Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет


Ақан бейнесін жан-жақты ашудағы шығармашылық ізденіс



бет31/105
Дата24.01.2023
өлшемі0.6 Mb.
#468713
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   105
Сабақтың тақырыбы ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақс

Ақан бейнесін жан-жақты ашудағы шығармашылық ізденіс.

1.Ақан – тарихи бейне.
«Туғаны Арқадағы Арғын елі,Өскені Көкшетаудың шалғын жері» деп ақын жырлағандай аты аңызға айналған Көкшетау өңірінің қоскөл деген жерінде 1843-1913 жылдр арасында өмір сүрген тарихи тұлға.Зілқараның баласы Әлібек батырдан бір жылда алпыс түлкі алған қараторғай деген бүркітті,Сайрат төреден бір жылда тоғыз қасқыр алған Базарала деген тазыны алады.Осы кезде Ақаннның қолына Көбей-қарауыл Шөкетай жылқысынан шыққан,алты алашқа аты шыққан Құлагер түседі.құлагер арқаның талай астарында аузымен құс тістеген талай жүйріктерден озып жүреді.Ақан мен құлагер аты елге жайылады.Ақан 1876 жылы Керей руының паң Нұрмағанбет атанған үлкен байы Ереймен деген жерде әкесі сағынайға ас беретін болып,сол асқа Ақан Құлагерді бәйгеге қоспақ боп алып барады.Бәйгеге қосылған жүйріктерден дара шығып жұлдыздай ағып келе жатқан Құлагерді бұрыннан Ақанмен өштесіп жүрген Батыраш деген бай соққыға жығып өлтіреді.Қанатынан айрылған Ақан зары,Ақан қайғысы «Құлагерә әнін туғызды.Өркөкірек,тарпаң байларға қарсы қарапайым халықтың қайраты жетпейтін заман шындығын,күштілер өктемдік жүргізген заманның мұңды сазын шерткен тарихи жыр дүниеге келеді.



  1. Ақан – композитор

Аққудың әсем үніндей жаныңды жадыратар,жүрегіңді елжіретер,құлақ құрышыңды қандырар майда көмей әннің ырғағына елтіген халық Ақан жанынан кетер емес.Әншіге деген халықтың ықылас-пейілі Ақан дұшпандарының іштерін күйдіреді,ән сазына өздері де елжіреп ынтыға түседі.Оның әндері беріктік пен адалдықты,махаббат еркіндігі мен сұлулықты жырлайды.Ол – адамның түсі де,ісі де,жаны да сұлу болуын тілейді.Ақан – нәзік жан,асқан өнер иесі.Бірнеше әннің авторы. «Балқадиша», «Сырымбет», «Үш тоты» т.б. әндері – халық арасында ұмытылмас,мәңгілік мұра.Ақан әнімен мәңгі жасайды. «Құлагер» поэмасында ақынның негізгі айтпақ ойы - өнердің өшпейтіні,өнерліге өлім жоқ деген тұжырым.Ақан мерт болған пырағы Құлагерге арнап әлемде кездеспейтін ән шығарған,өзіне өзі мәңгі тозбас ескерткіш соққан.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет