Сабақтың тақырыбы: «Эмоцияны тап жаттығуы»


Танымдық әрекетін түзету сабағының сабақ жоспары



бет4/22
Дата07.12.2022
өлшемі0.92 Mb.
#466691
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Танымдық әрекетін түзету сабағының сабақ жоспары

Танымдық әрекетін түзету сабағының сабақ жоспары
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: А.Игенова


Мерзімі: 08.02.2022ж
Сыныбы: 5 «Б»
Оқушы: Муртазаева Айша
Сабақтың тақырыбы: «Заттардың және олардың бөліктерінің арасындағы кеңістік қатынасты қабылдау»
Сабақтың мақсаты: 1) Еңбекке баулу пәнімен байланыстыра отырып, ермексаздан күнбағысты мүсіндеуді үйрету.2) Оқушылардың іске деген икемділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту.

Сабаққа қажетті материалдар: ермексаз, кескіш, түсті қағаз, қалың қатырма қағаз немесе тақтайша, су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.

Сабақтың барысы:
Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырамын, Гүл секілді
Қызарады, көктейді,
Күн секілді,
Бірақ нұрын төкпейді.( Күнбағыс)
– олай болса, біз бүгін күнбағысты мүсіндейміз.
Күнбағыстың биіктігі 2 м-дей, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2-3 м тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ жапырағы сабақта кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры көп гүлді себет. Оның сыртын бір немесе бірнеше қатарға орналасқан гүл жапырақтары қоршаған. Бұлар өсімдік гүлін сыртқы қолайсыз жағдайдан сақтайды. Себеттерінің диам. 10 – 60 см-ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Жемісі — тұқымша, онда 22 — 27% май болады.
– Сонымен, біз ермексаздан күнбағысты жасаймыз. Ол үшін ермексаздан дөңгелек жасау, оны жалпайту, «ұзынша тәрізді» созу әдістерін үйренеміз.
Қажетті құралдар: ермексаз, ермексазды бөлетін кескіш, тақтайша немесе қатырма қағаз, су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.
Күнбағысты жасау үшін алдымен сары түсті ермексазды алып, оны бірнеше бөлікке бөлеміз, олар күлшелері болады. Жасыл және қара түсті ермексазды жұмсартып, илеп, екі бөлікке бөлеміз. 1 – ші бөлігі ортасы болсын. 2 – ші бөлігі үлкен, оны үш бөлікке бөліп гүлдің жапырағы мен сабағын жасаймыз.
-Содан кейін ұзыншалап алақанмен илеп, күнбағыстың ортасын жасаймыз.
-Міне, енді осыған күнбағыстың күлшелерін жапсырамыз.
– Екінші жасыл түсті ермексаздан бөліп алып, сопақшалап созу арқылы жапырақпен сабағын жасаймыз.

Педагог-психолог: Бердыкулова Арайлым






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет