Танымдық әрекетін түзету сабағының сабақ жоспары
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: А.Игенова
Мерзімі: 13.12.2021ж
Сыныбы: 3 «в»
Оқушы: Кенжебай Кенжебек
Сабақтың тақырыбы: «Ермексазбен жұмыс»
Зейінді дамыту және тәрбиелеу жаттығулары
1. Зейінді аудару қабілетін дамыту жаттығулары
Балаға әртүрлі сөздерді атаңыз: үстел, кереует, кесе, қарындаш, дәптер, кітап, тоғай, шанышқы және т.б. Ол келісім бойынша белгілі бір сөздерге қимылмен жауап беруі керек. Бала мұқият тыңдайды да, мысалы, жануарды білдіретін сөздерді естігенде, алақанын соғады. Егер бала шатасып кетсе тапсырманы қайталаңыз.
Осындай және осыған ұқсас жаттығулар зейінділікті, зейіннің бөлінгіштік және аударылу жылдамдығын дамытады, ал сонымен бірге баланың ой-өрісін кеңейтіп, танымдылық белсенділігін арттырады.
Мұндай ойындарды жарыс түрінде балалар тобымен жүргізген қызықты.
2. Зейіннің тұрақтылығы мен жинақтылығын дамыту жаттығулары
Оқи білетін балаларға ұсынылады.
Қағазда (1-сурет) кездейсоқ ретпен әріптер басылған (5 жол). Әр жолда шамамен 30 әріп бар. Бала әр жолды мұқият қарап, әріптер арасынан сөздерді құрауға тырысады. Ол осы сөздерді іздеп табуы (үш, төрт, бес әріпті) және астын сызуы керек. Табыстылық көрсеткіші – табылған дұрыс сөздер саны және тапсырманы орындау жылдамдығы. Зейінді одан әрі жаттықтыру үшін өзіңіз осыған ұқсас ынталандыру материалын дайындаңыз. Әріптер мен сөздерді машинкада немесе компьютерде теруге немесе қолдан жазуға болады. Күлкілі сөздер ойлап табыңыздар, балаларға бұл әрқашанда ұнайды.
1 сурет
Қабылдауды дамыту және қалыптастыру жаттығулары
1. «Дыбыстарды анықта» жаттығуы
Фонематикалық айыруға қабілетін дамытуға арналған. Бұл қабілеттер оқуға, жазуға, шетел тілдеріне табысты оқытудың негізінде жатыр.
Балаға түрлі заттар бейнеленген суреттер ұсынылады (2-сурет). Баланың бұл затты білетіндігін тексеріңіз. Содан кейін сіз кез-келген сөзді айтыңыз және баладан сол дыбыстан басталатын затты көрсетуін өтініңіз. Мысалы, сіз «сүт» сөзін айтасыз, бала «сиыр» суретін көрсетеді, өйткені екі сөз де «с» әрпінен басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |