2.2 Құстар
Токсикологиялық тәжірибелерде көбінесе тауықтар, қаздар, үйректер, түйеқұстар (ин-дюктер) қолданылады.
Құстарда метаболиттік процестер басқа жануарларға қарағанда қарқынды (интенсивті) және жылдамырақ өтеді, сондықтан да құстар химиялық заттардың дәл осы процестерге улылық әсерін зерттеуде ең қолайлы модель болып табылады. Бірақ, құстардың кейбір анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн. Мысалы, құстарда тері және май без-дері, қуық болмайды, қаны мен зәрінің құрамы физиологиялық көрсеткіштері жағынан өз-геше болады. Сонымен қатар, ас қорыту жолдарының құрылысында да, басқа жануарларға қарағанда; айырмашылықтар бар.
Улы заттардың әсері құстардың етінің және жұмыртқа салу көрсеткішін төмендететінін ескерген жөн.
Жарық жеткіліксіз болған жағдайда құстар астаулар мен суаттарға жақындамайды, сон-дықтан, тәжрибе шарттарына сәйкес улы заты бар азық пен суды қолдану мөлшерін көбей-ту үшін жасанды жарық қолданылады. Тәжрибе кезінде құстарды топ-топпен ұстаған жөн, себебі бұл жағдайда құстардың салмағы көбейіп, әртүрлі инфекцияларға резистенттілігі жоғарылайды.
2.3 Ірі сүтқоректілер
Ірі сүтқоректілерге (иттер, мысықтар, маймылдар және т.б.) токсикологиялық зерт-теулер жүргізу олардың ішкі жүйелері мен мүшелерінің қызметі және құрылымы, организ-мінде өтетін метаболиттік процестері адам организміне ұқсастығына негізделеді.
Токсикологиялық практикада маймылдар химиялық заттардың орталық жүйке жүйесі-не әсерін зерттеу үшін қолданылады.
Мысықтар зерттеу объекті ретінде көбінесе жіті токсикологиялық тәжрибелерде қол-данылады. Сонымен қатар, олардың оқшауланған мүшелері химиялық заттардың әсерінен пайда болатын физиологиялық өзгерістерді анықтау мақсатында пайдаланылады.
Клиникалық токсикологияда жиі пайдаланылатын сүтқоректілердің бірі - иттер. Көбі-несе конвенциональды, қысқа жүнді, орташа салмағы 10-15кг болатын иттер қолданылады. Иттердің оптимальды жасы 1.5-5 жас.
Тәжірибе жүргізу барысында иттерді бөлек бокстарда ұстау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |