САБАҚ: 7
|
Мектеп: Ақжар орта
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Наранбаева Р.Т.
|
Сынып:
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Бөлім тақырыбы
|
Мәдениет: тіл және қарым-қатынас
|
Сабақтың түрі
|
Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
О7 Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
Энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар
Газет-журналдардағы ақпараттар негізінде жарнама жасайды.
Көптеген оқушылар
Ақпараттың көп бөлігін саралап, қажеттісін таба алады.
Кейбір оқушылар
|
Бағалау критерийлері
|
Барлық ұсынылған газет-жуналдардан өзіне қатысты айдары бойынша сұрыптау жұмысын жасайды.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пән лексикасы және терминология::айдар, мерзімдік басылым, баспасөз, ақпарат көздері, мақала, мәлімет
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: назарларыңызға ұсынамыз, қабыл алыңыздар, оқырмандардың тілегемен, кезекті жарияланымда, мәліметтерге сүйенсек
|
Ұлттық құндылықтар
|
Тіл, ана тілге деген құрмет
|
Мектеп құндылықтары
|
Өмір бойына оқу
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Тіл және қарым-қатынас
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
3 мин
5 минут
|
Ұйымдастыру
-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
- сабақ мақсатымен таныстыру;
- жетістік критерийін ұсыну
Қызығушылықты ояту
Сыныпқа әр түрлі журналдардың мұқабалары таратылады
Сұрақтар:
Сіздер қандай ана тіліндегі газет-журналдарды оқисыздар?
Сүйіп оқитын баспасөз беттерін аташы.
Неліктен?
Мерзімдік басылымдардың қандай айдарларын жақсы көресіздер?
Не үшін?
|
«Айгөлек», «Балдырған», «Ұлан» газет-журналдарының бірнеше сандары
|
Сабақтың ортасы
10 минут
4 минут
10 минут
3 минут
|
Т.
Әр топ өз мұқабаларын флипчартқа жабыстырып, коллаж дайындайды, дайын коллаждың сыртындағы суреттер мен тақырыптарға сәйкес журналдарға жарнама жасайды.
Бағалау критерийі:
1. Жарнама жасау үшін журналдың сыртындағы оқылымға назар аударады.
2.Эстетикалық талапқа сай коллаж әзірлейді.
Ф. «Дауыс беру» тәсілі бойынша топтар бір-біріне баға береді. Яғни әр оқушы дауыс беру жәшігіне өзіне ұнаған, жетістік критерийлеріне сай келетін бір топқа дауыс беріп, жетонын тастайды, соңында жетондарды санап, жеңімпаз анықталады.
Сыныпқа әр түрлі газет-журналдар таратылады, танысып шығуға 5 минут беріледі.
ЖЖ.
1-жұпқа:
Барлық газет-журналдан пайдалы кеңестерді теріп алып, сыныпқа «Пайдалы ақыл-кеңестер» тақырыбында ақпарат беріңіздер.
2-жұпқа:
Барлық газет-журналдардан шет, алыс елдер туралы ақпарат жинап, шет елдер туралы таныстырылым әзірлеңіз.
3-жұпқа:
Барлық газет-журналдардан танымал тұлғалар туралы ақпарат жинап, бірнеше танымал тұлғаның өнегелі өмірі туралы баяндама дайындаңыз.
|