Салыстырма кесте

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы

бет12/12
Дата13.06.2016
өлшемі1 Mb.
#131859
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы

107

18-бап.

18-бап. Тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды иелену (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты алу құқығы

Тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды иелену (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты алуға құқығы бар.

Тұтынушыда тауарды иелену фактісін растайтын құжаттың болмауы оны шарттың жасалу фактісін немесе оның талаптарын растауда куәлердің айғақтарына сілтеме жасау құқығынан айырмайды.

18-бап. Тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды иелену (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты алу құқығы

Тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды иелену (жұмысты орындау, қызмет көрсету) фактісін растайтын құжатты, оның ішінде интернет-дүкеннен сатып алынған тауарды жеткізу кезінде алуға құқығы бар.

Тұтынушыда тауарды иелену фактісін растайтын құжаттың болмауы оны шарттың жасалу фактісін немесе оның талаптарын растауда куәлердің айғақтарына және басқа да, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген дәлелдемелерге сілтеме жасау құқығынан айырмайды.

Түзету электрондық мәміле жасасу кезінде тұтынушының – сатып алушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қажеттілігіне, сондай-ақ оның жасалуын дәлелдеу (электрондық саудадағы куәлік айғақтарымен салыстырғанда электрондық хабарламалармен алмасуды, электрондық құжаттарды немесе беттердің скин-шоттарын басып шығару сияқты дәлелдемелердің мұндай түрі бастапқы және объективті болып табылады) ерекшеліктеріне байланысты.

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы

108

23-баптың 2 тармағы

23-бап. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету

1. Ақпараттық қауiпсiздiк мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың:

1) Қазақстанның ақпараттық тәуелді болуына жол бермеуге;

2) басқа мемлекеттердiң, ұйымдар мен жекелеген адамдардың тарапынан ақпараттық өктемдік пен оқшаулаудың алдын алуға;

3) Қазақстан Республикасының Президентiн, Парламентiн, Үкiметiн және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін күштерді ақпараттық жағынан оқшаулауға жол бермеуге;

4) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн сақтау мақсатында, оның iшiнде айрықша кезеңде және табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, карантиндер, өзге де төтенше жағдайлар туындаған кезде байланыс желiлерiнiң үздiксiз және тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің және өзге де заңмен қорғалатын құпияның таралуы мен жоғалуын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге;

6) ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіре отырып, ақпаратты әдейі бұрмалаумен және дәйексіз ақпаратты таратумен байланысты қоғамдық және жеке санаға ақпараттық ықпал етуге жол бермеуге;

7) мемлекеттік шешімдер тұжырымдау мен қабылдау процесіне ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіре отырып, жасырын ақпараттық ықпал ету тетіктерін табуға және бұзуға;

8) мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер айналыста болатын ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және байланыс инфрақұрылымын қорғаудың тиімді жүйесін қолдауға және дамытуға бағытталған шешімдерімен және іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі.

2. Қазақстан Республикасында ақпаратты, оның iшiнде мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды қорғаудың ұлттық жүйесi құрылып, нығайтылады.

2. Қазақстан Республикасында ақпараттық, оның iшiнде ұлттық және мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымның және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ақпараттандырудың сындарлы маңызды объектілер тізбесіне енгізілген объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі құрылып, нығайтылады.

Түзету ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде жоғары назар аударуға жататын объектілердің тізбесін нықтылау мақсатында ұсынылады.

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы»

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы

109

10-бап

10-бап. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілері

1. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілеріне ұлттық, оның ішінде өңірлік даму институттары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалар жатады.

2. Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты:

1) экономиканың басым секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;

2) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламалардың орындалу мониторингіне қатысады;

3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай картасын әзірлеу мен оны өзекті ету бойынша қызметтер көрсетеді;

4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустрияландыру картасының экономикалық тиімділігін талдау бойынша қызметтер көрсетеді.

3. Технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты:

1) технологиялық болжау процесіне қатысады;

2) инновацияларды дамыту саласындағы ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;

3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталдарына қатысу, шетелдің қатысуымен заңды тұлғалар құру, инвестициялық қорлар құру немесе оларға қатысу жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен индустриялық-инновациялық жобаларға инвестициялар тартуды жүзеге асырады;

4) технопарктерді, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, салалық конструкторлық бюроларды, технологиялар трансфертінің халықаралық орталықтарын құруға, басқаруға және үйлестіруге қатысады;

5) экономиканың басым секторларын технологиялық дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық ресурстарды, білім беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды;

6) іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалар, енгізілген технологиялар туралы, технологиялық болжау бойынша жүргізілген талдамалық зерттеу нәтижелері туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

7) технологиялық бизнес-инкубациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансферті, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің кадрлық, басқарушылық және өндірістік әлеуетін күшейту бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыруға қатысады;

8) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға сараптамалық қорытындыларды және (немесе) ұсынымдарды береді;

9) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға инновациялық гранттар беру жөнінде қызметтер көрсетеді;

10) технологиялық даму саласында ақпарат жинауды және индустриялық-инновациялық жүйенің тиімділігін талдауды жүзеге асырады;

11) тәуекелдік инвестициялаудың инвестициялық қорларын дамытуға жәрдемдеседі.

3-1. Жоқ.

3-1. Ақпараттық технологиялар саласындағы Ұлттық даму институты:

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы дамуды мемлекеттік қолдау тетіктерін іске асыруды қамтамасыз етеді;

2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;

3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін, өзге заңды тұлғаларды, оның ішінде шетелдің қатысуымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге тәсілдермен құру немесе олардың қызметіне қатысу жолымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялық жобаларға инвестицияларды жүзеге асырады;

4) салалық арнайы экономикалық аймақтарды және кластерлерді құруға, басқаруға және олардың қызметін үйлестіруге қатысады;

5) Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру, қаржылық және өзге де ресурстарды тарту мақсатында халықаралық және шетелдік ұйымдармен ынтымақтасады;

6) ақпараттандыру субьектілеріне ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында іске асырылатын инновациялық жобалар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

7) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға және мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында сараптамалық қорытындылар және (немесе) ұсынымдар береді;

8) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ақпарат жинауды және дамуды мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асырады;

9) тәуекелдік инвестициялаудың инвестициялық қорларын дамытуға жәрдемдеседі;

10) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жергілікті қамтуды дамытуға жәрдем көрсетеді;

11) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттаманы әзірлейді;

12) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға, білім саласындағы уәкілетті органға, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға техникалық, кәсіптік және жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру бойынша ұсыныстар, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында кәсіптік пәндер бойынша үлгілік оқу жоспарларының мазмұны бойынша ұсыныстар береді.

Индустриялық-инновоациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын жалпы сипаттағы шаралар ретінде қолдану бойынша негізгі өкілеттіктерді бекіте отырып, ақпараттық технологиялар саласында ұлттық даму институттарының тізбесін жүргізу ұсынылады.

Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникация министрі А. Жұмағалиев

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет