Сабақты жоспарлау барысында cабақ мақсаты оқу мақсаттарымен келісілген және пән ерекшелігіне бағытталған. Сабақ мақсатын сынып оқушыларының қажеттіліктерін ескере отырып, SMART форматында құрастырдым. Бағалау критерийлері бойынша оқушыларды саралауда қарапайымнан күрделіге қарай бағыттадым.
«Пирамидалық талқылау» стратегиясын қолдана отырып, шығармадағы көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талқылауда нәтижеге немесе жауап бойынша саралау арқылы топтағы барлық білім алушыға қолдау көрсетемін, себебі бірдей материал ұсынылып, бірдей міндет қойылады. Әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп, жүргізілген жұмыс өнімі мен нәтижесі әр түрлі болады.
«Әуе шары» тәсілі арқылы кейіпкерлерді қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдауда қарым-қатынас формалары бойынша саралау жүргізіледі. Бұл саралау түрі ынтымақтастық оқыту арқылы іске асырылады. Шағын топта қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар. Яғни білімді өз бетінше игере алмаса да, бірақ құрбысының көмегімен (ЖАДА) қажетті білімге қол жеткізе алады. Ал қабілеті жоғары оқушы өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.
|