Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақсаты



бет10/15
Дата11.11.2019
өлшемі1.08 Mb.
#447439
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
лекция


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген Жұбан Молдағалиев шығармаларын, өмірбаянын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Ж.Молдағалиев қызмет еткен журналдары мен алғашқы жарияланған өлеңдері .

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сырбай Мәуленов 1922 жылы Торғай облысының Жангелдин ауданында туған. Әкесі Мәулен ел арасындағы өлең-жырларды жақсы білетін көзі ашық адам болған.

Болашақ ақын алғаш Торғай мектебінде, кейін Қызылорда қаласында білім алады. 1938 жылы Қызылорда педагогикалық институына түседі. 1940 жылы институтты бітіріп үлгірмей, әскер қатарына шақырылады. Бірақ денсаулығына байланысты көп ұзамай әскер қатарынан босатылған Сырбай 1942 жылға дейін Қостанай облыстық радио комитетінде әдеби қызметкер , ауылдық мектепте мұғалімболып істейді. Содан Ұлы Отан соғысына аттанады.

Сырбай Қызылордада оқып жүрген кезден ақындық өнерге ұмтылады. Оның алғашқы өлеңі 1938 жылы сырдария аудандық газетінде жарияланады. Кейін біраз өлеңдері облыстық газет бетінде жарық көреді.

Алайда Сырбайдың ақындық жолына шындап бет бұруы Ұлы Отан соғысы кезінен басталады. Ақын өлеңдерінің лирикалық кейіпкері майданға үлкен сеніммен аттанады. «Ұйқысыз өткен түнде», «Кек», «Солдат сыры», «Боранда», «Шуылдайды қара орман», «Есіңе ал» сияқты өлеңдері майдан өмірінің ауыр шындығы мен солдаттың өліммен бетпе-бет келіп, оны талай рет жеңіп шыққанын бейнелейді.

Соғыстан кейін Сырбай Қостанай облыстық газетінде, Алматыда «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналының редакцияларында жауапты қызметтер атқарады.

«Соғыстан қайтқан солдаттар» өлеңінде психологиялық тұрғыда жақсы шешілген.Осы бір шағын өлеңде баласын күткен ата-ана, жарын күткен ару, әкесін күткен сәби қайғысы солардың «көрдің бе?» деген сұрағына жауап таппай үнсіз түнерген солдаттың сезіміне қосылып, үлкен ойлы суретке айналады.

Білімді бекіту:

1. С.Мәуленов қандай оқу орынданында оқып, қандай қызметтерде болды?

2. С. Мәуленовтың алғашқы өлеңі қай жылы, қай газетте жарық көрді?

3.Жазушының қанша жыр кітабы жарық көрді ?



Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: С.Мәуленовтің шығармашылығы мен «Боранда» өлеңін жаттап келуге беремін.

Күні: 23.01.16ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов өмірі мен шығармашылығы

(1922 – 1993)

Сабақтың мақсаты:

а)жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке, адамгершілікке баулу;

ә) логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарастарын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

б) туған жердің табиғатын сүйе білетін, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген Сырбай Мәкленов шығармаларын, өмірбаянын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

С.Мәуленовтың қызмет еткен журналдары мен алғашқы жарияланған өлеңдері .

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Тахауи Ахтанов – қазақ әдебиетіне Ұлы Отан соғысынан кейін келіп қосылған жаңа ұрпақ өкілі. Ол 1923 жылы Ақтөбе облысының Қарабұтақ селосында туған. 1940 жылы сол селода орта мектеп бітірген ол Абай атындағы қазақ педагогикалық институтына түседі.Осында екінші курста оқып жүргенде әскерге алынып, одан Ұлы Отан соғысына қатысады.

Соғыстан кейін Тахауи Қазақстан баспа орындарында , «Жұлдыз» журналының редакциясында, киностудияда, Қазақстан Жазушылар одағы мен Мәдениет министрлігінде жауапты қызметтер атқарады.

Т.Ахтановтың алғашқы өлеңдері мен очерктері майдан газеттерінің беттерінде жарияланады, біраз өлеңдері соғыстан соң шыққан»Жастар даусы» жинағына кіреді.Кейін жазушы проза мен драматургияға ауысады, әдеби-сын мақалалар жазады, көркем аудармамен шұғылданады. Ол А.Н.толстойдың «Азапты сапарда» атты үш томдық романын, С.Бабаевскийдің «Алтын жұлдызды жігіт», «Жер үстіндегі нұр» романдарын аударады.

Әр саладағы жазушы ізденістерінің нәтижесі ретінде 1956 жылы оның «Қаһарлы күндер» атты романы жарық көреді. Ұлы Отан соғысы майданының шындығын суреттеуге арналған бұл роман осы тақырыптағы қазақ әдебиеті туындыларын жаңа образдармен байытып, көркемдік ерекшеліктерімен көзге түседі.

Романға 1941 жылы күзде Мәскеуді қорғауда көзге түскен генерал Панфилов (романда Парфенов) басқарған атқыштар дивизиясының әскери өмірі негіз болған. Ал оның сюжеттік желісі Алматыда құрылған дивизияның майданға аттануынан басталып, солдаттардың үй іші, туыстарымен қоштасуы, жол әсерлері, майданға жету, соғыстың алғашқы кезіндегі қорғану шебіндегі күрес, жау қоршауында қалған әскерлер өмірі мен оны бұзып шығу кезіндегі ерліктері, Мәскеуді қорғаудағы жанқиярлық ұрыстар, тағы басқа оқиғаларға жалғасады.

Бұдан кейінгі дәуірде Т.Ахтанов «Махаббат мұңы» (1960) атты повесть, «Сәуле» (1962) атты пьеса, «Боран» (алғашқы аты – «Дала сыры») (1963) атты роман және т.б.көптеген әңгімелер жазды.Жазушының соңғы туындысы «Шырағың сөнбесін» романы (1981).

Білімді бекіту, бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Т.Ахтановтың шығармашылығын оқып келуге беремін.
Күні: 26.01.16ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесін»

Сабақтың мақсаты:

а)жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке, адамгершілікке баулу;

ә) логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарастарын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

б) туған жердің табиғатын сүйе білетін, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген Т.Ахтанов шығармаларын, өмірбаянын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Т.Ахтановтың қызмет еткен журналдары мен алғашқы жарияланған өлеңдері .

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жазушының соңғы туындысы «Шырағың сөнбесін» романы (1981).

«Шырағың сөнбесін» романы соғыс шындығы арқылы адам өміріндегі ең үлкен алапатты суреттей отырып, адамның өзі, тіршілігі үшін күресі жалғасып, жаңа өмір үшін күреске ұласатынын көрсетеді. Қамқа әженің аузынан айтылған «Шырағың сөнбесін» деген екі сөзде «өмірің жалғаса берсін», «ұрпағың өшпесін» деген мағына барын романның бас кейіпкері Нәзира соғыс үстінде ұғынады. Қанша қиындық көрсе де, екіқабат жас әйел ішіндегі нәресте туралы ойласа, осы сөзді еске алады.

Роман оқиғасы майданда емес, майдан мен елдің шекарасында өтеді. Кейіпкерлері әскери адамдар емес – кеңес офицерлерінің елге қайтарылған әйелдері, бала-шағасы. Соғыс басталып кеткенде кейін көшірілген адамдардың көрген, бастан кешкен қиындықтары арқылы жазушы соғыспен оған тікелей қатысып жүрген солдаттардың ғана емес, олардың отбасы мүшелерінің де бетпе-бет кездесуін суреттейді.

Роман кейіпкерлері көп емес. Бүкіл оқиға Нәзираның естелігі арқылы өрбиді.

Қазақ ауылынан бірінші рет Қасымбекке еріп, алысқа ұзап шыққан он тоғыз жасар келіншек - өмірде де көп нәрсені көріп үлгірмеген адам. Бұйығы, нәзік. Өзі жүкті. Соғыс басталып кетеді де, кейін қайтады. Асығыс жүктерін машинаға тиеп, жаяулап станцияға жету, вокзал басындағы қарбалас, жүрісінен тұрысы көп қызыл вагондағы қысылшаң өмір, аштық, жолшыбай жау бомбасы астында қалу, вагонның өрттенуі, көпірдің бұзылуы, кейін қарай жаяу шұбыру, фашистермен бірінші кездесу, алғашқы көрген өлім, бет-бетімен тарау және т.б.

Осы оқиғалардың бәрі жас адамның өмірдің ауыртпашылықтарымен бірінші рет кездесіп, ол туралы толғанысы, ойлану үлгісінде суреттеледі.Достық, қайырымдылық, қысылғанда біріңе-біріңнің көмекке келуің, қиындыққа мойымай қажырлылық көрсету – Нәзираның жолдас әйелдері бойынан тапқан жақсы мінездері.

Таныс емес ортада адам аярлық қиыншылық кешкен қазақ әйелі Нәзираның ішкі сезім дүниесіне үңілу арқылы Тахауи оның бойындағы адамдық қылықтарды жолдастық, достық қарызы дегендердің негізгі төркінін ұтымды ашады.



Білімді бекіту, бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романын оқып келуге беремін.

Күні: 28.01.16ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы: Әбдіжәміл Нұрпейсов өмірі мен шығармашылығы

(1924 жылы туған)

Сабақтың мақсаты:

а)жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке, адамгершілікке баулу;

ә) логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарастарын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

б) туған жердің табиғатын сүйе білетін, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген Т.Ахтанов шығармаларын, өмірбаянын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романының қысқаша мазмұнын сұраймын.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ә.Нұрпейсов 1924 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданында туған. 1942 – 1945 жылдар ішінде Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1956 жылы М.Горький атындағы әдебиет институтын бітірген. 1962 – 1964 жылдары «Жұлдыз» журналының бас редакторы болып қызмет атқарған.

Әдебиет әлеміне Әбдіжәміл майданнан кейін келді. Сұр шинелі иығынан түспей жатып жазылған тұңғыш туындысы – «Курляндия» («Күткен күн», 1949) жас офицер әлі көз алдында тұрған соғыстың азапты ауыр жолынан өтіп, қалың елді қайғы-қасіретке тұншықтырған тажалды жеңген адам рухын бейнеледі.

А.П.Чеховтың «Алтыншы палатасы», «Ит жетектеген әйел», «Бақытсыздық», М.Горькийдің әңгімелер жинағы, Назым Хикметтің «Соқыр патшасын» аударды.

«Қан мен тер» трилогиясы қаламгер есімін кеңінен танытты. Кейінгі жылдары «Соңғы парыз» атты кітабы жарық көрді.

«Қан мен тер» трилогиясының басты кейіпкерлері үстем тап өкілдері Қаратаз, Тәңірберген, Федоровтар мен Еламан, Кәлен, Мөңке, Райлар арасындағы кекті тартыс – үш тағанның негізгі сюжеттік арқауы. Еламанның Федоровты өлтіруі – бірінші кітаптың әрі шарықтау шегі, әрі келешекте тартыстың алды – үстем таптың уақытша белең алып кетуіне байланысты коллизияның сәл саябырлауы.

Ерлер бейнесі, негізінен, әлеуметтік арнада ашылатын болса, әйелдер шаңырақ айналасында табиғи қалпымен көрінеді. Ақкемпір мен Қаракемпір, Әлиза мен Ақбала, Айғанша мен Бөбек, Қарақатын мен Кенжекей – запыранды заман құрбаны.

Үш томды көктеп өтіп, негізгі идея-мақсатты айқындайтын қаһарман, әрине, - Еламан. Федоровтың өмірін үзген, сүйменді көтерткен – іш күйдірген кек еді. Ұстамды жігіт көпе-көрнеу қорлыққа шыдамай шарт сынды. Көзсіз ерлік аяқты шынжырлатып,сонау Сібірден бір-ақ шығартты – ел көрді, жер көрді, оңы мен солын танытты.



Білімді бекіту, бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ә.Нұрпейсовтың шығармашылығын оқып келуге беремін.

Күні: 2.02.16ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы: Зейін Шашкин өмірі мен шығармашылығы

(1912 - 1966)

Сабақтың мақсаты:

а)жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке, адамгершілікке баулу;

ә) логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарастарын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

б) туған жердің табиғатын сүйе білетін, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген Ә.Нұрпейсовтың шығармаларын, өмірбаянын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Ә.Нұрпейсовтың «Қан мен тер» романының қысқаша мазмұнын сұраймын.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

З.Шашкин 1912 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1930 – 1933 жылдары Мәскеудің Тарих, философия және әдебиет институтында оқыды. 1933 – 1937 жылы Қарағанды қалалық комсомол комитетінің хатшысы, Семей педагогикалық институтында ,ҚазПИ-де оқытушы, 1949 – 1955 жылдары Көкшетаудағы Бурабай шипажайында дәрігер, 1955 – 1956 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші қызметтерін атқарған. З.Шашкин баспасөзде алғаш өлеңдерімен , зерттеу мақалаларымен ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап көрінді. 1934 жылы «Абай поэзиясының ерекшелігі» атты еңбегі жарияланды. Е.Ысмайловпен бірігіп жоғары оқу орындарына арналған «Әдебиет теориясының оқулығын» жазды.

Кейін Қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ ауылының тарихи-әлеуметтік халі, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, жеке адамдардың жан дүниесі мен таным-түсінігі суреттелген «Таң атты»(1955) «Ұядан ұшқанда» (1857), сондай-ақ халықтар достығы, замандастар өмірі, туған жерге деген сүйіспеншілік бейнеленген «Темірқазық» (1959), «Өмір тынысы» (1964), «Ақбота» (1966) повестер мен әңгімелер жинақтарын шығарды. Сонымен бірге Жетісудағы саяси-әлеуметтік өзгерістерді шынайы өрнектеген «Тоқаш Бокин» (1958), қазақ әйелінің қоғамдағы орны, оның өндірісті, өнер-білімді, мәдениетті өрге бастаудағы және отбасындағы рөлі баяндалатын «Теміртау» (1960) романын жазды. Іле-шала адамдар санасындағы және тұрмыстағы жаңа салт, озық дәстүрлерді таратудағы зиялы қауымның рөлі, дәрігердің қоғам алдындағы парызы, басшы қызметкерлердің еңбек адамдарымен қарым-қатынасы, өзара сенім, достық, бірлік рухын қалыптастырудағы өнегесі айшықты кестеленген «Доктор Дарханов» (1962), тың және тыңайған жерлерді игерудің алғашқы кезеңіндегі қиыншылықтар арқау етілген «Сенім» (1966) романдары жарық көрді.

«Заман осылай басталады», «Ақын жүрегі» пьесалары республикалық, облыстық драма театрларында қойылды. Оның шығармалары негізінде «Мазасыз таң» атты көркем фильм түсірілді. Туындылары шет тілдеріне аударылды. З.Шашкин «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.



Білімді бекіту, бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: З.Шашкиннің шығармашылығын оқып келуге беремін

Күні: 4.02.16ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы: Зейін Шашкин «Доктор Дарханов» романы

Сабақтың мақсаты:

а)жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, «Доктор Дарханов» романының қысқаша мазмұнымен таныстыру

ә) логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарастарын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

б) туған жердің табиғатын сүйе білетін, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген З.Шашкиннің шығармаларын, өмірбаянын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

З.Шашкин қазақ прозасында замандас тұлғасын сомдауға алғашқылардың бірі болып ден қояды.Қаламгер замана әкелген оң игіліктер оп-оңай орныға қоймағанын, адамдар арасындағы арзан, алдамшы мінез-құлықтардың ауыр зардаптары бой көтере бастағандығын алаң көңіл қалыпта ашыла түсіп отырады.

«Доктор Дарханов» романында шиеленісе түскен жағдайлар аясындағы Нияз Дархановтың азаматтық қалыптасу жолы баяндалады.

Жазушы Сталин қайтыс болғаннан кейінгі көктемнің жайма –шуақ күніне мақсатты түрде зер салады. Кешегі қолайсыз, сұрғылт, суық күндер өткен. Адамдар сәнді киініп, серуен құрып, дұрыс тамақтанып, өмір сыйынан сыбаға алып, марқайып, тіршілік рахатын сезінуге дағдылана бастаған.

Өкпе кінаратын емдеудің жаңа тәсілін қолдану жолында доктор Дарханов қилы-қилы тіршілік кикілжіңдерін бастан өткереді. Күндеушілер қайда болса да табылады.

«Теміртау» романында Қайырға тұрмысқа шығуға ыңғай танытқан Дәмеш «Доктор Дарханов» романында шынайы сезім үшін ұмтылады.

Нияз Дарханов білікті маман, біреуге нақақ жала жаппайды. Өзін де қорғай алады, күйрек емес.

Нияз бен Сағила тарихы қысқа болғанымен, кейіпкерлердің былайғы тағдырына таңба тастап кеткен тарих. Жеңілтек, ұя бұзар әйелдің бейнесі нанымды ашылған.

Адамдар ортасы қашан да арпалыс. Нияз қандай жағдайда да бар болмысымен танылып, тұлғалана түседі.Бақастық, менбілемдік, іштарлық бірге жүретін тіршілік ағыстарында, бір күдік, бір үміт шарпыған өмірдің өткелдерінің биігінде қалу – адамшылық парыз.

Білімді бекіту, бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: З.Шашкиннің « Доктор Дарханов» романын оқып келуге беремін

Күні: 30.01.2016 Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы: Әбдіжәміл Нұрпейсов «Қан мен тер» романы.

Сабақтың мақсаты: білімділік – романдағы тарихи-әлеуметтік жағдай, романның композициялық құрылысы, оқушыларды кейіпкерлер жан-дүниесіне үңілдіру;

тәрбиелік – оқушылар бойына тарихи саналылықты қалыптастыру, адал махаббатқа, достыққа тәрбиелеу;

дамытушылық – ізденімпаздық қасиеттерді қалыптастыру, шешендікке баулу, экономикамен ұштастыру.

Көрнекілік: мулбтимедиялық компьюер, «Қан мен тер» романы бойынша жасалған иллюстрация.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау (Сауда,ақша,салық сөздерінің анықтамасы.Олардың романдағы көрінісі.)

Сауда дегеніміз – тауардың бағасын белгілей отырып, оны заттай немесе ақшалай айырбасқа түсіру. Ол романда былай көрініс тапқан.

«Еламан еңбекақысын сұрады. Арбасын шығартып алғасын ана екеуі жөндеп сөйлепей сырт айнала бастады. Ертеңгі базардан кешігіп қаламыз деп асығып тұрып, абайламай ақысын артық айтып қалыпты. Олар болмашы бірдеңемен құтыла салғысы кеп, тиын-пиын іздей бастап еді, Еламан сыпайылықты қойып жағадан ала кетті. «бір тоқтының пұлын әкел!» деп қозғалтпай тұрып, тиесілі пұлын түп-түгел құсқызып алды».

Салық – үкіметтің кәсіпорындардан,адамдардан алған төлемі,экономиканы жанама реттеуші болып табылады.

« Түс кезінде Ебейсін кірді:

- Саламалейкум...

Сүйеу үндемеді.



  • Ақсақал, үй басы тағы екі қойдан салық жинап жүрміз...

  • Салық? Ол қандай салық?

  • «Ақ қой» салығы.

  • «Ақ қойды» алып біткен жоқ па едіңдер?

  • Тағы еселеп түсті.

ІІІ.Жаңа сабақ

Романның композициялық құрылысына талдау жасау.


Кіріспе түсінік

Романның негізі

Жалпы жанр ерекшелігі

Оқиға желісі

Оқиғаның даму сатысы

Оқиғаның шиеленісуі

Оқиғаның шарықтау шегі

Оқиғаның аяқталуы

2. «Роман кейіпкерлері» сөзжұмбағы.







Қ






















А



















Н




























М






















Е






















Н




























Т






















Е













Р








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет