Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1


тақырып Зертханалық жануарларды тәжірибеде қолдану



бет49/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

17 тақырып
Зертханалық жануарларды тәжірибеде қолдану
1. Жіті және созылмалы токсикалық эффекттерді моделдеу-клиникалық токсико-логияның маңызды бағыты
Қазіргі заманғы токсикологияның негізгі бағыттарының бірі жіті және созылмалы ток-сикалық әсерден организмде болатын патологиялық өзгерістерді зерттеумен тікелей байла-нысты.
Жіті және созылмалы улануларда пайда болатын морфофункционалды өзгерістердің даму механизмін зерттеп, түсінуде лабораториялық жануарларға эксперимент жүргізудің маңызы зор. Әрине, адам мен жануарлар организмі арасында метаболиттік процестердің ерекшеліктеріне, ішкі мүшелердің құрылысы мен қызметіне байланысты бір қатар айыр-машылықтар бар. Соған қарамастан, жануарларға тәжрибе қою арқылы мүшелерде жүретін патологиялық өзгерістердің динамикасын және патологиялық процестердің жүйелік, мүше-лік, торшалық, субторшалық деңгейдегі даму механизмін түсінуге толық мүмкіндік береді. Бұл әртүрлі себептерден болатын уланулардың алдын алу және емдеудің тиімді тәсілдерін табуға жол ашады.
Тәжірибелер әртүрлі лабораториялық жануарларға жүргізіледі, оның ішінде токсико-логиялық зерттеулерде көп қолданылатындары кеміргіштер, құстар және ірі сүтқоректілер.
2. Токсикологиялық зерттеулерде қолданылатын негізгі зертханалық жануарлар
2.1 Кеміргіштер
Химиялық заттардың токсикалық әсерін моделдеуде кеміргіштер кеңінен қолданылады (тышқан, атжалман, теңіз шошқашықтары, үй қояндары).
Ақ зертханалық тышқандар үй сұр тышқанының альбиносы болып табылады; химиялық заттардың уландыру деңгейін анықтау үшін, фармакологиялық препараттардың стандарти-зациялауында пайдалынады.
Теңіз шошқашықтары химиялық заттардың аллергендік қасиетін анықтауда маңызы зор. Бұл жануарлардың оқшауланған мүшелері фармакологиялық зерттеулерде қолданылады.
Үй қояндары олардың овуляциялық циклының өтуінің ерекшеліктеріне және тез көбе-юіне байланысты токсикалық заттардың жыныс-көбею мүшелерінің функциясына әсерін анықтауда қолданылады.
Зертханалық атжалмандар (қара және сұр атжалмандар альбиносы) жіті және созылма-лы уланулардың әсерін зерттеуде кеңінен қолданылатын зертханалық жануарлардың кең та-раған түрі. Токсикологиялық зерттеулерде көбінесе Wistar, Bio Breeding Sprague-Dowley, C57BL, CFI, C3H және т.б. тышқандары, сонымен қатар конвенциональды тышқандар да қолданылады.
Химиялық және биологиялық препараттардың токсикалық әсерлерін зерттеуде атжал-мандардың тимділігі оларды устаудың оңайлығымен, салмағы аздығымен, инфекциялық ау-руларға төзімділігімен, көп ұрпақ беруімен сипатталады. Атжалмандарды қолмен оңай бекітіп-бекемдеуге болады; олардың асқазаны үнемі толы болып тұратындығы интрагас-тральды жолмен токсикалық агенттердің айтарлықтай мөлшерін енгізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар кілегей қабықтарында катаральды өзгерістер пайда болмайды. Көбінесе еркек атжалмандар қолданылады, себебі олардың гормональды тұрақтылығы жоғары. Сонымен қатар, жас жануарларды қолдану көбірек және дәлдеу нәтиже береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет