1.3 Салауатты өмір салтын дамытудағы ұлттық спорт түрлерін қолданудың мүмкіндіктері
Ұлттық ойындарда, салт – дәстүрлерде, әдет-ғұрыптарда, халық - ауыз шығармашылығында сау дененің сұлулығы туралы, мінез - құлық мөлшерлері мазмұндалады және салауатты өмір салтының барлық факторларының мәні толық көрсетіледі, оның өскелең ұрпақ бойында қалыптасу мәселелері ашыла түседі. Біздің пікірімізше, жинақталған халық тәжірибесі қазіргі таңда өзінің көкейтестілігін жоғалтпақ түгілі, мәселені шешудің басты құралы болып табылады және тәрбие жұмыстарында қеңінен қолданылады. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Халық денсаулығы» атты Мемлекеттік бағдарламасында халықтың денсаулығын нығайту – бірінші кезектегі шаралардың бірі екендігін атап өткен. «Халықтың денсаулығы дегеніміз – ел қауіпсіздігінің өркендеуі мен өркениеттің басты өлшемі» деген бағдарламада Қазақстан азаматтарының саулығына әсер ететін барлық жағдаяттар жан-жақты мұқият ескеріліп тұжырымдалған. Бағдарламаның басты мақсаты – халықтың денсаулығын нығайту, демографиялық ахуалды жақсарту. Бағдарламаға өзегі болған басты мәселе Бүкіл Дүние жүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ХХІ ғасырда баршаның саулығын сақтау үшін деген басты принципке үйлесіп жатыр.
ХХІ ғасырдағы қоғам жалаң адамдар тобынан емес, отандастарымыздың, болашақ ұрпақтарымыздың денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні таза, танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алудағы шығармашылық қабілеті ерекше, қоғам болашағын ойлайтын, салауатты тұлғалардан тұруға тиіс.
Осы заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдай, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, экологиялық дағдарыс Қазақстан Республикасы халықтарының денсаулығына әсерін тигізуде. Әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығының нашарлау себебі, рухани құндылығының құнсыздануы, санитарлық-гигиеналық мәдениеттің төмендігі, денсаулық туралы білімнің жеткіліксіздігі, өз денсаулығына жауапкершіліктің болмауы, салауатты өмір салтын қалыптастырудың мақсат-міндеттерін жете түсінбеуден болып отыр. Бұл тек Қазақстан Республикасын ғана ойландырып отырған мәселе емес. Сондықтан, әлем ғалымдары адам денсаулығына әсер ететін маңызды биологиялық, әлеуметтік факторға көңіл бөліп, қоғамды сауықтырудың тиімді жолдарын зерттеумен айналысуда.
АҚШ-тың «Халық денсаулығы» ұлттық бағдарламасында қоғамдық денсаулық мәртебесін жақсартудың мынадай үш амалы көзделген:
- денінің суалығын қамтамасыз ету;
- денсаулықты сақтау;
- аурудың алдын алу.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының алты халықаралық орталықтарының бірі Қазақстанда орналасқан. 1978 жылы «Алматы декларациясы» қабылданып, ғасырдағы Денсаулық сақтаудың ұлы хартиясы» деген мәртебеге ие болған. (Хартия – дүниежүзілік мәні бар халықаралық құжат).
Ұлт ойындары-ата бабамыздың бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпесбайлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.
В.А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда «Ойынсыз ақыл –ойдың қалыпты дамуы-да жоқ және болуы да мүмкүн емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірне ұштасып, өзін қоршаған, дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты». Міне, ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетілдіретін, адамға қиял мен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпін.
Қазақ халқы- материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көнекті жазушысы М.О. Әуезов «Біздің халқымыздың өмір кешкен-ұзақ жылдарда, қызыққан алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру жұрттың көзін қуантып,көңілін шаттандыру емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған»,- деген. Ойынға зер салып ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен де мәнді мағыналар істеп туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен ненің болсын бас алып жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі.Ойынды біз бар өнердің бастауы деп білеміз, ал қай өнер болса да кең арналы, сулы шалқар дариядай болып кемеліне келгенше жолында кездескен сандаған үлкенді кішіліарналардан бас құрайтын өзен сияқты ғой. Сол алып өзенніңорта тұсынан шыққан адам, оның басы әелде жылжып аққан бұлақтан басталып еді дегенге онша илана қоимаста еді. Ұлт ойындары біздің көз алдымызға тап осы суреттерді елестетеді. Өйткені бір кезде ол бар өнердің басты, олардың нәр алатын бастауы болғаны анық. Шынындада көне мәдинет пен әдеби туындылар, ең алдымен, сол халық жинаған думанды сауықта, ойын –той үстінде дүниеге келіп, көптің игілігіне айналған. Сөйтіп бүгінгі және болашақ ұрпақ ұлт ойындарының өзі адам еңбегініңжелісі. Халықтың фантастикалық ойын құбылысының көрінісі дүниені танып білуге көмектеседі. Қазақтың мәдени асыл мұрасы ұлттық ойындары бұқаралық спортты дамытудағы орны ерекшке [16].
Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, бала-лардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған». Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қаре- кеттерінен бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруа-шылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген. Ахмет Жүнісовтың айтуынша, «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, тө- зімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен».
Рухани, материалдық байлықтың негізі денсаулыққа байланысты деп қарап, баланы сергек сезімді, дені сау, тәні сау, адамгершілігі мен имандылығы мол азамат етіп тәрбиелей отырып, “Бүгінгі өмірдің қонағы, ертеңгі өмірдің қожасы”– деп ата-бабамыз келер ұрпаққа үлкен үмітпен қараған.
Ұлттық қасиет – ұлттың ұйытқысы.
– ұлттық ойлау, қабілет қоры – халықтың қоғамдық демеушісі.
– тәрбие – ұлттық психологияны қалыптастыратын негізгі құрал.
– салт-дәстүр – ұлттық өмір сүру дағдысы.
– ұлттық психология – халықтың табиғи өзгешелігінің даралық анықтамасы.
Бұл ұлттың рухани құралдары келер ұрпақты дені сау етіп тәрбиелеуде тағлым іліміне арқа сүйер тіректер. Егер бұл тағылымды топшалайтын болсақ,
– шыншыл тұрғыда жазылған ұлт психологиясы жайлы алдыңғы қатарлы әдебиеттер;
– адам бойына ана сүтімен сіңген, атадан балаға мирас болып жеткен ұлттық тағылымның тұжырымдамалары жатады.
Ұлттық тұжырымдамаларды зерттеуші Лев Гумилев: “Этнос дегеніміз – жер бетіндегі белгілі бір тіршілік аймағы мен әлеуметтік аймақтық бірлігінде жатқан, салт-дәстүр, тұрмыс тіршілігі, шаруашылық кәсібі, мінез-құлқы, тілі мен мәдени мұрасы бір халықтар тобы”– дейді.
Міне, осындай халықтар тобының бірі – қазақ ұлтының ұлттық мүддесінің ең бастысы – ұрпақ қамы. Ұлттық мүдде дегеніміз – сол этностың құрамына енетін жеке адамдардың ортақ мүддесінің жиынтығы болып шығатынын түсіну қиын емес. Ұрпақ қамы болғандықтан ата-бабамыз осы мақсатқа жету үшін жігерлілік, қайсарлық мінез, жауапкершілік, құлшыныстық арқасында жүзеге асатынын жақсы білген [17].
Шоқан Уәлиханов қазақ жерінің географиясын, этнографиясын, фольклорын зерттегенде, әкімшілік басқару қызметін алу әрекетін істегенде, халқына сауат сұрап патшаға барғанда, ұлттық мүддені күйттеп барғанына ешкім дау айта алмас. Ыбырай Алтынсарин халыққа білім берудің жайын ойлап, ұлттың келешегі – жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуге өмірін сарп етті.
Орыс географиясы қоғамының негізін қалаушы, Ресейде қазақтар жөнінде алғаш монографиялық еңбек жазған ғалым Алексей Левшин “Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының сипаттамасы” (1832ж.) еңбегінің “Дене бітімі” деген тарауында қазақтар денсаулығына былай сипаттама береді:
“…Табиғатпен етене өмір сүрген, қарапайым тамақ, жайбарақаттылық, залалсыз климат пен таза ауамен тыныстаған қырғыздар денсаулығы мықты, көп жасайтын, күшті де қуатты, аштыққа, ыстық-суыққа шыдамды келеді. Күннің ыстығы қаперіне де кірмейді. Көргіштігіне таңдануға тұрарлық, тегіс жерде тұрып кішкентай заттарды 10, не одан да көп шақырымнан көре береді, көзі өткір келеді. Европалықтар заттарды бұлдыр көріп әзер байқайтын жерден, олар заттың сұлбасы мен түсін ажыратып береді – дейді. Жалпы қазақтардың көру қабілетінің, қырағылығының мейлінше жақсы дамуы – кең байтақ далада өмір сүруі, шалғайға ойлана зер салып, байқампаздықпен, байыппен, байсалдылықпен сүзіп, шолып қарауға дағдылануы ақыл-ой өрісінің кеңдігі мен сабырлылығының сипаты”- дейді.
Медицина, антропотология саласындағы бірқатар еңбектердің авторы, дәрігер Николай Львович Зеланд “Қырғыздар” (Қазақтар) атты этнологиялық очеркінде қазақтардың салауаттылық пен денсаулыққа, дене пішіні, сымбаттылыққа байланысты антропологиялық өлшемдер арқылы мынадай қызықты деректер келтіреді:
“Қазақ қызуқанды болып келеді. Оның рухына жайсаңдылық, ізгілік тән, ол ылғи да жайдарлы жүреді. Жалпы сергек әрі еліктегіш келеді, алайда “жүйкесі” көмбісті, ашушаңдыққа бара бермейді. Оның қызуқанды болуының себебі, бәлкім, көшпенділердің өмір салтынан да болса керек. Қаурыт та, шапшаң дене қозғалысы, үнемі ат үстінде жүруі қан айналысы мен зат алмасуына қолайлы болуы тиіс; бұған қоса, дала тұрғындары дене қызуының жиі алмасуы, олар жұтатын таза ауада; шөлейтте жол шеккенде сусынды көп ішпеуі, діни жоралғыларға байланысты тағамдар таңдауы, асқазан және ішек жолы қызметін жақсартуға жәрдемдеседі, бұлардың рух күшін сақтауға маңызды ықпалы бар; ақыр соңында арақпен, апиынмен және темекімен жүйкесін жұқартуға әдеттенбеудің де біраз пайдасы бар. Жүйке салауаттылығы адамның иманды, өнегелік бейнесінен де жақсы көрінеді. Жаны жайсаң адам өзгелерге де іш тартады. Қазақ ниетімен ақкөңіл: ол сондай-ақ қастерлі өсиеттерге адал, басқаның қайғы-қасіретіне ортақтас, күйзеліс-күйінген кезде салаутатты және төзімді”– дейді [18].
Қазақ халқының осыдан салауаттылығы мен имандылығы қатар жүретінін байқау қиын емес. Ал осы салауаттылығы мен имандылығы табиғат аясында етене байланысты болған. Адам саулығы табиғатпен де тығыз, имандылық қарым-қатынаста жүзеге асатынын ерте кезден білген қазақ ұлты қадір тұтуға жарайтын ұлттық психологиялық кешендерді бойына сіңіріп отырған.
Қоршаған ортамен етене байланысқан біздің көреген ата-бабамыз түгін тартса майы шығатын көк майсалы бел, арнасынан асып төгіліп жатқан өзен-су, сылдырап аққан бұлақ, қарағайы мен қайыңы, емені мен шілігі сыңсыған орман, қарақаты, мойылы мен шиесі, жауқазыны мен қызғалдағы құлпырған, аққуы ұшып, қазы қонған, бұлбұлы сайрап, көкегі шақырған ұлан-ғайыр даланы көзінің қарашығындай сақтап, қадір -қасиетін жете түсіне білген.
Қазақ отбасы тәрбиесінде өзінің ғасырлар бойы саяси экономикалық, әлеуметтік - тарихи ерекшеліктеріне байланысты атап айтқанда, кең байтақ жерін, шаруашылық дәстүрін әр түрлі шапқыншылық, жауынгерлік және табиғаттың дүлей апатынан сақтап, қорғап қалу үшін ұрпағын бала жастан іскерлікке, ептілікке, батырлыққа, мергендікке шымырлыққа, саулыққа, имандылыққа тәрбиелей отырып, жаны мен тәнінің бірдей жетілуін дәстүрге айналдырған. Әр халықтың бала саулығы тәрбиесінде ой - пікірлер мен дәстүрінен педагогикалық, психологиялық, валеологиялық, философиялық қағидалардың өзегі бар екенін байқау қиын емес. Сондықтан, қазіргі жаңару дәуірінде ұлттық педагогиканың өзіне тән бай мұраларының маңызы мол. Осы асыл мұралар жеке тұлғаның қалыптасуына себеп бола алады.
Академик тарихшы, этнограф, лингвист, интернационалист, Орхон-Енисей жазба ескерткіштері туралы құнды еңбек жазған, Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” атты еңбегіне тұңғыш ғылыми талдау жасаған Василий Васильевич Радлов қазақтарды былай сипаттайды:
“Қазақтар орта бойлы болып келеді, дегенмен де олардың арасында өте-мөте сұңғақ бойлы – жауырыны қақпақтай, мойыны күжірейген желкелі адамдар да жиі кездеседі. Мен тіпті былай деп ойлаймын: ауқатты қазақтар (тамақтан тарылмайтын) денесінің тұрқы адамның табиғи тамағы ет екенінің айқын дәлелі болып табылады, өйткені ет жемейтіндер арасында мұндай алып денелі кісілерді ұшырата қою мүмкін емес… Қазақтар арасында әлжуаздары аз, ал күшті тағам мен таза ауадағы салауатты өмір сүруі арқасында аурулар да некен-саяқ ұшырасады” – деп жазады.
Ұлтқа тән ұлттық мінездер: жауынгершілік, өнершілдік, қонақжайлылық, балажандылық, малжандылық, және т.б. Осы ұлттық мінездердің бірі – жауынгершілік. Бұл мінездің астарында көп мағына жатыр. Балаларын “әке көрген оқ жонар” деп баулыған қазақ, ел басына күн туғанда “ереуіл атпен егеулі найза” ер жігіттің мұраты болған. Жау шапса айдап ала жөнелуге жағдайы бар көшпенді мал шаруашылығы да бұл тайпалардың ереуілшіл мінезінің қалыптасуының экономикалық негізі іспетті еді. Сәйгүлік, қымыз “ер қаруы бес қару”, жинақылық пен сергектік, ширақтық – бұлардың жауынгерлік мінезін айқындайды. Оның дәлелі өз кезеңінде парсының ұлы патшасының бірі Кирдің, әлемге аты мәшһүр Ескендір Зұлхарнайынның әскерлеріне де есеңгірете соққы беріп жібергені белгілі. Кезінде VІ ғасырдан XІІІ ғасырдың басына дейін өмір сүрген Батыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ қағанаттарының ұрпақтары Шығыс Қытайдан бастап Византия мен Римге дейін танылып, өздерімен санастыра білген, азулы мемлекеттер болған. Солардың ұрпағы қазақ ұлтының жауынгерлік мінезі әлемге әйгілі осындай ата-бабаларынан қанға сіңген мінез болып табылады [19].
Қазақтардың жауынгерлік мінезін достары ғана емес, жаулары да ескермей қоймаған. А.Гитлер өзінің Шығыс жоспарында батыс славяндардан – чехтарды, шығыс славяндардан – украиндарды, азиялықтардан – қазақтарды атап, өз әскерлеріне осылардан сақ болуды ескерткен екен. “Қызыл Армияның кейбір аса төзімді жауынгерлері қазақтар болды” – деп жазады ағылшын жазушысы Александр Верт.
Болашақ ұрпақты рухани байыту үшін, өткен кезең мәдениетінің тұңғиығына бойлап, оның ішкі мазмұнын түсініп, інжу-маржанын өз бойына сіңіріп, рухани нәр алуы керек. Бүгінгі даму кезеңі – өткен кезеңдердің тәжірибесі. Мұндай жағдайда, бұқараның жас буынын салауатты өмір салтына тәрбиелеу, өткен кезеңдер тәжірибесіне арқа сүйеп, халықтық педагогикалық құндылықтарды пайдаланғанымыз абзал.
Қазақ халқының сондай құндылықтарының бірі “ салт-дәстүр мен әдет-ғұрып”. Енді осы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа ғылыми тұрғыда талдау жасап көрелік:
“Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа” Қазақ совет энциклопедиясында мынадай анықтама берген:
“Салт – халықтар кәсібіне, сеніміне, тіршілігіне байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Уақыт озған сайын оған жаңалық еніп, өзгеріп, қоғамдық болмыс принциптеріне бейімделіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттіліктері жаңа жағдайда ілгері дамиды”.
“Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа көшетін тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер. Дәстүр – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің негізі. Дәстүр мәдениетімізбен тығыз байланысты. Мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай”.
Профессор С.Қалиевтің ”Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы” деген еңбегінде “салт” ұғымына түсініктеме берілген.
“Салт- адам өмірінің күнделікті тіршілігінде жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жоралғы, рәсім, заңдылықтарының жиынтығы. Ол жеке адам өмірінде еңбек, іс-әрекет, адамгершілік, құқық, діни ережелерімен байланысты көрініс береді де біртіндеп ауыл-аймақ, ру, тайпаға, ортақ рәсімге айналады”– деген.
Социолог Т.Ж.Нақыпбеков “өмір салты – субъектінің әлеуметтік ортамен өзара әрекеттестік тәсілі. Өмір салтынан сол қоғамның экономикалық жағдайын, қоғамдық қатынастары, материалдық және рухани қажеттіліктерінің қанағаттану деңгейлері көрінеді” – деп сипаттайды.
Ал, Ю.П.Лисициннің пікірінше, “өмір салты” – өмірдің белгілі бір жағдайында және соған сай жүретін адамның іс-әрекеті. Өмір салты адамның денсаулығына да әсер етеді, сондықтан денсаулық пен өмір салтының арасындағы байланыс өмір салты ұғымын көрсетеді.
”Қазақ халқының жалпы ұлттық игілігін бүкіл адамзат мәдениетімен ұштастыру… өз халқының рухани бастаулары мен жалпы адамзат мәдениеті арасындағы үйлесімділікті жүзеге асыра отырып, жас адамның жан-жақты дамуына кең өріс ашады” – деп 1992 жылы халыққа білім беру Министрлігі бекіткен қазақ орта мектебіндегі білім мазмұны тұжырымдамасында көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |