Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
|
Сабақ басында: Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Үй тапсырмасын тексеру.
Тапсырма сипаты: «Кездейсоқ сұрақ»
|
Оқушылар аты-жөні жазылған карточкаларды кездейсоқ таңдап, таңдалған оқушыларға мұғалім сұрақ қояды.
Бағалау.Оқушы –оқушы
Мұғалім- оқушы
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
|
Бейорганикалық және жалпы химия бойынша практикалық әдістеме: http://www.chem.msu.su/rus/teaching/dunaev/2/posobie.pdf
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты айтылады. Бағалау критерийлері айтылады.
Мұғалім іс-әрекеті:Оқушыларға нұсқау картасын таратады,түсіндіреді,қауіпсіздік техникасының ережелерін еске түсіреді Лаборант көмегімен демонстрациялық тәжірибені тартпа шкафта жүргізеді.
|
Тапсырма №1. Зертханалық жұмыс №8 Сулы ерітінділердегі галоген иондарды анықтау арқылы галогендердің қасиеттерін ұғыну.
Оқушы іс-әрекеті:Оқушылар зертханалық тәжірибе жұмысын бақылап, реакция теңдеуін жазады. Қорытынды шығарады.
Бағалау: Мұғалім-оқушы. жұмысты жинап, тексереді.
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты айтылады. Бағалау критерийлері айтылады
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|