/Осы тәсіл арқылы біз неге қол жеткіземіз? Бұл әдіс арқылы оқушылар шығарма мазмұнын қаншалықты меңгергендігін байқатады. Оқушылар анағұрлым толық жауап беруге, өз пікірлерін білдіруге, ортақ шешімге келуге дағдыланады, яғни әлеуметтік әрекеттесу арқылы оқыту жүзеге асады./
Нәтиже немесе жауап бойынша саралауда бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады. Топтағы барлық білім алушыны ынталандыру шаралары да ортақ, бірдей материал ұсынылып, бірдей міндет қойылады. Әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп, жүргізілген жұмыс өнімі мен нәтижесі әр түрлі болады.
2-тапсырма. Топпен жұмыс.
«Әуе шары» тәсілі арқылы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдаңыз.
Берілген сұрақтарды топта талқылап, ортақ мәмілеге келіп, жауабын әуе шарының белдеуіне жазып, ұшуға мүмкіндік алады.
Әуе шарында кімдер болуы мүмкін?
Кейіпкер туыстарымен бақытты болуы үшін оларда не болуы керек?
Олардың бақытты болуына қандай факторлар кедергі жасады?
Қиындықпен күресудің қандай жолын ұсынасыңдар?
Мәселені қалай шешер едіңдер?
6. Шығармадағы қай эпизод несімен құнды? Осы эпизод қызықтырған оқушылар әуе шарына келіп отырады.
Дескриптор:
Сұрақтарға жауап береді.
Кейіпкерлер қарым-қатынасын талқылайды.
ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша құнды пікірлер айта білген оқушыларға жұлдыз ұсынылса, әлі де ойды жетілдіру қажет ететін оқушыға тілек ұсынылады. Өзара бағалау
Қалыптастырылатын дағдылар:
Бірлескен жұмыс, ынтымамақтастық;
Ақпаратты жинақтау, сұрыптау;
Белсенді тыңдау;
Ойлау, шешім қабылдау;
/Бұл тәсілдің тиімділігі: оқушыларға тақырыптың талқылау дағдыларын дамыту және деңгейін арттыру үшін сұрақтар ұсынылады, сұраққа жауап бере отырып, бір-бірінің жауабын өзара бағалайды/
Достарыңызбен бөлісу: |