Жасыл қағаз көтерген оқушылар барлығын түсінген болып есептеледі.
«Нетүсіндің?»сұрағы қосымша қойылады. Сары және қызыл қағаз көтергендерден не түсініксіз болғаны айқындалып, тақырып
төңірегінде қосымша жұмыстар жүргізіледі.
2.3.7.1 сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолдану;
2.4.2.6 сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу;
2.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу
Сабақтыңмақсаты
Тыңдалған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді. Диалогке қатысады. Мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтай алады. Берілген тақырып бойынша ой қорыта алады.
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/уақыт
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы (5 мин)
Психологиялықжағымдыахуалорнату.(Ұ)Ұйымдастырукезеңі Сабақ мақсатын хабарлау.
Сыныптың оқу әрекетіне
қызығушылығын ояту.
Ортасы (35 мин)
Сабақтыңкүтілетіннәтижесіментаныстыру: Диктанттың жүру тәртібі:
а) диктант тақырыбы тақтаға жазылады, алғашқы сөйлемнің бірінші сөзі жаңа жолдан басталатыны ескертіледі. Диктант мәтінінде кездесетін жазылуы қиын немесе ережелері өтілмеген сөздер алдын ала тақтаға жазылып қойылады;
ә) диктант мәтінін мұғалім екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;
б) егерде диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркесінен немесе байланысты сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзі мен сөйлемін мұғалім үш рет қана қайталап оқиды. Осыған орай диктантты жазар алдында оқушыларға әрбір сөзді немесе сөйлемді көңіл қойып тыңдап, олардың мағынасын ұғып алғаннан кейін ғана жазуға кірісу керектігі ескертіледі.
Бақылау диктантының ережесін мұқият тыңдап, түсініп алады. Жұмыс барысында ережені сақтайды.
«Бас бармақ»әдісі арқылы бағаланады.
Қолдау көрсету.
Ереже
241
16–6937
242
в) оқушылар диктант мәтінін түгел жазып болғаннан кейін, мұғалім мәтінді бастан-аяқ тағы бір рет оқиды. Осы кезде оқушылар
өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексереді. Қатесі болса түзетеді.
г) тапсырмалармен жұмыс жасап, жұмысты өткізеді.
Бақылаудиктанты Мен Алтайда тұрамын. Ауылдың іргесінде Бұқтырма өзені ағып жатыр. Айнала көк шалғын. Қалың ағаш. Неткен керемет! Жұпар иіс мұрныңды жарады.
Ержеткенде бүкіл еңбегімді осы жердің гүлденуіне арнаймын! (27 сөз.)
Мұғалім бақылау диктантын оқып тұрғанда, оқушылар мұқият тыңдап, ілесіп жазып отырады.
Мақтау, мадақтау.
Мәтін
Тапсырма: Мәтінге ат қой.
Лепті сөйлемдердің астын сыз.
Алтыншы сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен сызып көрсет.