Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1


Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі



бет24/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
8 тақырып
Зерттеуге сынама алу технологиясы мен тәртібі
1. Судан сынамалар алу тәртібі мен ережесі
Судан сынама алу үшін арнайы құрал – батометр қолданылады. Су көзінің ластануын зерттеу үшін сынаманы ағысқа қарсы және одан төменгі жерлерінен алады.
Ашық су қоймасынан сынаманы 0,6-1м тереңдіктен, ал беткейінен жағадан 1-2м қашықтықтан алады.
Құдықтан суды ертеңгісін және кешкісін алады.
Су құбырларынан суды ағызып тастап, 10-15 минөттен кейін алуға болады.
Бактериологиялық зерттеулерге суды стерильді батометрмен, я тығыны бар, шыны бө-телкеге алып, тезірек зерттейді (1-3 сағат аралығында). Толық зертханалық талдау үшін 5л су алады, әрбір 2л зертханаға жіберілетін сынамаларға жолдама хаттар беріледі. Онда сынама нөмері, жылы, айы, күні және алған уақыты, судың физикалық қасиеттері, 2-3 күн-дік ауа райының жағдайы, кім және қалай алынғандығы, т.с.с. мәлімдемелер көрсетіледі. Судың сынамасы ластануына байланысты кем дегенде 12-72 сағатта зерттелінуі қажет. Егер зертханаға жіберу 5 сағаттан асып кететін болсе, онда оны қатудан, қызудан сақтау керек. Жылы мезгілде, суды тасымалдау 1 күннен асатын болса, суды консервілейді.
Судағы аммиак мөлшерін, оның қышқылдығын, хлоридтерді анықтау үшін консервант ретінде 2 мл 25% күкірт қышқылын 1л суға, басқа құрамдас көрсеткіштерін анықтау үшін – 2мл хлороформды 1л зерттелетін суға араластырады. Зерттелетін судың ыдысына сынама нөмері, күні, алынған жері белгіленіп, жапсырылады. Уланулар жағдайларына байланысты су сынамасы арнайы зерттеуге жіберілетін болса, судың сынамасы арнайы мөрленіп, оған акт (хаттама) толтырылады.
2. Топырақтан сынамалар алу тәртібі мен технологиясы
Топырақтан (жерден) сынама алу үшін арнайы бұрғы – бұрғылағыш-бур немесе таза күрек қолданылады. Сынаманы бірнеше жерден шахмат тәрізді немесе 3-5 нүктеден диогональ бойынша ауданы 25м2, тереңдігі 0,25м алынады. Әрбір сынаманы араластырып, орташа сынама дайындайды. Оны арнайы тығыны бар шыны бәнкіге салып, я таза қалың матаға орап, зертханаға жібереді. Топырақ сынамаларына жолдама құжат беріліп, онда алынған жері, күні, айы, уақыты, сынама алу тереңдігі мен құрамдық көрсеткіш ерекше-ліктері белгіленіп, не үшін, я қандай себептерге байланысты алынғандығы, қандай көрсет-кіштеріне зерттеу керек екендігі, т.с.с. керекті мәліметтер жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет