9-2-бап. Мемлекеттік органның функциялары
Мемлекеттік органның функциялары стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау болып бөлінуі мүмкін:
жоспарлы құжаттарды әзірлеу, қабылдау, мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындау, халықаралық қатынастарды, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар стратегиялық функциялар болып табылады;
мемлекеттік функциялардың іске асырылуын нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі функциялар реттеушілік функциялар болып табылады;
жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, рұқсат беру құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қосқанда) беруге бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады;
жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік мекемелер қызметінің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және бақылау жөніндегі функциялар бақылау функциялары болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік органдардың құрылымында функцияларды стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау деп бөлуді - Қазақстан Республикасының Президенті, ал орталық атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында өздеріне көзделмеген функцияларды жүзеге асыруына тыйым салынады.
Түзету Қазақстан Республикасы заңнамасындағы терминологияны бір ізге түсурі мақсатында ұсынылады.
|
73
|
15-2-баптың 1, 5-тармақтары
|
15-2-бап. Мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызметтер ұсынуы
1. Мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызметтер ұсыну үшін интернет-ресурстар құрады.
2. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары:
1) мемлекеттік органның қызметі туралы жалпы ақпаратты;
2) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының тізбесін, сондай-ақ олардың басшылары туралы мәліметтерді;
3) аумақтық органдардың (олар болған кезде) тізбесін, олардың міндеттері мен функцияларын, сондай-ақ олардың басшылары туралы мәліметтерді;
4) мемлекеттік органның қарамағындағы тізілімдердің, тіркелімдердің, кадастрлардың тізбелерін;
5) жалпыға қол жетімді электрондық ақпараттық ресурстар мен жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын электрондық қызметтердің тізбелерін;
6) мемлекеттік орган қабылдаған және қолданысқа енгізілген нормативтік құқықтық актілерді;
7) мемлекеттік орган заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қарауға қабылдайтын өтініш құжаттарының үлгілерін;
8) ашық конкурстық сауда-саттықтар (тендерлер, аукциондар), сараптамалар мен басқа да іс-шаралар туралы мәліметтерді және оларды өткізу шарттарын, сондай-ақ оларға жеке және заңды тұлғалардың қатысу шарттарын;
9) мемлекеттік органда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тәртібі туралы ақпаратты, азаматтарды қабылдау кестесін, өтініштерге шолуларды, оларды қараудың нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпаратты;
10) мемлекеттік органның жарияланған бос лауазымдары туралы мәліметтерді, мемлекеттік қызметтің бос лауазымдарына орналасу үшін кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын;
11) мемлекеттік органдар басшыларының және олардың орынбасарларының ресми сөйлеген сөздері мен мәлімдемелерінің мәтіндерін;
12) «Сұрақ-жауап» сервисінің болуын;
13) азаматтарға интерактивті сұрақтар қоюды;
14) жаңалықтар тізбегін;
15) мемлекеттік органның құзыретіне қатысты бөлікте саланың даму жай-күйін және серпінін сипаттайтын ресми статистикалық ақпаратты және (немесе) көрсеткіштерді;
16) мемлекеттік органның қызметі туралы талдамалық баяндамаларды және ақпараттық сипаттағы шолуларды;
17) мемлекеттік органның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының почталық мекен-жайларын, электрондық почтасы мекен-жайларын, анықтама қызметтерінің телефондарын;
18) өзге де бөлімдерді қамтуға тиіс.
|
15-2-бап. Мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызметтер көрсетуі
1. Мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызметтер көрсету үшін интернет-ресурстар құрады.
2. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалатын электрондық ақпараттық ресурстарды қамтуға тиіс.
|
Түзету Қазақстан Республикасы заңнамасындағы терминологияны бір ізге түсурі мақсатында ұсынылады.
|
|
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы
|
74
|
39-баптың 1-тармағы
|
39-бап. Баланы оның денсаулығына, имандылық және рухани жағынан дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау
1. Балаларға арнап нәсілдiк, ұлттық, әлеуметтiк және дiни өшпендiлiктi өршiтуге бағытталған, тектiк-топтық ерекшелiктi, соғысты насихаттайтын, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге және Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеулерi, порнографиясы бар немесе баланың рухани және имандылық жағынан дамуына өзгеше зиян келтiретiн ойыншықтарды, кинофильмдердi, дыбыс- және бейнежазбаларды көрсетудi, сатуды, сыйға тартуды, көбейтудi және прокатқа берудi жүзеге асыруға, әдебиеттердi, газеттердi, журналдарды және басқа бұқаралық ақпарат құралдарын таратуға тыйым салынады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған әрекеттердiң жасалғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады.
|
39-бап. Баланы оның денсаулығына, имандылық және рухани жағынан дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау
1. Балаларға арнап нәсілдiк, ұлттық, әлеуметтiк және дiни өшпендiлiктi өршiтуге бағытталған, тектiк-топтық ерекшелiктi, соғысты, суицидті, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын, конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге және Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеулерi, порнографиясы бар немесе баланың рухани және имандылық жағынан дамуына өзгеше зиян келтiретiн ойыншықтарды, компьютерлік және бейнеойындарды, кинофильмдердi, дыбыс- және бейнежазбаларды көрсетудi, сатуды, сыйға тартуды, көбейтудi және прокатқа берудi жүзеге асыруға, интернет ресурстарға қол жеткізуді, әдебиеттердi, газеттердi, журналдарды және басқа бұқаралық ақпарат құралдарын таратуға тыйым салынады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған әрекеттердiң жасалғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады.
|
Түзетулер кәмелетке толмағандарды балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге жәрдемдесу ретінде балалардың мүдделері үшін мемлекеттік саясаттың осындай мақсатын (Бала құқықтары туралы ҚРЗ 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы) іске асыруға бағытталған қалаусыз контенттен қорғау үшін компьютерлік және бейнеойындарға қатысты «жасы бойынша шектеулер» саясатын енгізумен байланысты ұсынылады.
|
|
«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы»
2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы
|
75
|
1-баптың 10) тармақшасы
|
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) куәландырушы орталық - электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға;
2) куәландырушы орталықты аккредиттеу - куәландырушы орталықтың қызметтер көрсету құзыретін уәкілетті органның ресми тануы;
3) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды
4) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды
5) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен алып тасталды
6) қол қоюшы тұлға - электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін заңды түрде иеленетін және оны электрондық құжатта пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
6-1) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
6-1) құжаттың электрондық көшірмесі - өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік қызмет көрсетуді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететiн құжат;
7) тіркеу куәлігі - куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін қағаз жеткізгіштегі құжат немесе электрондық құжат;
8) тіркеу куәлігінің иесі - өз атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті заңды түрде иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
9) уәкілетті орган - ақпараттандыру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
10) электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
11) электрондық құжат айналымы жүйесі - қатысушылары арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі;
12) электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы - электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздестіру және тарату процестеріне
қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам;
13) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
14) электрондық цифрлық қолтаңба құралдары - электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
15) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті - кез келген тұлғаның қолы жететін және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі;
16) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті - тіркеу куәлігінің иесіне белгілі және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі.
|
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – ақпараттандыру және «электрондық үкімет саласында» басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) арнайы куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ мемлекеттік құпияларға жатқызылған (оларды қамтитын) ақпараттық жүйелерде пайдалану үшін тіркеу куәлігінің анықтығын растайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
3) куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің анықтығын растайтын заңды тұлға;
4) куәландырушы орталықты аккредиттеу – куәландырушы орталықтың қызметтер көрсету құзыретін уәкілетті органның ресми тануы;
5) қол қоюшы тұлға – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін заңды түрде иеленетін және оны электрондық құжатта пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
6) құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік қызмет көрсетуді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерлерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;
7) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
8) мұрағаттарды және құжаттаманы басқаратын уәкілетті орган – мұрағаттарды және құжаттаманы басқаратын орталық мемлекеттік орган;
9) тіркеу куәлігі – куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін қағаз жеткізгіштегі құжат немесе электрондық құжат;
10) тіркеу куәлігін пайдалану қағидалары – куәландырушы орталық бекітетін және қолдану саласын, тіркеу куәлігінің құрылымы мен шығару мен кері қайтарып алуды қоса алғанда, тіршілік циклін сипаттайтын құжат;
11) тіркеу куәлігінің иесі – өз атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті заңды түрде иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
12) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
13) электрондық құжат айналымы – мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың арасында электрондық құжаттармен алмасу;
14) электрондық құжат айналымы жүйесі – қатысушылар арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге иде нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі;
15) электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы – электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздестіру және тарату процестеріне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам;
16) электрондық мұрағат – мұрағаттық электрондық құжаттардың жиынтығы;
17) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
18) электрондық цифрлық қолтаңба құралдары – электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
19) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті – кез келген тұлғаның қолы жететін және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі;
20) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті – тіркеу куәлігінің иесіне белгілі және электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі.
|
Ұсынылатын түзету «электрондық құжат» ұғымын оған «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1 бабына енгізілетін түзетумен үйлестіру мақсатында мемлекеттік ақпараттық жйүлерде бар және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын мәліметтерді жатқызу есебінен ұлғайтуға бағытталған.
|
76
|
4-баптың 3) тармақшасы
|
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында бағдарламаны әзірлеуді және орындауды ұйымдастырады;
2) электрондық құжат айналымының тәртібі мен шарттарын айқындайды;
3) уәкілетті органның өкілеттіктерін айқындайды;
|
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында бағдарламаны әзірлеуді және орындауды ұйымдастырады;
2) электрондық құжат айналымының тәртібі мен шарттарын айқындайды;
3) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мен мұрағаттарды және құжаттаманы басқаратын уәкілетті органның электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мәселелер бойынша өкілеттіктерін айқындайды;
|
Орталық мемлекеттік органдардың электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы құзыреттерінің ара жігін ажыратуға байланысты.
|
77
|
5-бап
|
5-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;
3) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
4) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV Заңымен;
6) куәландырушы орталықтың үлгі ережесін әзірлеп, бекітеді;
7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
8) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының және ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен дұрыстығын растау қағидаларын әзірлейді;
8-1) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарабының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығын растау қағидаларын әзірлейді;
9) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
|
5-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті
1. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:
1) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік техникалық саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік техникалық саясат мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;
3) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік техникалық саясат мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы тұрғысынан электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік техникалық саясат мәселелері бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) куәландырушы орталықтың үлгі ережесін әзірлейді және бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы әзірлейтін арнайы куәландырушы орталықтың қызметі қағидаларын әзірлеуге қатысады;
7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жыл сайынғы жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Мұрағаттарды және құжаттаманы басқаратын уәкілетті орган:
1) электрондық құжат айналымы және электрондық мұрағаттар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;
|
Достарыңызбен бөлісу: |