Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақсаты



бет8/15
Дата11.11.2019
өлшемі1.08 Mb.
#447439
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
лекция


әңгімелері: «Көксерек», «Оқыған азамат», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу»,. «Ескілік көлеңкесінде», «Шатқалаңда», «Бүркітші», «Білекке-білек», «Іздер», «Жетім», «Барымта»т.б.

повестері: «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман».

Шығармашылық тапсырма: М.Әуезовтың шығармаларындағы кейіпкерлерге мінездеме береді. «Қилы заман» повесін шығарманың құрылысына қарай талдайды

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: М.Әуезовтың шығармаларын оқып келуге беремін.

Күні: 28.11.15ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы. Құнанбай бейнесі.

Сабақтың мақсаты: а) Абай жолы эпопеясы туралы түсініктерін кеңейтіп, Құнанбай бейнесін

ашқызу..Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін, тілдік қорын,ізденістерін

арттыру

б)оқушылардың бойына әдептілік, инабатылық, қарапайымдылық

қасиеттерін қалыптастыру;



Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

1.М.Әуезов қай оқу орнында оқыған?

2.М.Әуезовтың тұңғыш мақаласы не жөніндегі мәелені көтерген?

3.Қандай шығармаларын білесіңдер?

4. «Еңлік – Кебек» пьесасын алғаш қай жерде көрсетті?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

М.Әуезов шығармашылығының үлкен арнасы – ұлы Абай жайындағы еңбектері.

Бала кезінен данышпан ақынның өлеңдерін жаттап, ұлылығын құлағына сіңіріп өскен М.Әуезов бұл тақырыпқа әңгіме де(«Татьянаның қырдағы әні»), «Абай(Ибарагим)Құнанбайұлы» атты зерттеу, либретто, пьеса, сценарий, «Абай» романын жазды. Жазушының 30-40 жылдары ұлы ақынның туған еліне, Семей, Абай ауданына қайтадан арнайы барып, Абай өмір сүрген дәуір мен өмір туралы замандастары мен көз көргендерінен естіген, ойда жүрген деректерді қағазға түсірген ерліктері де бар. Бұл тұрғыда жазушының өзі шығармаға материал жинау мен қордаланған деректерді қорыту, көркем әлемге енгізу туралы былай дейді: «Жалпы бұл кезеңдегі романға байланысты жұмыс сипатымды мен әлдеқашан көшіп кеткен керуеннің жұртына келіп, сөнуге айналған ошақ орнынан қызуы бар соңғы шоқты тауып алып, оны демімен үрлеп қоздатып, жалынды алауға айналдырмақ болған кешеуіл жолаушының әрекетімен салыстырар едім.

Көне көз қариялардың күңгірт тартқан зердесі мені Абайдың жас дәуіріне жетелеп, жол көрсетіп отырды ,алпысты алқымдаған Әйгерімнің жүзінен мен оның ақын жүрегін жаулаған балғын заманындағы сұлу ажарын елестетуге тырыстым. (М.Әуезов. «Абай Құнанбаев»).

Жазушы Абай заманын бейнелеуде нақты тарихи деректерді ала отырып, соның негізінде ақынның өз өмірінің басты мәліметтерін қажетке жаратып, кейіпкер мен орта қатынасын неғұрлым шынайы көрестуді мақсат тұтты.Ұлы ақын өмірі мен эпопеядағы кейіпкерден аса сом тұлғалы көркем бейне жасалған.

«Абай жолында» Абайдың бүкіл өмір жолы, саналы шығармашылық, жеке бас тіршілігі молынан қамтылған. Абайдың балалық шағынан алынған эпизодтар жазушы қиялы болғанымен де, бұл болашақ азамат, ақын, ел ағасы, ұлт қадірлісі Абайдың мінезін ашып, қалыптасу кезеңдерін суретеу үшін алынған.

Алғашқы роман «Абай» деген атпен 1943 жылы жарыққа шыққанда Ғ.Мүсірепов: «Абайдай» шығарма бұл күнге дейінгі бүгінгі қазақ әдебиетінде болған емес. «Абай» пьесасы жазушы М.Әуезовтың «Абай жолы» романына барар жолдардың бірі десе де болады.

Шешен тілді, көркем суретті, оқшау оқиғаны шебер қиыстыратын классик жазушы М.Әуезов әлем әдебиетіне қосылар ірі тұлға екенін оның туындылары дәлелдейді.



Құнанбай образы шебер жасалған образ.Әдеттегі түсінікпен атасақ, Құнанбай – жағымсыз кейіпкер.Дұрысында да солай: кері кеткен кері заманның жанкешті жақтаушысы, рулық-феодалдық жүйенің бір тінін үзгісі, бір өмірін ыдыратқысы келмейтін шынжырлы шонжар, күні өткен, тозығы жеткен көненің жамап-жасқаушысы...Автордың айтуында да: «Құнанбай образы, идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына орыс мәдениеті арқылы еніп келе жатқан, келешегі зор жаңаның жолындағы кедергіні – ескіні көрсету нәтижесінде туған».

Құнанбай – азулы ғана емес, ақылды, шоқпар мен сойылдың ғана емес, әріден толғайтын ойдың адамы. Көзі дара болғанымен, көкірегі сара, көреген, ашуы мен қайратын қатар ұстайтын қаталдығының ар жағында қайсарлығы жатқан қасарма, сұғын қадағанды сілейтпей тынбайтын қазымыр, қырыс кісі. Арыстанның айбаты да, жолбарыстың жүрегі де бір өзінде. Жыртқыштығы да сондай, бүргені құтылмайды, құтылса, мынаның тырнағы сонымен кетеді. Мұнысы да қайталанбас қайсарлыққа саяды. Осыған енді амалы мен айласы қосылғанда, Құнанбайдың қулығы мен сұмдығына, сұңғыла зымияндығына найза бойламай шығады. Мұнысы – ақылдан туған тәсіл.

Құнанбай алыс-жұлысқа, арпалысқа ғана емес, сөзге де жүйрік, шешен, тілі өткір, тиген жерін тіліп түседі.

Осылардың бәрі Құнанбайдың өз ортасынан биік оқшау тұрған, жоталы тұлға екенін көрсетеді және оның осындай өзгеше бөлек бітімін өз ортасы да мойындап болған. Құнанбайдың көпқырлы қасиетін досы түгіл, тіпті, дұшпаны да жоққа шығара алмайды.



Кітаппен жұмыс: романдағы кейіпкерлерге мінездеме береді

Хронологиялық таблицамен жұмыс: таблицадағы елеулі жылдарды белгілейді

Білімді бекіту: «Абай жолының» бірінші баспасы қай жылы жарық көрді?

2.Романдағы Қамқа мен Қодардың іс-әрекеті тарихи шындық па?



Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Абай жолын» оқып келуге беремін

Күні: 21.11.15ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың драмаларының көркемдік ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін артыру;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабатылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге М.Әуезовтың «Абай жолы» романы берілген.Романның мазмұнын сұраймын..

1.Эпопеяның алғашқы нұсқасы қай жылы жарық көрді?

2.Роман-эпопея дегеніміз не?



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

М.Әуезов – қазақ әдебиетіндегі алғашқы драмалық шығарманың авторы.Драматург ретінде М.Әуезов пьесалары басқа да көркем туындылары сияқты шұрайлы шешен тілімен,бай мазмұнымен,кейіпкерлердің алуан тағдырлы,қым-қиғашты тірлік сезімдерімен ерекшеленеді.

«Еңлік-Кебек» - 1917 жылы мамыр айында,жайлауда Абайдың жары Әйгерім үйінде алғаш қойылған,қазақ елі тарихындағы бірінші пьеса.Пьеса Шыңғыстау жерінде болған оқиғаға негізделіп құрылған.Бұл жөнінде ақын, Абайдың немере інісі,Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек»(«Жолсыз жаза,яғни кез болған іс») деген поэмасы да бар.Еңлік пен Кебек жөніндегі аңыз Шыңғыстау, Семей,Тарбағатай өңірлеріне кең тараған.Халық жыр қылып айтып,махаббат дастаны етіп сақтаған қадірлі аңыздың куәсі Еңлік-Кебек моласы қазірге дейін сақталған (Абай ауданында)

Жер дауы,жесір дауы – қазақты ежелден бір-біріне жау,дұшпан еткен бітіспес күрестері.Еңлік пен Кебек те – жауласқан екі ру – Матай мен Тобықты елінің жалған намыстарының құрбандары.

М.Әуезовтың шоқтығы биік,қымбат шығармаларының қатарында – «Қарагөз» пьесасы бар.Алғаш рет 1926 жылы Семейде басылған.Кейінен 1960 жылы Алматыда «Қараш-Қараш» деп аталатын жинаққа кіргізілген.Пьесаның тақырыбы – махаббат,сүйіспеншілік.Көркем бейнелердің шебер жасалғандығымен,лирикалық тебіренісінің күштілігімен де пьеса нағыз суреткер қолтаңбасын танытады.

М.Әуезовтың «Бәйбіше-тоқал» пьесасы 1918 жылы жазылып,1923 жылы басылған.

Пьесаның оқиғасы Есендік байдың бәйбішесінің балалары мен тоқалы Қайшаның жауласуы,мал үшін,байлық үшін таласуын баяндайды.Күндестің баласы деп бәйбішеден туған Дәмешті сүймеген басы таз,теңі де емес Аманбай деген бауырына алдап,арбап,қорқытып қосқысы келген тоқалдың ойы жүзеге аспай қалады.

Драматургия саласындағы «Октябрь үшін» деп аталатын шығармасы Жетісудағы социалистік революцияның тарихынан хабар береді.1933 жылы «Қазақстан» баспасынан жарық көрген,пьеса еш жерде қойылмаған.Саясат ықпалымен жазылған.

1916 жылдың оқиғасын суреттейтін қаламгер туындыларының бірі – «Түнгі сарын» пьесасы.

«Айман-Шолпан»(1934 жылы және1956 жылы өзгеріп қайта басылған) – осы аттас лиро-эпостық жырдың оқиғасын сақтап жазылған.М.Әуезовтың «Тас-түлек», «Шекарада». «Алма бағында» деп аталатын пьесалары – жаңа социалистік қоғамның қажетін өтеу мақсатында,заман ағымымен жарық көрген шығармалар.Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, «Сын сағатта», «Намыс гвардиясы»(Ә.Әбішевпен бірге жазылған), «Қынаптан қылыш»(Ғ.Мүсіреповпен бірге) пьесалары елді қорғау,Отанды,жерді сүю идеяларын көтеріп,халықтың рухын көтерді



Пьесалары: «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Тас түлек», «Шекарада», «Алма бағында» т.б.

Кітаппен жұмыс: М.Әуезовтың пьесаларын рөлге бөліп оқиды Білімді бекіту: 1.М.Әуезовтың тұңғыш мақаласы не жөніндегі мәселені көтерді? 2.М.Әуезовтың 20-жылдарда жазылған әңгімелер топтамасы қандай идеяны,тақырыпты қозғайды? Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:М.Әуезовтың драматургиясын оқып келуге беремін

Күні: 8.12.15ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов

(1900-1973)

Сабақтың мақсаты: а) жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, ерлікке, адамгершілікке баулу;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы жазушы шығармаларын оқуға үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген М.Әуезовтың өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.М.Әуезовтың «Абай жолы» роман эпопеясындағы Құнанбай және Абай бейнелерін сұрау.

2. М.Әуезовтың қандай драмалық шығармаларын білеміз?

3. Проза жанрындағы алғашқы шығармалары?


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Ақын, жазушы, драматург қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі Сәбит Мұқанов Солтүстік Қазақстан облысында 1900 жылы туған. Ауыл молдасынан ескіше оқыған. Бала кезінен қисса-дастан, жыр, аңыздарды жатқа айтып өскен. С.Мұқанов қазақ әдебиетінің озық үлгілерін оқып танысады. Кейінен Омбыдағы мұғалімдік оқуға түседі. 1922 жылы Орынборда жұмысшы факультетінде оқиды. Ленинград университетінде, қызыл профессура институнда білім алады. «Еңбекші қазақ» («Егемен Қазақстан») газетінде қызмет етеді.жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарады.

С.Мұқанов - әдебиеттің түрлі жанрларында асыл мұралар қалдырған қаламгер. Оның әңгімелері, романдары, өлеңдері мен поэмалары, драмалық шығармаларымен бірге очерктері, ғылыми еңбектері, әдебиеттегі тұлғалар, әдебиет жанрлары жайындағы еңбектері де қазақ елі үшін құнды дүниелер.

Поэзиясы: «Бостандық», «Кедей баласы», «Батырақ», «Октябрь өткелдері», «Шоқпыттың шаруасы», «Сүт заводы», «Қазақстан», «Жолы жоқтар біздің жолға қосылған», «Егістік», «Балқаш», «Конвейер», «Майға сәлем», «Пионер», «Жетім қыз үйінде

Прозасы: «Теміртас», «Есіл», «Өмір мектебі», «Менің мектептерім», «Адасқандар» («Мөлдір махаббат») «Сырдария», «Ботагөз», » «Сұлушаш».

Пьесасы: «Аққан жұлдыз» («Шоқан Уалиханов»)пьесасы.

Дәптермен жұмыс: С.Мұқановтың поэзиясын, прозасын,драматургиясын жазады.

Кітаппен жұмыс: кітаптан С.Мұқановтың шығармаларын оқиды
Білімді бекіту: 1. С.Мұқановтың өскен ортасы жайлы не білесіңдер?

2.С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы несімен ерекшеленеді?

3.С.Мұқановтың сүбелі шығармасы «Адасқандардың» дүниеге келуіне не себеп болды?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: С.Мұқановтың өмірбаянын және шығармаларын оқып келу.

Күні: 12.12.15ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романы

Сабақтың мақсаты: а) жазушының «Аққан жұлдыз» романынан мәлімет бере отырып, ғылымды сүюге, адамгершілікке баулу;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың проза жанрына деген қызығушылықтарын арттыру
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген С.Мұқановтың өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.С.Мұқановтың өскен ортасы жайлы не білесіңдер?

2.С.Мұқановтың «Сұлушаш»поэмасы несімен ерекшеленеді?



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

С.Мұқановтың эпикалық прозадағы соңғы шығармасы – «Аққан жұлдыз» романы. Бұл роман қазақтың ХІХ ғасырда өмір сүрген ағартушы-демократ, ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметіне арналған. Роман үш том көлемінде жоспарланған екен, оның алғашқы екеуі жазылып, кітап болып (1970, 1976) басылған. Соңғы томның қолжазбасы аяқталған жоқ. Оның тек екі тарауы ғана сақталған.

Жазушы естеліктері мен жазбаларына қарағанда, ол Шоқан өмірі туралы мәліметтерді ертеден, сонау 20-жылдардан бастап жинастырған. Ғалымның өзі жайлы, туған-туыстары, ортасы жайлы әңгімелерді көп тыңдаған. Кейін оны архив деректерімен толықтырған. Шоқанның өз шығармаларын қадағалап оқыған. Омбы, Петербург, Шыңжан елдерінде болып, Шоқан жүрген жерлермен өткен. Шоқан турал зерттеу еңбек, мақалалар, пьеса жазған. «Аққан жұлдыз» осы ұзақ ізденістің қорытындысы еді. Алайда жазушының мезгілсіз қазасы романды толық аяқтауға мұрсат бермеді.

Романның бірінші кітабы жазушының көзі тірісінде 1970 жылы жарияланды. Мұнда, негізінен, Шоқанның шыққан тегі, өскен ортасы жайлы қамтылған. Абылайдан бергі Уәли, Айғаным, Шыңғыс билігі тұсындағы ел жайы, Шоқанның балалық шағы жайлы мәліметтер қызғылықты берілген. Бала Шоқанның ерке өсуі, шалдуар мінездері туралы деректер ел аузындағы деректерге сүйеніп жазылған. Романның екінші тарауы Шоқанның Омбыға оқуға аттануынан басталып, оның кадет корпусын бітіру кезеңімен аяқталады. Бұл тарауда Омбы жолындағы сан қилы шытырман оқиғалар – балықшылармен кездесу, олардың қонысын абайсызда өртеп алу, жәмшік жолымен өту, жатақтар ортасында болу сияқты Шоқанның өміртануына көмектесерлік әлеуметтік сипаты бар оқиғалар қамтылады. Шоқанның Айжанға деген алғашқы махаббатының оянуы, оны оқуға аттанарда анасына табыстап кетуі де қызықты жазылған.

Екінші кітабы Шоқанның Омбы генерал-губернаторының адъютанты болып жүрген кезлегі өмірі мен қызметі суреттеледі. Онда болашақ ғалым-демократтың Атбасар жәрмеңкесіне, Сібірге, Бурабайдағы жаңа патшаның таққа отыру тойын ұйымдастыру сапарлары кезіндегі ел өмірімен танысуы, халықтық көзқарастың қалыптасуы, адамдық мінез-құлықтары жайлы мол мәліметтер қамтылады.

Ауылына барған жолы бала күнінде бірге ойнап өскен Айжанды көру, Тақырмен, Жайпақпен кездесуі оның бай-кедей деп бөлмей, адал, ақкөңіл бала мінезінен хабар береді. Олармен елжірей, сағына көрісуін жалпыға жалпақтау деп ұққан анасының жақтырмай қалғанының да куәсі боламыз.



Кітаппен жұмыс: кітаптан С.Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романын оқып танысады.оқиды.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауабына,сабаққа қатысып отырғандығ бағаланады.
Үйге тапсырма: С.Мұқановтың поэзиясын оқып келеді..
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов өмірі,шығармашылығы.

«Сұлушаш» поэмасы»

Сабақтың мақсаты: білімділік – С.Мұқановтың өмірі туралы мағлұмат бере отырып,жазушының шығармашылық зертханасына үңілу,талдау, «Сұлушаш» поэмасының мазмұнымен танысу, кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау,тақырыбы мен идеясын ашу; тәрбиелік – жазушының шығармашылығын игерте отырып оқушыларды адамгершілік қасиеттерге,тілін,тарихын,әдебиетін құрметтеуге баулу; дамытушылық – оқушылардың дүниетанымын кеңейту,әдеби сөйлеу тілін қалыптастыра отырып көркем сөйлеуге бейімдеу.

Сабақ түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу,сұрақ-жауап, insert әдісі,ойын элементтері.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық,жазушының суреті,еңбектері.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі,ағылшын тілі,орыс әдебиеті,тарих.

Сабақ барысы.

1. Ұйымдастыру :а) сәлемдесу; ә) кезекшімен сұхбат; б) «Миға шабуыл» әдісімен сұрақтар қою:

1. Биыл қандай ақын-жазушылардың мерейтойы?

2.Бес арысты ата.

3.Үш бәйтеректі ата.



2. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы,мақсатымен таныстырамын.Оқушыларға үй тапсырмасы ретінде С.Мұқановтың өмірі мен «Сұлушаш» поэмасының мәтінімен танысып келу алдын ала берілген болатын.Оқушылар үш топқа бөлінеді.

Сайыстың кезеңдері:


  1. «Ой ашар»;

  2. «Мен айтамын,сен жалғастыр»;

  3. «Ділмар»;

  4. «Тапқырлық».

1-кезең бойынша әр топ өздеріне берілген пікірді қорғайды

(«Ой ашар» кезеңі).

1-топ.Ақындар. «С.Мұқанов – ақын» деген пікірді дәлелдейді.

2-топ.жазушылар. «С.Мұқанов – жазушы» деген пікірді дәлелдейді.

3-топ.Зерттеушілер. «С.Мұқанов – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші» деген пікірді дәлелдейді.

С.Мұқановтың өмірі туралы қосымша мәлімет беріледі.

Жазушыға арналған көрмемен таныстырылады.



2-кезеңде әр топтың оқушылары «Сұлушаш» поэмасының мәтінін бірінен кейін бірі баяндайды («Мен айтамын,сен жалғастыр» кезеңі).

3-кезеңде әр топқа 9 сұрақ беріледі.Оның жауабын оқушылар қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде айту керек («ділмар» кезеңі).

«Ақындар» тобына:

  1. «Сұлушаш» поэмасы нешінші жылдар аралығында жазылды? (1926-1928)

  2. Тортөбел деген не? (жылқы-лошадь-horse)

  3. Поэманың үзіндісіндегі жасырған сөзді тап.Алтай қозы бақты,қой бақты,тағы не істеді? (отын жақты-дрова-wood)

  4. Алтынайдың әкесі қызының жасауына қосып тағы кімді берді? (құл,күң-раб,рабыня-slave)

  5. Сұлушаштың шашын бір өргенге әкесі қанша төлейтін?(бір жылқы-одна лошадь-one horse)

  6. Ермек Алтайға кім болып келеді? (іні-младший брат-younger brother)

  7. Қалың малға қоса күйеу жігіт босаға айыбы деп не берді? (100-жылқы-100 лошадей-hundred horse)

  8. Алтай мен Сұлушаш қай жыл мезгілінде қашпақшы болды? (күз-осень-autumn)

  9. Алтайдың елге келмей,қой бағып жүргеніне неше жыл болды? (бір жыл-один год-one year)

«Жазушылар» тобына:

1.Тілеуберді Алтынайға қалың мал ретінде неше жылқы берді? (мың-тысяча-thousand)

2. Алтынайдың әкесі қызының жасауын неге артып береді және оның саны нешеу? (90 нар – девяносто нар – ninety camel)

3. Тілеуберді ұрын келе жатқан күйеу жігіт үшін неше үй тіктіреді? (он-десять-ten)

4. Сұлушашқа құда түскен күйеу жігіттің түр-келбеті қандай еді? (ұсқынсыз-некрасивый-ugly)

5. Мәтіндегі жасырын сөзді тап.Алтайдың айтуынша, «Не киіп аяққа,аң аулайтын қолымызда жоқ садақ,яки,мылтық»? (шаңғы-лыжи-skies)

6. Құз басындағы бүркітті аулау үшін арқан мен торды кім береді? (шал-старик-old man)

7. Алтай мен Қайсар Сұлушашқа таудан бүркітті ұстап оралғанша тұзақпен нені ұстап,сонымен ас дайындап қой дейді? (қоян-заяц-hare)

8. «Сұлушаш» поэмасы неше үлкен бөлімнен тұрады? (төрт-четыре-four)

9. Сұлушаш нешеге келгенде көркі,сұлулығы толысты? (он алты-шестнадцать-sixteen)



«Зерттеушілер» тобына.

  1. Тілеуберді неше жыл отасқаннан кейін балалы болып Сұлушашты көреді? (екі-үш жыл-два-три года- one-two-year)

  2. Сұлушаштың асқан сұлулығын сипаттағанда жазушы қыздың мойнын неге теңеп суреттейді? (аққу-лебедь-swan)

  3. Ырысты деген кім? (күйеу жігіт-жених-boy friend)

  4. Алтай жастайынан не бағып өсті? (қой,қозы – овец,ягненок – sheep,lamb)

  5. Сұлушаш Алтай мен Қайсарды бүркітті аулаудан күтіп отырғанда қандай құстың қайтып бара жатқанын көріп оған тіл қатады? (қаз-гусь-goose)

  6. Алтай таудан Сұлушашқа оралып келе жатқанда орманнан аңдар не себепті қаша бастайды? (өрт-пожар-fire)

  7. Сұлушаш Алтайды кездесуге алғаш шақырғанда екі жүзді не береді? (қанжар-кинжал-dagger)

  8. Байбосын Тілеубердіге кім болып келеді? (құда-сват-matchmaker)

  9. Сұлушаш кішкентай кезінде не жасап ойнайтын? (қуыршақ-кукла-doll)

4-кезеңде әр топ оқушылары кейіпкерлерге берілген мінездемені мәтін бойынша дәлелдеу керек («Тапқырлық» кезеңі).Сұрақтар қойылады.

1.Сұлушаш – ерке,шолжаң емес,ақылды,парасатты жан.

2.Алтай - өжет,тапқыр жігіт.

3.Сұлушаштың анасы Алтынай мен жеңгесі Айжан – ескі салтты ұстанушылар.

4.Алтай – адамгершілігі жоғары жігіт.

5.Сұлушаш - өжет,қайсар қыз.

6.Қайсар – досқа адал жан.
Сабақты қорыту. Insert әдісі арқылы кестені толтырады.


Білгенмін

Білдім

Білгім келеді










Оқушыларды бағалау.Әр топ берген жауаптары бойынша бағаланып,жеңген топ анықталады.Әр оқушы сабақ барысында жинаған жұлдызшалары бойынша бағаланады.

Үй тапсырмасы. «Сұлушаш» поэмасына сценарий құру.

Күні: 15.12.15ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов

Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік, инабатылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет