Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1



бет22/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

4. Автоклавты ұстау және қадағалау
4.1 Ұйым,кәсіпорын әкімшілігі автоклавтарды Ереже талаптарына сай ұстауға міндетті.
4.2 Ұйым, кәсіпорын жетекшісі бұйрығымен автоклавтар жұмысына жауап беретін ар-найы дайындалған және оны куәландыратын куәлігі бар адамды бекітуі керек.
Әр үш жылда осы бекітілген жауапты адам білімі тексеріліп, нәтижесі куәлікке жазы-лып отырады.
4.3 Ұйымда, кәсіпорында автоклавтармен жұмыс істеу режимі және қауіпсіздігі туралы нағыз Ереже және типтік инструкция талаптарына жауап беретін Нұсқау-Инструкция жасалу керек.Инструкция ұйым, кәсіпорын, мекеме жетекшісімен немесе автоклавқа жауап-ты адаммен бекітіліп, жұмыс орнында ілініп тұруы керек.
5. Қызмет көрсетушілердің (персоналдың) міндеттері

    1. Қызметші автоклавтың жұмыс режимі және қауіпсіздігі туралы Нұсқау-Инструкцияны қатаң орындап, арматура, бақылау-өлшеу құралдарының және сақтандыру қондырғылары-ның жұмысын бақылап отыру керек.

    2. Ережеге сай автоклав жұмысы мынадай жағдайларда тоқтатылады:

а) Инструкцияда көрсетілген барлық талаптар орындалғанға қарамастан автоклавтағы қысым көтерілсе;
б) сақтандыру клапандары жұмыстан шықса;
в) автоклав бөлшектерінде жарықтар, томпаюлар, төсеніштің жыртылуы байқалса;
г) өрт пайда болғанда;
д) манометр жұмыстан шықса;
е) сұйықтық мөлшері деңгейден төмендегенде;
ж) қақпақтың бекіту бөлшектерінің саны толық болмаса немесе жұмыстан шықса;
з) сұйықтық деңгейін көрсететін көрсеткіш жұмыстан шықса;
и) сақтандыру қондырғыларының жұмысы бұзылса;
к) автоматика құралдары мен бақылау-өлшеу құралдары жұмыстан шықса немесе бол-маса;
л) Нұсқау-Инструкцияда көрсетілген басқа да талаптар орындалмаса.
Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру
1) Автоклавтың түрлері және құрылысы
2) Автоклавқа қойылатын талаптар
3) Автоклавтың қолданылу аясы және мақсаты
4) Автоклавпен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет