Сабақтың тақырыбы мен мазмұны Сағат саны Өтілетін мерзімі Қолданылатын әдіс-тәсілдер



бет13/25
Дата27.06.2016
өлшемі2.06 Mb.
#160945
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25

1. Реттік, жинактық сан есімдер туралы не білесің? Мысалмен дэлелде.

  1. Билер сөзінен сан есімді тауып, талда.

  2. Сан есімнен басталатын үлттық ойын атауларын ата.

«Есімдік» тобына

  1. Есімдіктің түрлерін ата.

  2. Есімдіктер кездесетін мақал-мэтел айт.

3. Есімдіктің әр түріне мысал келтір.

6. "Ән сала білесің бе?" Мәтін ішінде зат есім, сын есім, сан есім кездесуі керек.
Оқушылар "Саржайлау", "Сегіз аяқ" әндерін айтады.


7. Деңгейлік тапсырмалармен жу_мыс жүргізіледі. Оқушы мүмкіндігіне қарай
материалды деңгейлеп беру тэсілі қолданылады.


Оқушылық деңгей тапсырмасында оқулық бойынша жү_мыс жүргізеді. Алғашқы орындалатын тапсырма: 212-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мэтінді оқып шығып, құрамындағы есімдіктерді теріп жазыңдар жэне оларды мағынасына қарай ажыратып талдаңдар.

Келесі тапсырманы ауызшатүрде орындатамын: 213-жаттығу жұмысының орындалу шарты төмендегідей: Берілген есімдіктерді мағыналарына қарай анықтап, бүлардың қандай түбірлерден бірігіп түрғанын айтың-дар.

Келесі тапсырма: 214-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Мэтінді оқып, есімдіктерді көшіріп жазыңдар. Сүрау есімдіктерінің ерекшелігін айтыңдар.

Алгоритмдік деңгей тапсырмасы

А, Т, С эріптерінен басталатын қатыстьщ сын есімдер табу қажет.

Алғыр

Тапқыр

Арлы

Төзімді

Арыстандай

Тэртіпті

Алмадай

Тебеген

Ақкудай

Тиімді

Айтқыш

Толық

Ақылды

Таулы

Айлалы

Тасты

Ақылсыз

Түнгі

Айтулы

Тарихи

Сулы Сабырлы Сезімді Сезгіш Сезімтал Сөзшең Сүзеген Сауықшыл Сыншыл Сазандай

Эвристикалық деңгей тапсырмасы «Егер мұғалім болсам...», "Мектебім -мақтанышым" тақырыптары бойынша мөтін қүрайды, ішінде зат есім, сын есім, сан есім, есімдік түрлерін қолдануы керек. Шығармашылық кезең

" Менің елім - Қазақстан" тақырыбында пікір таластыру, ой-толғау немесе "Батырлар жырынан" үзіндіні жыр түрінде айту, зат есім, сын есім, сан есімдер, есімдіктерге талдау жасау.

Келесі тапсырма: 215-жаттығу жұмысының шартын түсіндіремін: Мәтіңді көшіріп жазып, есімдіктерге талдау жасаңдар.

Келесі тапсырманы ауызшатүрде орындатамын: Мэтінді оқып, қүрамында есімдіктің қай түрлері бар екенін аңғарыңдар. Оларға мағыналық, түлғалық жағынан талдау жасаңдар. Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

  3. Үйге тапсырма: 216-жатығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Берілген
    есімдіктерді қатыстырып, сөйлем қүрап жазыңдар.


Келесі тапсырма: 219-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді оқып шығып, мазмұндама етіп жазыңдар.

Тексердім:

22. Сабақтың өтілетін мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Сын жү_мысы.

Жер туралы ой. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру эрі
сауттылыққа баулу мақсатында сын жүмысын жүргізу.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мэдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тэрбиелеу.


Сабақтың түрі: сын сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, мэнерлеп оқу, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау. Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, Сабақтың барысы:

а) ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сэлемдесу.

  2. Кезекші мэлімдемесі.

  3. Журнал бойынша түгелдеу.

  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә)Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында сын жүмысын жүргіземін.

Оқушыларға сын жүмысына арналған дэптерлерін таратып шығамын да, сын жүмысының тақырыбымен таныстырамын. Бүгінгі күнді, мэтін тақырыбын тақтаға жазып шығамын да мэтін мазмүнын мэнерлеп оқып шығамын. Мэтін 107 сөзден түрады. Содан кейін мәтіннің әрбір сөйлемін жеке оқып мэтінді жаздыруға кірісемін. Жер туралы ой.

Әлден уақытта барып тағы да жер туралы сөйледік.

- Жер деген — эркімнің туған анасы тэрізді нэрсе. Оны сүйсең, сырын білсең, ол саған бэрін береді. Жер — ана тэрізді, жыламасаң, еңбек етіп тер төкпесең, ештеңе бермейді. Жер еңбек сүйеді. Еңбек оны түрлендіреді. Еңбек жердің қасиетін, қүдіретін аңызға айналдырады. Біздің осы көп өнім алып жүрген жеріміз бір кезде, мына Көксу өзенінің табаны болған. Жеріміз - қүмдауыт, лайдан өскен жер. Мүндай жерден өнімді тыңайтқыштың күшімен жэне еңбектің, мына қолдың күшімен алып келеміз.

Жерді сүйііп қана қою жеткіліксіз, оны білу керек. Жерді білу дегеніміз — оның қасиетін, топырағының қасиетін білу деген сөз. Әйтеуір егістікті көбейтеміз, — деп жерді. тілгілей берудің жөні жоө, — деп Нүрмолда ойын аяқтады. (С.Бацбергенов, 107 сөз).

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

  2. Сын жүмысына арналған дэптерлерін жинап аламын.

  3. Үйге тапсырма: «Туған жерім—тұғырым» тақырыбында шығарма жазып келу.

Тексердім:

Қазақ тілі III тоқсан

аптасына: 3 сағат барлығы: 30 сағат.



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Өтілетін мерзімі

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

1.

Етістік туралы түсінік. Дара және күрделі етістік.

1







2.

Болымды жэне болымсыз етістік.

1







3.

Сабақты етістік пен салт етістік.

1







4.

Етістер. Өздік етіс.

1







5.

Өзгелік етіс.

1







6.

Ырықсыз етіс.

1







7.

Ортақ етіс.

1







8.

Есімше туралы түсінік. Есімшенің жасалуы мен түрлері.

1







9.

Көсемше.

1







10.

Көсемшенің жасалуы мен түрлері.

1







11.

Тұйық етістік. Түйық етістіктің емлесі.

1







12.

Етістіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі.

1







13.

Етістіктен өткенді қайталау.

1







14.

Сын жұмысы.

1







15.

Үстеу туралы түсінік.

1







16.

Үстеудің қүрамдық түрлері.

1







17.

Үстеудің мағыналық түрлері. Мезгіл үстеу.

1







18.

Мекен, сын-қимыл (бейне) үстеуі.

' і







19.

Мөлшер, күшейткіш үстеуі.

1







20.

Мақсат, себеп-салдар үстеуі.

1







21.

Үстеудің емлесі.

1







22.

Үстеудің сөйлемдегі синтаксистік қызметі.

1







23.

Мәтінмен жүмыс.

1







24.

Еліктеу сөздер туралы түсінік.

1







25.

Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер.

1







26.

Бейнелеуіш сөздер.

1







27.

Негізгі жэне туынды еліктеу сөздер.

1







28.

Еліктеу сөздерден өткенді қайталау.

1







29.

Сын жұмысы.

1







30.

Тест тапсырмалары.

1







І.Сабақтың өтілетін мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Етістік туралы түсінік. Дара және күрделі етістіктер. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға сөз таптары, етістік туралы түсінік, етістіктің
қүрамына қарай түрлері: негізгі жэне туынды етістіктер, қүрылысына қарай түрлері: дара
жэне күрделі етістіктер жайлы толық мәлімет беру.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мэдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қал ыптастыру.

б) тэрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тэрбиелеу.


Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың эдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, корытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жү_мыс жүргізу.

Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) ¥йымдастыру кезеңі.

І.Сэлемдесу.

2. Кезекші мэлімдемесі.

З.Журнал бойынша түгелдеу.

4.Жаңа сабаққа дайындық.

э) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Етістік туралы түсінік. Дара жэне күрделі етістік» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Етістік—заттың қимылын, іс-эрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді? не қылды? қайтті? (немесе не істеп? қайтіп? не істесе? т.б.) деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Көп ойласаң, дана боласың, көп ойнасаң, бала боласың. Берілген мысалда ойласаң, ойнасаң сен не істесең? деген сөздер заттық ұғымдағы сөздің (сен) қимылын, іс-эрекетін білдіріп түр. Мүндай сөздер етістік деп аталады.

Етістік қүрамына қарай негізгі түбір етістік жэне туынды түбір етістік болып екіге бөлінеді. Сөздің негізгі түбірі етістік болса, ол негізгі түбір немесе негізгі етістік деп аталады. Мысалы: кел, бар, жүр, т.б.

Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жүрнақ арқылы жасалған етістіктер туынды түбір немесе туынды етістік деп аталады. Мысалы: ойна, шегеледі, қарайып, көгерген, басқарса, күшейіп, т.б. деген етістік-тер: ойын, шеге, көк, бас, күш деген түбірлерге (есім сөздерге) -а, -ле, -й, -ер, -қар, -ей жүрнақтары жапғану арқылы жасалған етістіктер.

Туынды етістіктер басқа сөз таптарынан (есімдер мен еліктеуіш сөздерден) белгілі жүрнақтар арқылы жасалады. ол жүрнақтар мыналар:

  1. -ла, -ле, -да, -де, -та, -те: шеге-ле, таза-ла, тіс-те, бас-та, т.б.

  2. -а, -е: ойн-а, бос-а, түн-е, т.б.

  3. -ай, -ей, -й: мол-ай, аз-ай, көб-ей, қара-й, т.б.

  4. -ар, -ер, -р: ағ-ар, көг-ер, қысқа-р, т.б.

  5. -ғар, -гер, -қар, -кер: бас-қар, ес-кер, тең-гер, т.б.

  6. -ық, -ік, -қ, -к: кеш-ік, зар-ық, бір-ік, т.б.

  7. -ыра, -іре,: жарқ-ыра, желб-іре, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орында-тамын. Алғашқы орындалатын тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 221-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Етістіктердің негізгі түбірін жазып көрсетіңдер.

Келесі тапсырма: 222-жаттығу жүмысының орындалу шарты төмендегідей: Зат есімнен жасалған туынды етістіктерді тауып жазыңдар.

Міне, осылайша, жаңа такырыпты түсіндіріп, жаттығу жұмыстарын орындап болған соң келесі жаңа тақырыпты түсіндіремін.

Дара етістік пен күрделі етістік.

Етістіктер қүрылысына карай дара етістік жэне күрделі етістік болып екіге бөлінеді.

Бір ғана сөзден түратын негізгі етістік дара етістік деп аталады. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды. Бү_л сөйлемдегі салғызды деген етістік дара етістік болып табылады. өйткені бүлар—бір ғана сөзден тұратын негізгі етістіктер. эрқайсысының өз алдына мағынасы бар, белгілі бір сүраққа жауап беріп, сөйлем мүшесі қызметін атқарады: жүрттар не істеді?—салғызды (баяндауыш)

Екі не одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сүраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады. Мысалы: Ауылда қосақтағы қойлар маңырап жатыр екен. Берілген сөйлемдегі маңырап жатыр екен (қойлар қайткен?) деген—күрделі етістік. Олар бір ғана лексикалық мағынаны (маңырау) білдіреді, бір сүраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқарады.

Әдетте күрделі етістіктің қүрамындағы бірінші етістік негізгі болады да, негізгі мағынаны сол білдіреді, кейінгісі оған көмекші етістік болады. Кейде көмекші етістік біреу емесе, бірнешеу болуы да мүмкін. Негізгі етістік көбінесе көсемше түлғасында (барған екен, келген екен, т.б.) жэне есімше түлғасында (барған екен, келген екен, т.б.) болып келеді де, көмекші етістік сөйлемдегі орны мен мағынасына және қызметіне қарай етістіктің барлық түрлерімен түлғаланып қолданыла береді. Мысалы: Үнсіз күліп түрған—бағанағы бала шэкірті.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырманы ауызша түрде орындатамын: 223-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мэтінді оқып, мазмүнын қысқаша баяндап беріңдер. Күрделі етістіктердің қалай жасалып түрғанын көрсетіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет