Қарым-қатынас формалары бойынша саралау: Бұл саралау түрі ынтымақтастық оқыту арқылы іске асырылады. Шағын топта қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар. Яғни білімді өз бетінше игере алмаса да, бірақ құрбысының көмегімен (ЖАДА) қажетті білімге қол жеткізе алады. Ал қабілеті жоғары оқушы өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады. Қарым-қатынас формалары бойынша саралаудың пайдалы тұсы оқушыларды ынтымаққа,бірлікке,татулыққа баулу
3- тапсырма Жеке жұмыс Эссе жазу
«Тіл бар жерде өмір бар» деген тақырыпта эссе жаз. Ойыңа нақты дәлелдер келтір. Эссенің сөз саны – 120–150 сөз.
Дескриптор:
Эссе құрылымын сақтайды.
Кіріспе бөлімде тіл қасиеті туралы өзіндік пікір білдіреді. (20–25 сөз);
Негізгі бөлімде ана үкімі, тіл мәселесіне отбасының қатаң талап қою себебін анықтайды (50 сөз);
ана мен авар халқы қасиетіне шығармадан дәлел келтіреді (50сөз);
қорытынды бөлімде ана мен авар халқы бойынан өзіне, қазақ халқына үлгі алатын қасиеттерін айтып, ойын тұжырымдайды (20–25сөз).
ҚБ. «Жазбаша кері байланыс» әдісі арқылы жұптағы серіктестер бір-бірініің эссесіне «Негізі сен дұрыс жазғансың, алайда дәлелдемелер керемет немесе солғындау шықққан» деп кері байланыс жасайды, өзара бағалайды.
«Автор орындығы»әдісі бойынша ең жақсы деп танылған эссені әр топтан бір оқушыдан «Автор орындығына» отырып оқып береді. Өзін-өзі бағалау жүзеге асады.
Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау: себебі кейбір оқушылар белгіленген мақсатқа қол жеткізуі үшін арнайы көмекті қажетсінеді. Көмек ауқымы мен деңгейі де оқушы қажеттілігіне сай сараланған болуы тиіс.Бұл қолдау мұғалім немесе басқа да үлкендер тарапынан көрсетілуі мүмкін.
|