Сабақтың тақырыбы Сөйлеу. Сөйлем Мен оқушымын Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер



бет177/189
Дата09.11.2023
өлшемі7.33 Mb.
#482752
түріСабақ
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   189
ӘЛІППЕ ҚМЖ 1 СЫНЫП керек (2)

Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты- жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ц дыбысы және әрпі


297



Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.
Тәрбиелік: халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей білуге үйренеді.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.
«Орныңды тап» ойыны. Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау). Екінші белгі бойынша
бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді.

Өз орнын таппаған балалар ойыннан шығады.

Қолдау


Жағымды әуен



Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:
– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ц» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«Ц ц» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«Ц ц» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.


(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.
1. Сурет бойынша әңгіме құрау.

Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.


1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Циркте өте көңілді. Онда сайқымазақ, жануарлар,


акробаттар өнер көрсетеді. Цирктің

Қолдауды қажет ететін



Суреттер, оқулық




298








  1. Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.

  2. Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «цирк» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  4. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  5. «Ц» дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру.

  6. «Ц» дыбысының таңбасы – оның әрпімен таныстыру.

  7. Жіптен «ц» әрпін жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет