Салауатты өмір салтын ұлттық спорт түрлері арқылы дамытудың теориялық негіздері



бет8/17
Дата22.03.2023
өлшемі446.5 Kb.
#471002
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Абдалиев Жасулан 19-3 (1)

Қазақша күрес
Күрес – спорттық сайыс ретінде өте ерте замандардан бері өмір сүріп келеді, оған қазба жұмыстарының мәліметтері көз жеткізеді. Біздің ата-бабамыз сақтар өмірінде ол құрметті орын алды. Күреске тіпті сақ әйелдері де қатысқан, бұл туралы Элиан Клавдий жазып болған. Тарихшы Мангакия былай деп жазады: «Ірі жарыстардың бірінде атақты екі палуан кездесті, екеуі екі ханның атынан шықты: жеңімпазға үлкен құрмет көрсетілді, ал ұлы хан жарлық шығарып, оның әлі жасалмаған қылмысын кешіруге бұйрық берді. Мұндай құқ тек мемлекетке маңызы қызмет жасаған тарханға ғана берілетін. Сөйтіп, атақтар палуандар жоғары шеңді ақ сүйектер деңгейіне де көтеріле алды, ал бұл сайысты осы түрінің мән мазмұның артыра түсті». Әбілқазы мәліметтері тіпті қызық: «Күрестің сайыс өткізе отырып, кейде саяси мәселелерді де шешіп отырды», - дейді ол.
Қазақтардың да күрес сайыстарына деген көзқарасы айрықша. Олар палуандар күресінен халықтың күшін, денсаулығын, әсер ұрпақты тәрбиелеудегіәдістері мен жолдардың дұрыстығын аңғарды. Сондықтан да қазақтардың ішінен Балуан Шолақ пен Қажмұқан сияқты аттары жер жарған күш иелерінің шығуы кездейсоқ емес. Балуан Шолақ халықаралық кілемдерге шыға алған жоқ, шыққан күнде оның әлем чимпиондары қатарында тұратын сөзсіз еді. Алысқа бармай-ақ талай халықаралық жарыстардың жеңіспазы болған Каронды тізе бүктіргенің айтсақта жетіп жатыр.
Қазақша күрес – спорттық күрестердің ішіндегі болашағы зор түрлерінің бірі. Жаңа қимылдар енгізілді, бұл күресті бұрынғысынан да қызықты және мазмұны жағынан бай етті, себебі палуанға күрестің басқа түрлерінен қосылған тәсілдік қолданыстарды қолдануға мүмкіндік туды [23].
Қазақша күресті тек бүгін талаптар тұрғысынан ғана қаруаға болмайды, оның болашағына көз жүгіртіп отыруы керек. Қазақша күресті тек Қазақстан деңгейінде қалдырып қоймай, оны республика аралық жарыстар бағларламасына енгізу қажет, бірақ ол үшін қазақша күрес өзінің ұлтықтар пішінің кеңейте толықтыра түскен жөн. Әрине күрес өзінің ұлттық белгісін сақтап қалуы тез, дегенмен, оған көпұлтты сипат беруден қашпау керек.
Ұлттық спорттың басқа түрлерімен салыстырғанда қазақша күрес туралы жазылған еңбектер баршылық болғанымен, оның алдында шешуін күтіп тұрған мәселелер жеткілікті. Оның ғылыми - әдістемелік жағы әлсіз қарастырылған, палуанның психологиялық дайындығы спорттық әрекеттерді айқындайтын медициналық, биологиялық жайттар тіпті де зерттелмеген. Тәсілдік қолданыстар тиянақты жасалынған, бірақ қорғаныс, қарсы шабуыл, оларды үйрету әдістері жоқтың қасы.
Қазақша күрес төмендегідей қазақтың атақты палуандарының бүкіл одақтың және халықаралық деңгейде көтерілу жолындағы көпірі іспетті болды: Ә.Айханов, А.Ғабсаттаров, А.Мусабеков, Ш.Серіков, Ж.Үшкемпіров және т.б. Балуан Шолақ пен Қажымұқан дәстүрі жалғастырушы ұрпақ бар екендігіне сеніміміз мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет