Салауатты өмір салтын ұлттық спорт түрлері арқылы дамытудың теориялық негіздері


ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ



бет7/17
Дата22.03.2023
өлшемі446.5 Kb.
#471002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Абдалиев Жасулан 19-3 (1)

2 ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ


2.1 Салауатты өмір салтын қалыптастыруда ұлттық спорт түрлерін қолдану әдістері

Елбасымыз белгілеген, халқымыз мақұлдаған Қазақстанның 2030-жылғы дейінгі даму стратегиясына орай Президентіміздің «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» атты жолдауындағы 4-ші бөлімі азаматтарымыздың салауатты сүруіне арналғаны белгілі.


Бұны Елбасы жолдауындағы «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған» деген жолдарынан байқауымызға болады.
Ал болашақ ел азаматтарын салауатты өмір сүруге үйрету пәрменді ақпараттық іс-шаралар, оқу әдістемелік оқулықтар және дене тәрбиесі сабақтары мен спорт пәндері, оны жүргізуші мамандары арқылы шешіледі.
Қазіргі таңда ұлттық спорт түрлерін қажетті спорттық базасы жоқ ауылдық жерлерде пайдалану анағұрлым тиімді болып табылады. Мұнда тек педагогикалық және спорттық принциптерді сақтай білу арқылы ғана осы спорт түрлері мен ойындардың сауықтыру-қолданбалы мүмкіндіктерін толығымен аша түсуге жағдай жасау қажет.
Дегенмен, мұндай жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу жеткілікті дәрежеде жоғары деңгейде өтіп жатқан жоқ. Сондықтан да, біз өз алдымызға мынадай міндеттер қойдық - жарыстар ұйымдастыру мен өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар жасау, ол үшін ең үздік төрешілер коллегиясы мен өзіміздің жарыс өткізу тәжірибемізді пайдаландық.
Жер-жерлерде көпшілік жарыстардан бастап Республикалық пен халықаралық дәрежедегі түрлі жарыстар өткізу саны артып келеді. Дегенмен, бұл жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу сапасын одан ары жақсартуға мән беру қажет. Жақсы ұйымдастырылған спорт жарыстары кез-келген спорт түрінің даму ісіне үлкен үлес қосатыны баршаға мәлім. Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулар бірінші кезекте ұлттық ат спорты түрлері бойынша жарыстар ұйымдастыру мен өткізу сапасын жақсартуға бағытталған. Оларды жасау барысында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізудің теориялық және практикалық дағдылары пайдаланылды.
Басқа да зерттеулерге зер салсақ, әртүрлі спорт түрімен айналысудың үйлесімділігі жас спортшының биомеханикалық қозғалыс жүйесінің және морфологиялық жетілуінің белгілі бір сипаттық ырғағының бұзылуына алып келеді деп табылуда. Тағы бір айта кететін жәйт адамның тежелу немесе қозу және морфологиялық жүйесімен қамтамасыз етілуінің, спортпен айналыспайтын адамдармен спортпен шұғылданатын адамдардың аралығы ырғақтық жетілуі биологиялық анықгалған. Спорттың әр түрімен айналысатын спортшылардың биомеханикалық және морфологиялық даму жүйесінің белгіленген тұрақты ырғағының (ритмнің) көлемі, адамның дене дамуының потенциалдық жеке генетикалық экзогендік түзілуі мүмкіншіліктерін құрайды. Сондықтан да осы ретте генетикалық анықтамасының адамның қозғалыс қызметіне қатынасын ескерген жөн. Адамның дене потенциалдық дамуының ырғақтық қамтамасыз етілуіне генетикалық қатынасының биологиялық маңызы, қозғалыс қызметін қамтамасыз ететін, жас ерекшелігіне байланысты ырғақтық морфофункцоналдық жүйесін қайта құрушы бір деңгейдегі қажетті бөлігі болып табылады [22].
Мұндай бірізділік онтогенетикалық қайта құрудың, ең алдымен адам ағзасының сыртқы қоршаған ортаның қажетті қызметтеріне биологиялық дайындығымен тікелей байланысты. Сонымен қатар морфологиялық және функциональдықтың онтогенезде қайта құруылуы көп жоспарлығына қарамастан, ең жоғарғы гормониялық дамуын көрсетеді. Сыртқы (әлеументтік) және ішкі (биологиялық) стимулдары бұл ретте бір-бірін рациональдық және экономикалық даму мақсатымен қамтамасыз етіп отырады.
Дене белсенділігінің әлеуметік ерекшеліктері. Адамның қызметтік қозғалысының қалыптасуына және іске асуына әлеуметтік фактордың маңызы өте зор. Баланың бұл қалыптасуында алғашқы тәрбиеінінің (воспитатель) ықпалы өте маңызды қызмет атқарады. Ол баланың моторлы қызметіне, дене дамуына әсерін тигізіп отырады, сонымен қатар ең бірінші ата-анасының тәрбиесі, содан соң өз құрбы-құрдастарымен ара-қатынаста болатын дене дамуының белсенділігінің күрделі факторын игерудің уақыты келеді. Адамның дене дамуының белсенділігіне әлеуметтік факторы сияқты қоғамдық басқару тәрбиесін қалыптастырудың рөлі де ерекше. Әрине, дене тәрбиесі жүйесіндегі спорттық дайындықтың және дене белсенділіктің басқа түрлерін қалыптастыруға әлеуметтік ортаның ықпалы зор. Әлеументтану адамның дене дамуы белсенділігінің мәселелерін толығымен қарастырмайды және өзінің әдісімен бұл белсенділікке қоғамның ықыласымен жағдай жасайды. Капиталистік елдерде адамның денсаулығын жақсарту мақсатында медициналық қамтамасыз етілуіне талап қойып, спорттық киімдерді, тауарларды, құрал-саймандарды, аяқ киімдерді және әртүрлі тринажерлық және диагностикалық құралдарды, компьютерлік техникаларды т.б. қажеттіліктерді сатылуды жүзеге асырып отыр. АҚШ-та балалардың және жастардың дене белсенділігін: іске асырудың жалпы ұлттық кең көлемді бағдарламасы көбінесе дене белсенділігі деңгейін арттыруға бағытталған әскери қызметтің үйлесімділігімен жүзеге асырылып отырады. Қоғамдық әлеуметтік жағдайдың қатарында дене белсенділігінің әлеуметтік стимулының өсуі, адамның жеке гормониялық жетілуіне бағытын қалыптастырады және дәлелін іске асырады. Адамның дене белсенділігінің көрсеткіші әртүрлі қоғамдық қызметтің қатарымен сәйкес келсе де (Мысалы: адамның денсаулығын жақсарту, спорттық көрсеткіш, әскердегілердің дене дайындық жағы деңгейі және т.б.), олардың әлеуметтік жағдайларының мәні принцпке сай әртүрлі болып келеді. Ең алдымен әлеуметтік сәйкессіздік қоғамдық жүйенің белгіленген мақсатын қамтамасыз ететін тобына қарай қалыптастыру болып табылады. Жаңа прогрестік техниканы ендірудің автоматтандыру және еңбекпен қамтамасыз ету, қолмен еңбек етуді азайтудың қоғамдық өндірістің бірлескен прогрестік факторында - адамның дене белсенділігінің бейімдеушілік қабілетіне жаңа талаптар қойылады. Сондықтан адамның денгейін дамыту қоғамдық әлеуметтік қалыптасуы, оның денсаулығын жақсартуға, дене дамуының көлемін арттыруға бағытталған және осы түрғыдан адамның еңбек өнімділігінің өсуі болып есептелінеді. Мақсат қазақстан азаматының жеке тәрбиесінің мақсатын, оның мәдениеттілік денгейін арттыру болып табылады. Сондықтан да, біздің елімізде мәдени құрылыс тәжірибесі мәдени спорттық комплекс сияқты дене белсенділігінің жаңа түрін бостан босқа ұйымдастырып отырған жоқ.
Қазіргі кезде қазақтың ұлттық ат спорты түрлері бойынша жарыстар өткізу Ережелері жасалынып, бекітілді, соған сәйкес спорт жарыстары келесі түрлер бойынша өткізіліп келеді: аламан бәйге, бәйге, құнан бәйге, жорға жарыс, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, қыз қуу, аңшы құстармең аң-саят жасау. Оған қоса тай жарыс, дөнен жарыс өткізу де іс жүзінде өткізіліп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет