Салауатты өмір салтын ұлттық спорт түрлері арқылы дамытудың теориялық негіздері



бет13/17
Дата22.03.2023
өлшемі446.5 Kb.
#471002
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Абдалиев Жасулан 19-3 (1)

Жамбы ату
Ерте замандардағы садақ пен нысананы дәлдеп ату спорты негізінде мергендік қасиетті дамыту мақсаты жатыр.
Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген ежелгі адамдар садақпен атуға әбден машықтанған мергендер болған.
Ежелгі грек тарихшысы Геродот сақтардың тамаша мерген халық болғандарын айта келіп, олардың арасынан Грек байлары тілге және мергендікке тәрбиелейтін адамдарды жинағаны туралы жазады. Ерлер мен бірге әйелдер арасынан да атақты мергендер шыққан.
Александрский «Сақ әйелдері қашып бара жатып, ат үстінде теріс айнала дәлдеп атуға әбден машықтанған»- деп жазады.
Біздің әрамызға дейінгі VІ ғасырда түркі халықтары Наурыз мейрамдарында әр түрлі сайыстар өткізген, оның ішінде мергендер сайысы үлкен орын алған. Бұл жөнінде қытай тарихшысы Вен-цзе былай деп жазады: «Бұл күні патша мен хан жаңа киімдерін киіп, жеті күн бойына ат үстінде жүріп садақпен атысып жарысады, ал соңғы нысана ретінде алтын теңгені алып, сайысты ары қарай. Жеңімпаз келесі күні бір күн бойына патша болу алады».
Қазақтар арасында жамбы ату құрметті спорт түрлерінің бірі болған. Атқыш мергендер халық арасында үлкен сый-сияпатқа бөлген. Бұл мергендік қасиет жәй көңіл көтерулер, сайыстар немесе аң аулау кезінде пайда болған деу бос сөз. Бізге белгілі еңбектер жігіттерді ұрысқа дайындау барысында жамбы ату өнері жан-жақты білетін адамдардың арнайы топтар жинақтағандықтары туралы айтады. Өкінішке орай, кеңестік дәуірде дене тәрбиесінің кейбір жаңа түрлерінің пайда болуы жамбы ату спортын спорттық сайыстар аясына ығыстырып тастады. Ал оның халық арасында жоғалын кетуі - әскери мылтықпен ату спорттың келуімен тікелей байланысты.
Елуінші жылдардың басында жамбы ату спортын жандандыруға ұмтылыстар жасалды, жарыс ережелері мен талаптары, ұйымдастырудың әдістік нұсқаулары жасалды. Бірақ бұл бастама ресми спорттық ұйымдар тарапынан қолдау тапты. 1979 жылы Республикалық спорт комитеті жамбы атудың негізгі ережелерін бекітті. Бұл ережелер бойынша нысананы ат үстінде тұрып садақпен хемес, найзамен қағып түсіреді.мұндай жарысты жамбы ату жарысы деп атауға болмайды, себебі мұнда ең басты ұлттық қару садақ пайдаланылмайды. Сондықтан бұл ереже іске аспай қалды.негізінен жамбы ату жарысы 250х300 метр келетін алаңда өткізіледі. Жамбы мәреде 100метр жердегі биіктігі 3-4 метр дараққа орнатылады.
Алаң ішіне жалаушалар ілінеді. Нысаналар тай тұяқ жамбы (көлемі тайдың тұяғындай), ай қабақ (туған ай формасында жасаланып екі ұшынан ілінеді), теңге (кейде алтын қабақ делінеді, алтын теңге ілінгенне осылайша аталса керек) түрінде болады.
Ал қабақ теңге бір орында тұрып атылады. Ал жамбы ат үстінде шауып келе жатып көзделеді. Егер нысана тұсына келгенде аттың епкіні тежелсе, онда айып үпай есептелінеді, атты тоқтатып қойып көздеуге рұқсат етілмейді. Жамбыны кіші калибрлі мылтықпен немесе споттық садақпен көздеуге болады. Мәре сызығында қатар тұрған шабандоздар жамбыға тигізгенше өз кезегімен шауып өтіп ата береді. Бұл бұрынан келе жатқан тәртіп, сондықтан да оның ережесін нысана көздеу спортының қазіргі ережелеріне сәйкес, ұлттық формасын сақтай отырып жетілдіруге болады деп ойлаймыз.
Жамбы ату – спорттың өте қызықты да тартымды ойын түрі. Оның спорттық немесе сауықтыру мәні өте жоғары. Басқа спорт түрлерінен ерекшелігі – бұл өнермен қартайғанша айналысуға болады.
Жамбы атумен жүйелі түрде айналысу спортшының дене дайындығын дамытады және жүйке жүйесіне игі ықпал етеді.
Реғспубликада жамбы ату спортын кеңінен дамыту үшін үлкен ұйымдық жұмыстар жүргізу керек және садақ, жебе жасау кәсібін жолға қою керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет