеген армандарынан оқиға қарап, ертегі деп айтқан. Ал енді қараңдаршы, балалар,, бір кездегі қол жетпес қиял бүгінде шындыққа айналған жоқ па? Қиялдың жүзеге асқан түрі:
Ұшық, суарғыш, талафон, радио, интернет т. б
Шындық көзге шұқиды қашанда,
Шыбын жанның шындықтан қаша алған ба?
Ар - ақиқат үкілі жасалғанда,
Қолға тұрар ноқтасыз асауларда.
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі,
Хайуанаттар туралы ертегілер — ертегінің көне замандағы мифтер мен әр түрлі тұрмыстық, аңшылық әңгімелердің негізінде пайда болып, кейінгі замандардағы адамдар мінезін, олардың өзара қатынасы мен байланысын аллегориялық түрде жан - жануарлар бейнесі арқылы тұспалдап көрсететін түрі.
Қиял – ғажайып ертегілер - табиғат сырларын білсек деп халық қиялы мен
арман - тілегінен туындаған ертегі түрі
Тұрмыс - салт ертегілерінің оқиғасы ертегінің басты кейіпкері қарапайым адамның өмірін, ісін, тұрмыс - тіршілігін, таптық, қоғамдық жайларын, әлеуметтік көзқарасын суреттеуге қүрылады.

«Керқұла атты Кедебай» үзінді.
Ертегілердің бір саласы – әдеби ертегілер. Әдеби ертегілердің жазған авторы
белгілі болғандықтан оны әдеби ертегілер деп атайды. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме аңыздардың негізінде туады.
Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтылады. әдеби ертегілерде еңбек
адамын қадірлеуді, туған елін сүйюді, биік адамгершілікті, әділетті болуды уағыздайды.
Әбділдә Тәжібаев «Толағай» ертегісін көрейік

Ертегі туралы ой қозғайық (сұрақ жауап)
1. Еркек қойды «қоздатып», хан сынағынан мүдірмей өткен аңыз кейіпкерін белгілеңіз. (Жиренше)
2. Ер Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздық иесі кім? (Шойынқұлақ)
3. «Аяз би» ертегісінде Мадан ханның шыққан тегі. (Наубай)
4. «Ер Төстік» ертегісіндегі Кежекейді жар басындағы лашыққа шақырған кім? (қызды табыңыз) (Перінің қызы Бекторы)
5. «Алдар көсе» аңызында бай кімнің атын өлтіргенін анықтаңыз. (Өзіңіз)
6. Өмірде болмайтын нәрселер жайлы әңгімеленетін ертегі түрі. (Қиял ғажайып ертегілер)
7. «Аяз би» қандай ертегіге жататынын табыңыз. (Шыншыл ертегісі)
8. «Аяз би» ертегісінде Жаманға Меңді сұлу қандай заттар жібереді? (Гауһар тас, пышақ, тәрелке, қайрақ)
9. Уәзірлер не үшін шөптің жаманы деп шеңгелді алады? (Өзі тікен, арасынан жүрсе киім жыртады, мал жемейді екен, шөпттің жаманы осы ғой)
10. Ертегілерде кездесетін жағымсыз кейіпкер? (мыстан кемпір)
11. Мергенбай батыр қай ертегінің кейіпкері? (Қерғұла атты Кендебай)
12. Дәу қайертегінің кейіпкері? (Қаңбақ шал)
«Әтеш, қоян және түлкі» ертегісін тамашалайық.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рақмет. Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!

Педагог-психолог: Бердыкулова Арайлым





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет