Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақсаты



бет1/15
Дата11.11.2019
өлшемі1.08 Mb.
#447439
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
лекция

Күні: 4.09.15ж Пәні: Әдебиет және өнер Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет

Сабақтың мақсаты:

а) ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті осы кезеңдегі халықтың рухани сілкінісінің куәсі болды. Ол патша үкіметінің отаршылдық саясатын сынай отырып, халықты азаттық жолындағы күреске, алдыңғы қатарлы елдер мәдениетінен үйренуге үндеді.

Қазақ қаламгерлерінің алдыңғы тобы ұлы Абайдың ағартушылық, демократтық дәстүрін жалғастыра отырып, оны отаршылдыққа қарсы күрес идеясымен ұштастырды. Осы ұлттық қозғалыстың басында қазақ ақын-жазушылары Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов тұрды. Олардың саяси-қоғамдық, әдеби-шығармашылық қызметі төңкерісшіл-демократтық бағытта болды.Олар халықты ұйқыдан оятып, ілгері ұмтылуға, өнер-білім жолында ізденуге шақырды. С.Торайғыров, С.Дөнентаев, М.Сералин, С.Көбеев, Ғ.Қарашұлы, Н.Орманбетұлы және т.б. шығармашылығы ұлттық әдебиеттің осы бағытын дамытуға қызмет етті.

Абай негізін салған реалисттік әдебиеттің дәстүрін жалғастыра отырып, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті жаңа мазмұнға лайық түр, жанр ізденістерінде де ілгерілей түсті. Бұл кезде реалистік поэмалардың алғашқы үлгілері (М.Сералин «Гүлхашима» С.Торайғыров «Кедей», «Адасқан өмір» поэмалары) туды.

Қазақ әдебиетіндегі көлемді прозаның алғашқы нұсқалары да осы дәуірде туды. Бұрын Ы.Алтынсариннің қысқа ғана әңгімелері мен Абайдың қарасөзінен басқа прозасы дамымаған әдебиетте роман жарық көрді. (С.Торайғыров «Қамар сұлуы», М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы», С.Көбеевтің «Қалыңмалы»).Сондай-ақ С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» деген өлеңмен жазылған романы.

Поэзияда лирика жанры іштей кеңейіп, өсе түсті.С.Дөнентаев сюжеті шағын өлеңдер үлгісін кіргізіп, Абай дәстүрін жалғастырып сатиралық өлеңдер мен мысалдар жазды.

«Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті беттерінде жарияланған мақалалар әдеби сын мен публицистиканың алғашқы үлгілері болды. Бұған А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны», М.Дулатовтың «Абай», С.Торайғыровтың «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», С.Сейфуллиннің «Манап» драмасы туралы сын мақалалары мен М.Сералиннің публицистикалық еңбектері жатады.

Бұл кездегі қазақ әдебиетінде дүниежүзі әдебиеті үлгілерінен үйрену байқалды. Орыс классиктерінің шығармалары қазақ тіліне аударыла бастады. И.А.Крылов мысалдарын аудара жүріп, қазақ ақындары осы жанрды қазақ арасына кеңірек сіңірді.

ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің дамуына А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, С.Көбеевтің, С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың үлестері аса мол.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

.

Үйге тапсырма: ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетін оқып келу.

Күні: 3.09.15ж Пәні: Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: білімділік – Ахмет Байтұрсынов шығармаларын оқыта отырып,өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту;дамытушылық – оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;тәрбиелік – ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін,жерін,туған отбасын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Ахмет Байтұрсыновтың портреті,ақын туралы жинақталған материал бүктемесі,үлестірмелі кестелер.

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Пәнаралық байланыс: тарих.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгендеу.Сабаққа әзірлік жұмысын ұйымдастыру,мақсатын түсіндіру,оқушыларды топқа бөлу.



ІІ.Өткен тақырыпты қайталау.

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.

ХХ ғасырдағы қазақұ әдебиетінің дамуына үлес қосқан ақын-жазушылар

ХХ ғасырдағы дамыған әдеби жанрлар



ІІІ.Жаңа сабақ.

Ахмет Байтұрсынов 1972 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысының әйгілі Торғай атырабындағы атақты Ақкөл жағасында туған.

Ахаңның өмірде де, өнерде де сыңары сияқты Міржақып Дулатов «Ахмет Байтұрсынұлы Байтұрсынов» деген ғұмырнамалық очеркін Ахаңның тектілігінен бастайды. Ахметтің әкесі тумысынан жігерлі, тегеурінді жаралған Байтұрсын ешқандай тепкіге төзбейтін, әрқашан ел еркіндігін, бас бостандығын аңсаған өр, ер адам болған. 1885 жылдың 12 қазанында аяқ астынан аулына келіп, ошағына ойран салған ояз бастығы Яковлевті намысқой Байтұрсын қамшының астына алып, сілейте сабайды да, ат үстінен қансырата құлатады.

Осының қырсығынан ол он бес жылға соттталып, Сібірге – Итжеккенге айдалып кете барады. Бұл тұста Ахмет он үш жасар бала болатын.

Тумысынан талапты, ойлы, қабілетті Ахмет әуелі ауыл молдаларынан «әліпби» үйренеді. Алдымен Торғай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде («1886-1891) оқиды.Одан соң Орынборға барып, мұғалімдер мектебін 1891-1895 жылдары бітіреді.

1895 жылдың жаз айларынан Ахметтің ағартушылық қызметі басталады.Он-он бесч жылАқтөбеде, Қостанай, Қарқаралы мектептерінде дәріс беріп, бала оқытады. Өзі де өз бетімен білімін толықтырып, ой-*өрісін кеңітіп, орыс жәнек әлем әдебиеттерімен тереңірек танысады. Крылов, сол арқылы Лафонтен мысалдарын қазақ тіліне, қазақ ұғымына лайықтап аудара бастайды. Қоғамдық-әлеуметтік әрекеттерге қарсы халықты қанауға, екіжақты езгіге, үстемдікке, теңсіздікке қарсы ғасыр басындағы революциялық қозғалыстарға белсене араласады. Сайып келгенде, өз ұлтының бостандық жолындағы рухани басшысына айналады. Өзін 1909 жылдың 1 шілдесінде тұтқынға алады да, 1910 жылдың 21 ақпанына дейін Семей түрмесінде 8 ай қамауда ұстайды. Ақыры Қазақстанда тұру мүмкіндігінен айырып, Орынборға жер аударады.

1913 жылдың 2 ақпанында қазақ сахарасы бұрын-соңды көрмеген тұңғыш үнжария – «Қазақ» газетін ашады. Осы жылы бірнеше санында жарияланған Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласы - абайтанудың ғылым ретінде қалыптасуына қосылған үлкен үлес.

VII. Сабақты қорытындылау. Ахметтің шығармашылығы жайлы қысқаша пікір жазу.

VIII.Бағалау. Үйге тапсырма, А.Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығын толық нұсқасын оқу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11



Сабақтың тақырыбы : М1РЖАҚЫП ДУЛАТОВ

Сабақтың мақсаты : а) Міржақып Дулатовтың жыр әлемімен танысу,поэзияның тереңіне бойлау;

ә) өлеңнің,сөздің астарына,қыр-сырына мән беруге,идеясын түсініп,бағалай білуге баулу;

б) оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдалануға,ойын еркін айтуға,өз пікірін қорғап,айқын да айшықты тілмен сөйлеуге машықтыру;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жинақтау,мәнерлеп оқу, баяндау, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,тірек сызба,сурет т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылында дүниеге келеді. Әкесі Дулат өзіне жетерлік дәулеті, ескіше сауаты бар адам болады. Балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақьштыц білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің тулегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.



Хронологиялық таблицамен жұмыс:

1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді

1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады.

1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.

1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын больш оралады.



1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды.

1909 жылы Петербургте М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді.

1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады.


Кітаппен жұмыс: Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

  1. М.Дулатовтың қандай шығармаларын білесіңдер?

  2. «Оян қазақ» шығармасы не себепті қоғамда ерекше әсер қалдырып,неліктен елді дүр сілкіндірді?

Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Міржақып Дулатовтың өмірбаянын оқып

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11


Сабақтың тақырыбы : ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ

Сабақтың мақсаты : Ж.Аймауытов шығармаларын оқыта отырып,өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу,ақынның өз бейнесін таныту жолын меңгерту;

дамытушылық – оқушылардың өз ойын айта білуге,ойлау қабілетін арттыруға,шығармашылық ізденіске жол ашу;

тәрбиелік – ақынның бейнесі арқылы ұлтжандылыққа,елін,жерін,туған отбасын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады," Абай" журналын шығаруға ат салысады.

1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, "Қазақ тілі" газетінің редакторы болады. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын "Ақ жол" газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, "халық жауы" деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі.



Кітаппен жұмыс: Ж.Аймауытовтың шығармаларын оқып талдайды.
Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

1.Ж.Аймауытов жайлы не білесіңдер?

2.Ж.Аймауытов шығармалары кеңестік дәуірде жарыққа шықпады. Бұған не себеп болды деп ойлайсыңдар?

3. Ж.Аймауытов М.Әуезовпен бірлесіп семей қаласында қандай журнал шығарды?


Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Ж.Аймауытов өмірбаянын оқып келу

Күні: 01.03.2014ж Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11 «Б»


Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов

«Ақын – өлімі туралы аңыз»

Сабақтың мақсаты:

а) Қ.Аманжолов өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) оқушыны адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, портреті ,үнтаспа т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушымен амандасу, оқу құралдарын тексеру. Оқушының зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыға бірнеше сұрақтар қоямын.

Қ.Аманжолов «Өзім туралы» мәнерлеп оқу. «Сен не еткен бақытты едің келер ұрпақ!».

Эссе жазу.

Актуальдау. Сонымен,балалар, өлең кім туралы? Қасым тек қана ақын болып қойды ма?

Қажырлы,қайратты, тік мінезді азамат жауынгер



Қасым

Сазгер

Өртке тиген дауылдай ақын қоғам қайраткері

Ендеше,балалар, біз бүгін Қасымның майдандағы сұрапыл соғыста хас батырдың ерлігін жырлайтын үлкен шығармасымен танысамыз.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Үнтаспадан «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасынан үзінді тыңдаймыз.

Поэма тақырыбы ерлік жайында.

Идеясы – азаматтың елге деген борышын өтеу,туған еліне ,жеріне деген сүйіспеншілігі.

Поэма оқиғасы қай кезеңді суреттейді?..

Кімнің ерлігі суреттеледі?...

Абдолла Жұмағалиев –соғыс даласында қаһармандықпен қаза тапқан қазақ ақыны. Дамыту. Оқушыға оқыту.

өжет ержүрек






қайсар батыр
Жырдан Абдоллаға тән бейнелі сөздерді табу.

Абдолла

Бомба бол да жарыл жүрек, қыран құс, асқар тауым, арыстанның ашуы, жолбарыстың жүрегі, намысты ұлан



Бекіту.Венн диаграммасы
Қасым Абдолла


Соғыстан жаралы оралды Өмір мен өлімді жеңеді


Білімді бекіту: Міне, осынау қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан жауынгерлердің рухына бас ие отырып, сол ерлердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ,азат елін,жерін қорғау,күту-болашақ мына сіздердің қолдарыңызда. Ерлік көрсету-тек қанды майдан даласында ғана емес,бейбіт елде де ерлік көрсетуге болады. (өмірмен байланыстыру)
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын мәнерлеп оқып келуге беремін.


Сабақ жоспары

Пән аты: Әдебиет

Сыныбы: 11 «Б»

Күні, айы, жылы: 28.01.2015 ж

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев « Өтеген батыр

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, дастанның тақырыбы, идеясы мен мазмұнын меңгерту.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушыларды пікірлерін ашық айта білуге, бір – бірімен пікір алыса білуге, талдауға , ой – өрістерін дамыта отырып өздіктерінен қорытынды жасауға машықтандыру..

Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет