Дамытушылық мақсаты: оқушының сыни көзқарасын қалыптастыру.Ашық,еркін сөйлей білуге баулып,тілін дамыту.Басқа да өнер иелерінің қиын тағдыры туралы айта келіп, «Ортасын олқы көрген ол бір дара» тақырыбына ойтолғау жазу.
Әдісі: Сұрақ-жауап,ой қорыту,сын тұрғысынан ойлау.
Түрі: сабақты қорытындылау және білімді жүйелеу.
Пәнаралық байланыс: тарих пәні.
Көрнекілігі: Ақанның портреті.
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы бойынша берілген сұрақтарға жауап алу.
1.Ақын «Құлагер» поэмасын қалай жазды? Негізгі тақырыбы,идеясы.
2.Поэмада ащы сатира,улы ирония бар ма?
3.Құлагер мен Ақан трагедиясы поэманың қай бөлімінде шешіледі?
4.Поэмадан өзің ұнатқан үзіндіні жатқа мәнерлеп оқы.
Жаңа сабақты түсіндіру.
- Балалар,біз кейінгі ұрпаққа заман сырын терең ашқан «Құлагер» поэмасымен таныстық.Бүгінгі сабақта Ақанның трагедиялық образ екендігін ашуымыз керек.
Кезінде Мәшһүр Жүсіп «Ақан – заманның сұңқары,қызыл тіо\лдің ділмәрі,жігіттің құлпы жібегі,сөздің ағытылған тиегі» деген екен.Заманынан озып туған дүлдүл әнші,майталман орындаушы Ақан сері неге трагедиялық образ болады?Саңлақ мініп,сұлу сүйген Ақанның трагедиясы неде?Сол бір келмеске кеткен дәуір шындығын ашуымыз керек.Сабағымыздың негізгі түйінін ашып,ойымызды топтастыру әдісімен
жинақтайық.
сұм заманда
қара күште
күншілдікте
әділетсіз орта
Ақан – трагедиялық образ.
Трагедиясы неде?
сүйгенінен
айрылуында
Құлагердің мерт
болуы
дарынсыздар
талантты
тұқыртты
Ақандай өнер
адамын бағалай
алмауында
қайсар-
лығында
Жігіттің бағланы,жұртының ардағы,тіл біткеннің шешені,суырылып сөйлер көсемі болған Ақанда теңіздей терең ой қалды.Ақанның трагедиясы қара күште,сұм заманда,пасық жандарға бас ие алмаған қайсарлығында.
-Қалай ойлайсыңдар,қазіргі өнер адамдарына қастандық жасала а? ..
Достарыңызбен бөлісу: |