Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақсаты



бет9/15
Дата11.11.2019
өлшемі1.08 Mb.
#447439
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
лекция


Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

С.Мұқановтың шығармашылығын «Қауырсын» әдісімен қорытындылаймын.



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Ғабит Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік қазақстан облысы, Жамбыл ауданында туған. Ауыл молдасынан хат танып, 1917 жылы Қостанай уезінің Обаған болысында 2 класты орыс мектебіне түседі, белгілі ақын, талай жақсы жайсаңдарды оқытқан Бекет Өтетілеуовтен оқиды. Пресногорьковтегі жоғары бастауыш училищені бітіріп, жеті жылдық білім алады.

1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетін бітірген соң, бір жыл Омбы қаласындағы ауыл шаруашылық академиясында оқыған. 1928-1938 жылдары түрлі жауапты орындарда, баспасөзде қызмет атқарады.1938-1955 жылдарда таза әдеби жұмыспен айналысады.1956-1966 жылдары «Ара-Шмель» журналының бас редакторы, Қазақстан жазушылар одағының бірінші хатшысы болған.
Хронологиялық таблицамен жұмыс: таблицадағы елеулі жылдарды белгілейді
Әңгімелері: «Қос шалқар»1928, «Талпақ танау»(1933), «Шұғыла» (1933), т.б.
Повестері: «Тулаған толқында», «Көк үйдегі көршілер», «Өмір ертегісі», «Алғашқы адымдар»,

«Тұтқын қыз», «Жайлау жолында», «Туннель»


Романдары: «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», «Жат қолында», «Ұлпан»
Пьесалары: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақан сері-Ақтоқты», «Қыз жібек», «Амангелді».
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Үйге Ғ.Мүсіреповтың өмірбаянын оқып келуге беремін

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің әңгімелері

Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, топтастыру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Ғабит Мүсіреповтың өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

1.Ғабит Мүсіреповтың қазақ әдебиетінде сіңірген еңбегі туралы айт.

2.Ғабит Мүсірепов әдебиеттегі сөз құдіретін түсінген қазақ сөзін қадірлеп өткен қаламгер екені белгілі,бұған өзің қандай мысал келтіресің?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ғ.Мүсіреповтің алғашқы әңгімесі – 1928 жылы жазылған «Қос Шалқар».туған өлкесіне ержеткенде оралған кейіпкердің өткенді бүгінгімен салыстыра еске алғаны айтылады.Бүгінгі қос Шалқар кешегі сәби көңілін құлазытқан жер емес екенін түсінгені айтылған.Жазушы әңгіме кейіпкерінің екі Қос Шалқардағы екі түрлі өмірді көргенін,екеуі екі түрлі сезім екенін суреттеген.

Жазушының «Талпақ танау» (1933) әңгімесі қазақ аулына шошқаның алғаш келуін суреттейді.Шошқаны «малдан гөрі итке ұқсайды», «бауыры толған қаз-қатар емшек» деген ауыл адамдарының сөзін келтіруден-ақ қазаққа жат малдың қадірлі санайтын қоймен(«қойға теңемеші кәпірді») қатар бағуды күштеп кіргізіп отырған саясатты астарлы жеткізеді.

Халыққа теңдік,жақсылық береміз деген социализм сұмдығы, «Шұғыла»(1933) әңгімесінде де ашылады. «Асыра сілтеу болмасын,аша тұяқ қалмасын» деген үкімет саясаты қазақтың күнкөрісі малынан тігерге тұяқ қалдырмай түгел алып қояды.Халық аштыққа,жаппай қырылуға ұшырайды.Осы жайды жазушы ашық жазбағанымен,аштықтың себебін,кінәлі басшылықты астармен бейнелейді.Елді тентіретіп,алдының аштықтан өлуіне себепкер болғандардың бірі – Дәулетбек піркәншік пен оның әйелінің топастығын,сұрқиялылығын суреттейді.Алғашқы жоғарыда аталған шығармаларында 20-30 жылдардағы халық өмірінің шынайы шындығын берген түбегейлі тартысты ойнақы әзілмен,жарасымды қалжыңмен,ұлттық нақышпен дәл суреттеуін шеберлік үлгісі деуге болады.

Жазушының аналар бейнесін ашқан әңгімелерінің өзі бір роман жүгін көтереді. «Ер ана», «Ақлима», «Ананың арашасы», «Ашынған ана» әңгімелерінде әйел-ананың өр,ер,тәкаппар,еңбекқор,рухы күшті бейнелері жасалды.Ана деген сөзбен адамгершілік асыл қасиеті ашады.Нағима,Наталья,Ақлима,Қанапия аналардың ерлігін жаза отырып,халық ерлігінің төркініне бойлатады.

Жазушы «Этнографиялық әңгімесінде» қазақ қоғамындағы өз ортасы қажетсіз дәтүрді ұстанған ауыл тағдырын жазады.Жаңаны қабылдағысы келмеген,ата салтты ұстанамыз деген төре ауылының аянышты тағдыры,болашағы күліп отырып жылатады.

Қазақтың белгілі жазушысы,әңгіме шебері Б.Майлин өмірінен жазылған «Біздің Биаға» туындысының да берері көп,тағлымы мол,көркем. Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Үйге Ғ.Мүсіреповтың әңгімелерін оқып келуге беремін

Күні: 19.12.15ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің романдары

Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып, оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу,

ә) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойын дамыту, оқу материалына сын көзімен қарап, жолдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне ұлттық дәстүрді қастерлеуге үйрету;


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген Ғабит Мүсіреповтың әңгімелерін сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Ғабит Мүсіреповтың қандай шығармаларын білесіңдер?

2.Ғабит Мүсірепов «ана» тақырыбына байланысты қандай шығармалар жазды?


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Жазушының «Қазақ солдаты» романы(1950) Кеңестер Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың өмірінен алынған. Бас кейіпкері – Қайрош Сарталиевтің балалық шағынан, ауылдан қалаға қашып келген оқиғадан басталып, азамат болып қалыптасуына дейінгі аралықты қамтиды.

«Оянған өлке» 1953 жылы жазылған. Қазақ даласындағы капиталистік қатынастардың кіріге бастауы, өнеркәсіп, өндіріс орындарының бой көтеруі, жұмысшы табының қалыптасуы т.б. тарихи, саяси-әлеуметтік оқиғалар кеңінен суреттелген. «Жат қолында»(1984) романын «Оянған өлкенің» жалғасы деуге де болады. Жазушы ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Орталық Қазақстандағы қоғамдық-әлеуметтік өмірді жазады. Романның бас кейіпкері – күрескер Кенжеғара Берікқарин. «Оянған өлкедегі» Игілік байдың ұлы, бірақ сол кезеңге лайықтала сомдалған жаңа бейне.

Ғ.Мүсіреповтың әйел-ана бейнесін жасаған бірнеше әңгімелері бар екенін жоғарыда айтып өттік Сол топты толтыратын туындысы - «Ұлпан» романы.Ұлпан – рухы күшті, мінезі кесек, жарқын тұлға.Қазақ әйелінің асыл қасиеттерімен бірге ерге лайық мінезді бойына тұтқан Ұлпан ел-жұртының қамқоры, тағдыры қатпар-қатпарлы ,мыңғырған мал, самсаған байлық иесі болғанымен ел ішінің қатал заңдары Ұлпанға қиындығы мен қасіретін де аз тартқызбайды. Соны жеңе білген, рухын түсірмеген, парасат, тазалығымен өмір кешкен Ұлпан өмірін үлгі етеді.
Романдары: «Оянған өлке», «Жат қолында», «Ұлпан»

Топпен жұмыс: романдағы басты кейіпкерлерге мінездеме беру

Семантикалық картамен жұмыс:

1902 жылы дүниеге келді

1917 жылы оқуға түседі

1923 жылы Омбы қаласында оқиды

1928-1938 жылдары жауапты орындарда қызмет атқарады.

1938-1955 жылдары әдеби жұмыспен айналысады.

1956-1966 жылдары «Ара-Шмель» журналының бас редакторы болып қызмет атқарады.
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Үйге Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романын оқып келу.
Күні: 22.12.15ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: Ғабиден Мұстафин

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.



Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,электрондық оқулық т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих
а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген Ғ.Мүсіреповтың өмірбаянын,шығармашылығын сұраймын. 1.Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлке» тындысы қазақ әдебиетіне несімен жаңалық болып қосылды?

2.Ғ.Мүсірепов әдебиеттегі сөз құдіретін түсінген қазақ сөзін қадірлеп өткен қаламгер екені белгілі,бұған өзің қандай мысал келтіресің?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ әдебиетінде қарапайым еңбек адамының көркем бейнелерін сомдаған Ғ.Мұстафин 1902 жылы Қарағанды облысында туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң 1916 жылы орысша-қазақша мектептің 4-сыныбына оқуға түсіп,бір жылдан кейін бітіреді.1918-1925 жылдары жаңа құрылған ауылдық кеңестің жұмыстарында қызмет етеді.Қазақстандағы жаңа құрылыс өзгерістері,заманның қилы кезеңдеріндегі адамда тағдырын көркем кестеге түсіру жазушы өмірінде Қызылорда қаласында жоғарғы сотта қызмет еткен кезеңінен басталады.Ғ.Мұстафин өзі куә болған,сотқа түскен қағаз беттеріндегі адамдар жайында хабарлама,очерк,фельетондарын «Еңбекші қазақ» газетіне жариялай бастайды.Алғашқы еңбегі «Ер Шойын» 1929жылы жарияланды.Жинаққа «Сәрсен мен Боқаш», «Ер Шойын», «Қан», «Қашқын» т.б. әңгімелері енген.Шығармалары еңбек,тап күресі тақырыптарын қамтыды.


Хронологиялық таблицамен жұмыс:

1916 жылы орысша-қазақша мектептің 4-сыныбнда оқиды.

1918-25 ж.ж. жаңа құрылған ауылдық кеңестің жұмыстарында қызмет етеді.

1929 ж. алғашқы кітабы «Ер Шойын» жарияланады.

1930-33 жылдары Қарағанды қаласында кен орнында жұмыс істейді.

1933 жылы «Қарағанды пролетариаты» газетінің жауапты секретары қызметіне тағайындалады.

1938 жылы Алматы қаласына көшіп келеді.

Кітаппен жұмыс:

Кітаптан Ғ.Мұстафиннің шығармаларын оқып,құрылысына қарай талдайды.


Білімді бекіту:

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып,түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ғ.Мұстафиннің өмірбаянын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы: Ғабиден Мұстафиннің шығарамалары

Сабақтың мақсаты:

а)жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке,адамгершілікке баулу;
ә) логикалық ойлау қабілеттерін,өмірге деген көзқарастарын дамыту.Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау.Мәнерлеп оқу,көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

б) туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген Ғабиден Мұстафиннің шығармаларын,өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Ғ.Мұстафиннің дүниеге келген шақтағы қазақ даласының жай-күйі туралы айтып көр.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
1939жылы «Өмір мен өлім» атты тұңғыш романын жазады.1939-1948 жылдары «Әдебиет майданында (қазіргі «Жұлдыз») қызмет етеді.1942 жылы «Айқап» пьесасын, «Тұтқын», «Құлаған құз», «Керуен» әңгімелерін жазады.1945 жылы «Шығанақ»,1948 жылы «Миллионер» шығармалары жарияланды.1952 жылы жазылған «Қарағанды», «Дауылдан кейін» (1960), «Көз көрген» романдары – оқырман қауымның ықыласына бөленген шығармалар.Жазушының «Шығанақ романы 1945 жылы жарық көрді.Шығарма адам мен табиғат арасындағы үйлесімді жаңа қырынан көрсетті.Адамзаттың қажетін тек табиғаттан алуға үйренген қам-қарекетінің екінші жағын ашуды мақсат еткен.Бұл шығанақ бейнесімен ашылған.

«Миллионер романы (1948) «Шығанақ» романында суыртпақтап басталған ұжымдық еңбек жемісін кең көлемде ашты.Жазушы соғыстан кейінгі күйзелген елдің болашағын жарқын да,шат тұрмыс,бай-бақуатты қалыпта көрсетеді.

«Қарағанды» романы(1952) – Қазақстандағы өндірістің дамуын,жұмысша табының туып,қалыптасқанын көрсетететін шығарма.Жұмысша тақырыбы,әрі Қарағанды өңіріндегі өндіріс жазушы өміріне таныс. «Дауылдан кейін»(1959), «Көз көрген» (1963).

Ғ.Мұстафин шығармалары – қазақ даласының,қазақ халқының тарихы.Өсу,даму,өркендеуінің шежіресі.Сондай-ақ,жазушы шығармалары – жақсылыққа сенген,бақытты келер күннен күткен халық үмітінің көрінісі іспеттес.


Кітаппен жұмыс: Кітаптан шығармаларын оқып,құрылысына қарай талдайды.

Білімді бекіту:

  1. Ғ.Мұстафиннің өскен ортасы,жетілген жері жөнінде не білесің?

  2. Ғ.Мұстафин сондағы Ш.Берсиев бейнесі несімен қызықтырады?

  3. Жазушының «Миллионер» туындысы бүгін қандай мәселелерді қозғайды?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ғабиден Мұстафиннің бір романын оқып келуге беремін.

Күні: 9.01.16ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы: Соғыстан кейінгі әдебиет

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) сөйлеу тілін сөз мағынасын түсініп шапшаң ой қорыта алуға,мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

б) Туған жердің табиғатын сүйе білетін оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Қазақ әдебиетінің соғыс соғыс кезіндегі шығармалары несімен ерекшеленеді?

2.Соғыс кезіндегі әдебиеттегі образдар қалай пайда болады деп ойлайсыңдар?

3.Соғыс қазақ әдебиетіне қалай әсер етті деп ойлайсыңдар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1956 жылы И.Сталин өлген соң партияның ХХ сьезі жеке басқа табынушылықты сынға алды.Қоғамдағы,саясаттағы өзгеріс,орын алған бұрмалаушылықты жою мәселелерінің ашық сыналуы әдебиет пен өнерге де ықпал етті.Шығармашылық еркіндікке,тарихи шындықты,дәстүр сабақтастығын жалғауға мүмкіндік туды.Бұл әдебиеттің сапалы дамуына,көркем шығармалардың жарық көруіне мүмкіндік берді.



Прозалар: Соғыстан кейінгі жылдары еңбек тақырыбына көркем дүниелер көп жазылды.С.Мұқановтың «Сырдария» романы шөл даланы суландырған канал қазушылар еңбегін көрсетсе,Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» повесі колхозшылар еңбегін, «Қарағанды» романы кеншілер еңбегін,Ғ.Слановтың «Кең өріс» повесі малшылар еңбегін көрсеткен.Соғыстан кейінгі әдебиетте халық тарихы,өткен өмір жайы көркем кестеленді.М.Әуезовтың «Абай», «Абай жолы»,Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлке»,Х.Есенжановтың «Ақ Жайық романдары қазақ елінің тарихи кезеңдерін көркемдік шындықпен суреттеуімен құнды.

Поэзия. Прозадағы еңбек тақырыбы поэзияда да жалғасын тапты.Х.Ерғалиевтің «Біздің ауылдың қызы»,Т.Жарковтың «Жапанды орман жаңғыртты» поэмалары жазылды.Бейбітшілік жайында өлеңдер көптеп жарық көрді.Тыныштық пен бақытты тұрмысты жырлап,бейбіт өмірді бейнеледі.Бұл Ә.Тәжібаевтың «Еуропаға саяхат»,Т.Жарковтың «Қазыналы Қазақстан» өлеңдерінде көрінсе,осы тақырып Қасым Аманжолов поэзиясының негізгі арнасына айналды.Ақынның «Туған жер», «Дариға»,сол бір қыз, «Өзім туралы өлеңдері қалың жұртшылыққа жақындығымен құнды.

Соғыстан кейінгі жылдарда қазақ поэзиясы көркем бейне жсау,өлең,құрылысы,тақырыбы,идеяның берілуіндегі көркемдік әдістер жағынан әдебиетке жаңа ізденіс,тың серпіліс әкелген кезең болды.Бұл Ғ.Орманов,Ә.Тәжібаев,Қ.Аманжолв,Ә.Сәрсенбаев,С.Мәуленов,Ж.Молдағалиев өлеңдерінде көрініс тауып,кейіннен 50 жылдар соңынан бергі жазылған М:Мақатаев,Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев,Ж.Нәжімеденов,Т.Айбергенов т.б. шығармаларында өзгеше көркем сипат алды.



Білімді бекіту: Түсінбеген сұрақтарына толығырақ мағлұматтар беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Соғыстан кеінгі қазақ әдебиетін оқып келуге беремін..

Күні: 14.01.16ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы: Хамза Есенжанов «Ақ Жайық» романы

Сабақтың мақсаты:

а)жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке, адамгершілікке баулу;

ә) логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарастарын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

б) туған жердің табиғатын сүйе білетін, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген Әббділда Тәжібаевтың шығармаларын, өмірбаянын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Ә.Тәжібаевтың дүниеге келген шақтағы қазақ даласының жай-күйі туралы айтып беріңдер.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Х.Есенжанов Батыс Қазақстан облысының Бұрынғы Чапаев ауданында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті бітірісімен, бір жылдай Алматының мал дәрігерлік техникумында оқиды. Содан соң Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтына түсіп, оны 1933 жылы бітіреді. Ленинградта аспирантурада оқиды. 1936-1937 жылдары Қазақ ғылым академиясының әдебиет бөлімін басқарады. Одан кейін Қазақ филармониясы мен Опера және балет театрында басшылық қызметте болады.

Алғашқы әңгімелері - «Өлеңті жағасында», «Он алты жаста еді», «Қызыл құмақ» 1930 жылдары жарық көреді. Қасым Тоғызақовпен бірге И.Шуховтың «Жек көру» романын аударады. 1938 жылы жазушы жаппай жазықсыз жазалау толқынына ілігіп кетеді де, содан 1956 жылы ғана оралып, шығармашылық қызметін жалғастырады. Ұзақ ойланып-толғанып «Ақ Жайық» атты романын жазады.

Көптомдық романның алғашқы кітаптары 1957-1962 жылдары басылған.

Хамза Есенжановтың өмір жолы да, өнер жолы да оңай болмаған. Отыздың табалдырығын енді аттағалы тұрған жас жазушы нақақтан-нақақ жазаға ұшырап, қызыл вагонда кете барады. Алайда шалғайда өткен жиырма жылын тек өкініш қана емес, өмірді тану, толысу жылдары ретінде пайдаланады. Қажыр-қайратыншыңдап, қыста бораны боздаған, жазда маса-сонасы құжынаған Сібірде соқыр шамның жарығымен көкірегін кернеген сырын арпалысыпжүріп ақ қағазға түсіреді. Сөйтіп, «Ақ Жайықтың» кейіпкерлері : Хакім, Мүкәрама, Әбдірахман, Шолпан, иәділбектермен ет-жүректері елжіреп табысты.

Білімді бекіту:


  1. Х.Есенжановтың қандай оқу орынданында оқып, қандай қызметтерде болоды?

  2. Х.Есенжановтың алғашқы әңгімелері қалай аталды?

  3. Жазушының жиырма жылы қайда өтті, және қандай романын жазуға негіз болды?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Х.Есенжановтың шығармашылығы мен «Ақ Жайық» романын оқып келуге беремін.

Күні: 19.01.16ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы: Жұбан Молдағалиев «Мен – қазақпын»

(1920 – 1988)

Сабақтың мақсаты:

а)жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке, адамгершілікке баулу;

ә) логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарастарын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

б) туған жердің табиғатын сүйе білетін, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген Мұқан Иманжанов шығармаларын, өмірбаянын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

М.Иманжановтың дүниеге келген шақтағы қазақ даласының жай-күйі туралы айтып беріңдер.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жұбан Молдағалиев 1920 жылы Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданында, Жыланды деген жерде дүниеге келген. Әкесі жастай қайтыс болған ол ана тәрбиесінде өсіп, өз ауылында орталау білім алады. Кейін Оралдың ауылшаруашылық техникумында оқиды. Болашақ ақынның әдебиетке әуестенуі мен өлең жазуға ұмтылған алғашқы талабы да Оралда басталады. Ол әдебиет үйірмелерінің жұмысына белсенді қатысады. 1939 жылы «Комсомол ұрпағы» атты облыстық жастар газетінде «Ленин тірі» деген тұңғыш өлеңі жарық көреді.

1940 жылы Жұбан әскерге шақырылады. Сонда жүріп Ұлы Отан соғысын қарсы алады. Ол соғыста жүріп қару мен қаламын қатар ұстайды. Ақын «Отан үшін», «Майдан үшін», «Майдан ақиқаты», «Жеңіс туы» атты майдан газеттерінде қызмет істеп, өлеңдерін жариялайды.

Армия қатарынан қайтқаннан кейін Жұбан «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Жұлдыз» журналының редакцияларында, Қазақстан Жаушылары одағында басшы қызметтер атқарды. 1949 жылы «Жеңіс жырлары» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көреді. Осыдан кейінгі жылдарда «Қызыл галстук» (1949), «Нұрлы жол» (1951), «Жыр туралы жыр» (1957), «Заман тынысы» (1960), «Жесір тағдыр» (1962), «Ғашық көзбен» (1964), «Мен – қазақпын»(1965), «Қыран дала»(1970), «Байқоңыр баспалдақтары»(1979) т.б. жыр жинақтарын ұсынды.



Білімді бекіту:

1. Ж. Молдағалиев қандай оқу орынданында оқып, қандай қызметтерде болды?

2. Ж. Молдағалиевтің алғашқы әңгімелері қалай аталды?


  1. Жазушының қанша жыр кітабы жарық көрді ?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ж.Молдағалиевтің шығармашылығы мен «Мен - қазақпын» өлеңін жаттап келуге беремін.

Күні: 21.01.16ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы: Сырбай Мәуленов «Боранда»

(1922 – 1993)

Сабақтың мақсаты:

а)жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке, адамгершілікке баулу;

ә) логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарастарын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

б) туған жердің табиғатын сүйе білетін, оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет