Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет



бет32/105
Дата24.01.2023
өлшемі0.6 Mb.
#468713
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   105
Сабақтың тақырыбы ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет Сабақтың мақс

Ақан – айтыс шебері.

Ақан талай арқалы ақындарды тулақша сіліккен,қара өлеңді орып айтқан айтыс өнерінің дүлдүлі болған.Ол – Жүсіп Төре,Орынбай,Тезекбай сияқты ақындармен айтысқан.Мәшһүр Жүсіп және Есмағұл Қодығабаласымен хат арқылы айтысқан.Ақан жұмбақтар да шығарған.Табан астында тауып айтатын тапқыр,суырып айтар шешен болған.Ақанның тапқырлығы туралы ел ішінде мынадай әңгіме бар екен.Ақан серінің Құлагерден айрылып қайғырып жүрген кезі екен.Қылышбай деген біреу: - Сағынайдың асына жүреріңде менің қара шаңырағымнан дәм татып кеткеніңде дүлдүлің аман қалатын еді - дейді.Сонда Ақан: - Қанды сүргінде жүріп Әзірет Әлінің торға,тұлпарының орға жығылғаны сенің үйіңнен дәм татпағаннан болған екен ғой, - деп тұтқиылдн жауап беріпті.Ақанның жүрген жерлерінде алун түрлі сөздер қалған екен.



4. Ақан – аңыздық кейіпкер.
Сұлу киім,жүйрік ат,құмай тазы,алғыр бүркіт және 15-20 жігітті өзі тәрбиелеп нөкер қылып алады,сол жігіттердің алдында қолбасындай өзі оқшау отырады.біресе боз атқа мініп ақ киген,біресе қара атқа мініп қара киген.Басында – бұлғақтаған үкі,қолында домбыра,аузында - ән.
Міне ғажап! Ертегі өмір емес пе?! Өмір айдынында аққудай жүзіп,үкідей үлпілдеп жүрген Ақанды бірақ күнде мұң шалды.Құлагерінен айрылып,қанаты қайрылып былық тұрмыстан безгенде,халық оны ұға алмай,Ақанның жұмбақ өмірін шеше алмай оны алып барып періге балайды.Дұшпандары неше саққа жүгіртіп,өсек,өтірікке таңуы әділетсіздіктің бір көрінісі еді.
«Тұсында сері болсын,пері болсын Ұнайды өмірімен Ақан маған» деп Ілиястың өзі айтқандай өмірінің сұлулығымен аты аңызға айналған аңыздық кейіпкер дер едім.


5. Ақан – сері.
Ақан билік айтқан,дау қуған,мал жинаған адам емес,астында – жүйрік аты,қолында – қыран,серілік өнер қуған,өмір айдынында қаздай қалқып,қудай жүзген,сұлуды сүйген.Мұны ақын шебер суреттеген.Халықтың сал-серілік салтының озығын ұстанып,оны өзінің ерекше,бөлек болмысымен шырқау биікке көтеріп,заманның көркем бейнесіне айналған асқақ тұлға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет