Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1


Әртүрлі нысандар беткейлерінен сынамалар алу тәртібі мен технологиясы



бет25/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

3. Әртүрлі нысандар беткейлерінен сынамалар алу тәртібі мен технологиясы
Әртүрлі нысандар (еден, қабырға, қондырғы-құрылғылар, сүт-ет қондырғы-аппаратура-лары, қора жайлар, көлік түрлері, т.с. көптеген ветеринариялық қадағалау мен бақылауға жататын нысандар) зарарсыздандырылғаннан (дезинфекциялаудан) кейін микробтық ластану деңгейін және жүргізілген шаралардың сапасын бағалау үшін, т.с. себептерге байланысты қалдық шайындыны (жуындыны) стерильді мақталы анжымен (тампонмен) тіп-тіке - пер-пендикулярлы, 100см2 аудандық көлемде зерттелетін нысан-объект бағытына қарай екі рет сүрту арқылы алады.
Анжыларды (тампондарды) дайындау үшін алюминий, ағашты шыбықшалар - стержен-дер қолданылады. Оның бір шетін тегіс орамшамен-валикпен шайынды алу үшін мақта орайды, ал пробиркаға кіретін тығынды мақталы-дәкеден жасайды. Қашықтығы пробирка-дан стержен соңына дейін 12см. Анжыларды (тампонды) пробиркаға салып, қағазға орап, 1,5 атм. қысымда 30 минөт автоклавта стерильдейді.
Шайынды алар алдында анжыларды (тампондарды) 10мл стерильді физиологиялық ертіндісі бар пробиркаға ауыстырады. Зерттелетін нысаннан-объектіден жағынды алу үшін анжыны (тампонды) пробирка қабырғасына сығып, ылғалдылықтан босатады. Шайынды алған соң тампонды сол пробиркаға салып, вертикальды түрде мұзы бар термосқа орналастырып, сөйтіп зертханаға тасымалдайды. Себу үшін жасалатын іс-шаралардың барлығы бактериологияда қабылданған асептика ережелерімен жүргізіледі.
Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру
1) Зерттеулерге сынаманы алудың маңызы
2) Сынамаларды алу тәртіптері мен технологиялары
3) Сынамаларды зерттеу ережелері
Сабақтың қорытындысы: конспект жазу, мазмұндау, глоссарий
Рефлексия: қосымша сұрақтар беру
Бағалау____________________________________________________________
Үй тапсырмасы: Зерттеуге сынама алу технологиясы мен тәртібі
Қарастырылатын әдебиеттер тізімі:
1) Гинзбург О.Ф., Петров А.А. Лабораторные работы по органической химии. М., «Выс-шая школа», 1974г., с. 286.
2) Қырықбайұлы С., Садуов М.С., Махышев Т.А., Уразбекова Д.С., Жұмагелдиев А.А. Лабораторное дело. Алматы, 2005,2009гг.
3) Орлов Ф.М. и др. Ветеринарная лабораторная практика. Т.2. М., изд. «Сельхоз. Лите-ратуры, журналов и плакатов», 1963г., с.432.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет