54
|
157-баптың 10-1, 11-тармақтары
|
157-бап. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру
1. Бюджеттiк инвестициялық жобалар олардың белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемелерiне сәйкес iске асырылады.
2. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн құрылыс қызметi белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде көзделетiн шет мемлекеттер аумағындағы құрылыс қызметi осы жоба аумағында iске асырылатын мемлекеттiң заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлетін жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бiрыңғай техникалық параметрлерi бар инвестициялық жобалар бойынша үлгiлiк жоба әзiрлеу жүзеге асырылады.
Үлгi жобаларды әзiрлеуді және оларға сараптама жүргiзудi қаржыландыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде үлгi жобаларды қолдану құрылыстың нақты алаңына бекiту жолымен жүзеге асырылады.
5. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде немесе бюджеттік инвестициялық жобаның үлгілік жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына әкеп соғатын қосымша компоненттерді енгізуге байланысты бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берілмейді.
6. Республикалық немесе жергiлiктi бюджетке енгiзiлмеген бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеуге жол берiлмейдi.
7. Алып тасталды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV Заңымен.
8. Алып тасталды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV Заңымен.
9. Республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын аяқталған инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген орган жүргiзедi.
Жергiлiктi бюджет, оның iшiнде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебiнен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың iске асырылуын бағалауды жергiлiктi атқарушы орган уәкiлеттiк берген орган жүргiзедi.
10. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жаңа объектілер құру (салу), жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау кезеңінде жүзеге асырады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартады.
Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
10-1. Жоқ.
11. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жобалардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
Жоқ.

10-1. Ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингін ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті орган ақпараттық жүйелердің тіршілік циклінің барлық кезеңінде жүзеге асырады.
Ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мен ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүргізу мен оны бағалау қағидаларын ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Бұл бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін және оған бағалау жүргізу кезінде ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаны тартуға құқылы.
11. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жобалардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
Егер, жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар мен республикалық бюджеттен дамуға арналған нысаналы трансферттер есебінен іске асырылатын жобалар ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған, олардың іске асырылу мониторингі мен оларды дамытуды ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті орган да жүзеге асырады.
|
Бұл түзетулер арқылы ақпараттық жүйелерді құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалардың мониторингі мен оларды бағалау кезінде ақпараттандыру саласындағы орталық және жергілікті уәкілетті органның рөлін арттыру ұсынылады. Экономикалық әсерден басқа ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті орган мақұлдаған ақпараттық-технологиялық шешімді іске асырудың нақты әсерін бағалаған жөн.
|