Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық:сөздік қоры байиды; сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды; байланыстырып сөйлеуі қалыптасады.
Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.
Сабақ барысы
136
Сабақтың кезеңі/уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы (1–7 мин)
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық ахуал орнату. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай. Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
Сабақтың ортасы (26 мин)
Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру: – Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «М» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«М м» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«М м» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы. 1. Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау:
а) Сұрақ қою және оқушылар жауабының дұрыс және толық болуын қадағалау:
Мынау не?
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Бұл – алқап. Алқапта мақта өседі. Мақта ақ».
Әңгіме құрамындағы сөйлемдер санын анықтайды.
«Мақта ақ» сөйлемінде неше сөз бар екенін анықтайды.
Өтілетін жаңа дыбысы бар
«мақта» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: екі буынды сөз.
Қолдау
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
Суреттер, оқулық Сызба
137
– Бұл – алқап.
Алқапта не өседі?
Алқапта мақта өседі.
Мақта қандай?
Мақта ақ.
ә) Сұраққа жауап болған сөйлемдерден әңгіме құрату: Бұл – алқап. Алқапта мақта өседі. Мақта ақ.
Әңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтау.
Қажетті сөйлемді (Мақта ақ.) бөліп алып, оны сөздерге (мақта, ақ) ажырату. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «мақта» сөзін бөліп алып, дыбыстық талдау жасау.