) электрондық құжаттар мен электрондық мұрағатты пайдалана отырып, іс жүргізу мәселелеріне салааралық ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді
2) электрондық құжаттар мен электрондық мұрағатты пайдалана отырып, іс жүргізу мәселелеріне салааралық ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді:
3) Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;
4) электрондық құжаттар мен электрондық мұрағатты пайдалана отырып, іс жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы және электрондық мұрағаттар мәселелері жөніндегі заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
5) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жыл сайынғы жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Түзету электрондық құжат айналымы саласындағы жекелеген бағыттарды үйлестіру бойынша құзыреті бар екі мемлекеттік орган өкілеттіктерінің ара жігін ажырату мақсатында.
78
7-баптың 1-тармағы
7-бап. Электрондық құжат айналымына қойылатын талаптар
1. Электрондық құжат электрондық құралдармен жасалуы, жіберілуі, сақталуы және берілуі мүмкін. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
7-бап. Электрондық құжат айналымына қойылатын талаптар
1. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
Бұл редакцияланған норма ол болған кезде электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі құжатқа теңестірілетін талаптарды белгілейді.
79
14-бап.
14-бап. Тіркеу куәлігін беру
Тіркеу куәлігін беру тәртібін уәкілетті орган белгілейді және ол куәландырушы орталык пен электрондық құжат айналымы жүйесінің қатысушылары үшін міндетті болып табылады.
14-бап. Тіркеу куәлігін беру
Тіркеу куәлігі он алты жасқа толған адамға беріледі.
Тіркеу куәлігін беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді және ол куәландырушы орталык пен электрондық құжат айналымы жүйесінің қатысушылары үшін міндетті болып табылады.
Он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамның белгілі бір құқықтары болады және азаматтық заңнамаға сәйкес (оның ішінде олардың залал келтіру салдарынан пайда болған міндеттемелер бойынша), орындалуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен жас мөлшері белгіленген құқықтар мен міндеттерді қоспағанда, міндеттері болады.
80
14-1-бап.
Жоқ.
14-1-бап. Тіркеу кәлігін беруден бас тарту
Куәландырушы орталық тіркеу куәлігін беруден мынадай жағдайларда:
1) ұсынылған құжаттар толық болмағанда;
2) көрінеу анық емес мәліметтер ұсынғанда;
3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша;
4) адам он алты жасқа толмағанда бас тартады.
Бұл норма куәландырушы орталық өтініш берушіге тіркеу куәлігін беруден бас тартатын жағдайларды белгілейді.
81
16 баптың 1 тармағы
16-бап. Тіркеу куәліктерін қуәлаңдырушы орталықтарда сақтау тәртібі мен мерзімі
1. Тіркеу куәліктерінің көшірмелері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті куәландырушы орталықтарда сақталады.
16-бап. Тіркеу куәліктерін қуәлаңдырушы орталықтарда сақтау тәртібі мен мерзімі
1. Тіркеу куәліктерінің көшірмелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тиісті куәландырушы орталықтарда сақталады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актісімен белгіленетін тіркеу куәліктерін сақтау тәртібін ұсынады.
82
18-баптың 1 тармағы
18-бап. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу
1. Тіркеу куәлігін берген куәландырушы орталық оны мынадай жағдайларда:
1) тіркеу куәлігі иесінің немесе онын өкілінің талап етуі бойынша;
1-1) жоқ;
2) тіркеу куәлігінің иесі қайтыс болғанда;
3) 2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен алып тасталды
4) куәлаңдырушы орталық пен тіркеу куәлігінің иесі арасыңдағы келісімде көзделген жағдайларда;
5) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша кері қайтарып алады.
18-бап. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу
1. Тіркеу куәлігін берген куәландырушы орталық оны мынадай жағдайларда:
1) тіркеу куәлігі иесінің немесе онын өкілінің талап етуі бойынша;
1-1) тіркеу куәлігін алу үшін құжаттар ұсыну кезінде анық емес мәліметтер беру фактісі анықталғанда;
2) тіркеу куәлігінің иесі қайтыс болғанда;
3) 2011.21.07. № 468-ІV ҚР Заңымен алып тасталды
4) куәлаңдырушы орталық пен тіркеу куәлігінің иесі арасыңдағы келісімде көзделген жағдайларда;
5) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша кері қайтарып алады.
Тіркеу куәлігі беріліп қойған кезде көрнеу анық емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталған жағдайда куәландырушы орталық оны кері қайтарыпе алуға тиіс.
1) электрондық цифрлык қолтаңбаның жабық кілттерін заңсыз қол жеткізуден қорғау үшін шаралар қолдана отырып, электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылардың өтініші бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаның кілттерін жасайды;
2) тіркеү күәліктерін береді, тіркейді, кері қайтарып алады, сақтайды,белгіленген тәртіппен берілген тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізеді;
2-1) жоқ;
3) қолданылып жүрген және кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерін есепке алуды жүзеге асырады;
4) куәлаңдырушы орталық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тіркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растайды;
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды.
21-бап. Куәландырушы орталықтың функциялары
1. Куәландырушы орталық:
1) электрондық цифрлык қолтаңбаның жабық кілттерін заңсыз қол жеткізуден қорғау үшін шаралар қолдана отырып, электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылардың өтініші бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаның кілттерін жасайды;
2) тіркеү күәліктерін береді, тіркейді, кері қайтарып алады, сақтайды,белгіленген тәртіппен берілген тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізеді;
2-1) тіркеу куәлігінің әрбір үлгісі үшін тіркеу куәлігін қолдану қағидаларын бекітеді;
3) қолданылып жүрген және кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерін есепке алуды жүзеге асырады;
4) куәлаңдырушы орталық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тіркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігін және жарамдылығын растайды;
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды.
Бұл түзету куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігін қолдану саласын және оны мақсаты бойынша пайдалануды бекіту құқығын белгілейді.
84
23-1-бап.
Жоқ.
23-1-бап. Арнайы куәландырушы орталық
1. Арнайы куәландыратын орталықтың қызметі, функциясы мен қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.
2. Арнайы куәландыратын орталықтың иесі – мемлекеттік орган арнайы куәландыратын орталық туралы ережені, тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және арнайы куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбаның тиістілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын әзірлейді.
3. Арнайы куәландыратын орталықтың тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтері мемлекеттік құпияларға жатады.
Көрсетілген толықтырулар мемлекеттік органдар (ведомствода) мемлекеттік құпияларға жатқызылған (қамтитын) объектілермен жұмысты ұйымдастыру мақсатында енгізіледі.
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы
85
1-бап.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
...
4) бөлшек сауда - сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
4-1) жоқ;
4-2) жоқ;
5) кедендiк баждардың квотадан тыс мөлшерлемесі - белгiленген тарифтiк квотадан тыс әкелiнетiн тауарларға белгiленетiн кедендiк әкелiм бажының мөлшерi (шамасы);
...
8) қоғамдық тамақтандыру - тамақ өнiмдерiн өндiрумен, қайта өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет;
8-1) жоқ;
9) рұқсат - осы Заңға сәйкес сыртқы сауда шарты (келiсiмшарты) негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн рұқсат ету құжаты;
9-1) жоқ;
9-2) жоқ;
...
23) iшкi сауда - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi.
24) жоқ;
25) жоқ;
26) жоқ.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
...
4) бөлшек сауда - сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
4-1) интернет-дүкен – электрондық сауданы жүзеге асыруға арналған интернет-ресурс;
4-2) жұмыстар – сатып алушының қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған және заттай нәтижесі бар сатушы қызметі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жататын өзге қызмет;
5) кедендiк баждардың квотадан тыс мөлшерлемесі - белгiленген тарифтiк квотадан тыс әкелiнетiн тауарларға белгiленетiн кедендiк әкелiм бажының мөлшерi (шамасы);
...
8) қоғамдық тамақтандыру - тамақ өнiмдерiн өндiрумен, қайта өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет;
8-1) көрсетілетін қызметтер – сатып алушының қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған және заттай нәтижесі жоқ сатушы қызметі;
9) рұқсат - осы Заңға сәйкес сыртқы сауда шарты (келiсiмшарты) негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн рұқсат ету құжаты;
9-1) сатушы – тауарларды сататын, жұмыстарды орындайтын немесе қызметтерді көрсететін сауда қызметі субъектісі;
9-2) сатып алушы – тауарды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;
...
23) iшкi сауда - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi;
24) электрондық сауда – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жүзеге асырылатын сауда қызметі;
25) электрондық саудадағы ақпараттық және өзге де делдалдар – басқа тұлғаның бастамасы және (немесе) тапсырмасы бойынша электрондық хабарламаларды жолдайтын, алатын немесе сақтайтын немесе электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде сатушыға және (немесе) с атып алушыға басқа да қызметтерді ұсынатын тұлғалар;
26) электрондық саудаға қатысушылар – электрондық саудадағы сатушы, сатып алушы, сондай-ақ ақпараттық және өзге де делдалдары.
«Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының ұғымдық аппараты заңның бұрын тек тауарларды сатуға ғана қатысты болған қолдану саласының ұлғаюына байланысты «жұмыстар», «қызметтер» терминдерімен толықтырылады.
Оған қоса, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сату және сатып алу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға негізделген электрондық саудаға – сауда қызметі саласына қатысты жаңа терминдер енгізіледі.
86
29-бап
29-бап. Электрондық сауда
1. Электрондық сауда оған қатысушылардың келісімi (шарты) негiзiнде электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып, тауарларды сатып алу-сатуға сауда мәмiлесiн жасасу арқылы жүзеге асырылады.
2. Электрондық саудаға қатысушылардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау сауда қызметiнiң субъектiлерi үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Электрондық сауданы жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен ережелерге сәйкес айқындалады.
1. Электрондық сауда электрондық мәміле (тауар алуға, жұмыстарды атқаруға, қызмет көрсетуге арналған электрондық нысандағы шарттар) жасау жолымен жүзеге асырылады.
Электрондық мәмілені орындау ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы да, сондай-ақ әдеттегі тәртіппен де жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын және Қазақстан Республикасының ақпарат саласындағы заңнамасын сақтай отырып:
1) электрондық хабарламалар немесе электрондық құжаттар алмасу жолымен;
2) офертада электрондық нысанда белгіленген мерзімде акцепт жолымен электрондық нысанда жасалған мәміле электрондық мәміле болып саналады.
3. Оферталар немесе электрондық нысанда оферталар жасауға шақыру, сол сияқты тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер туралы жарнамалық немесе өзге мәліметтерде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетуді сатушы (орындаушы), ақы төлеу тәртібі, тауарды жасаушы және тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер туралы ақпарат болуға тиіс.
4. Сатып алынған тауарларға, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу және ақша аудару тәсілі Қазақстан Республикасы заңнамасында немесе электрондық мәміледе белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
29-бап редакциясының өзгеруі электрондық сауданы жүзеге асыру мәніне және тәртібіне қатысты жалпы мәселелерді нақтылау және ұлғайту қажеттігімен байланысты.
87
29-1-бап.
Жоқ.
29-1-бап. Электрондық саудаға қатысушылар
1. Өз атынан офертаны немесе электрондық нысанда офертаны жасауға шақыруды, оның ішінде оларды интернет-ресурстарда орналастыру арқылы жолдайтын электрондық саудадағы сатушылар мен сатып алушылар:
1) офертаға немесе ұсынысқа осы Заңның 31-бабында белгіленген міндетті ақпаратты қосуға;
2) интернет-ресурстарда орналастырылған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сату немесе сатып алу туралы ұсыныстарға және (немесе) интернет-ресурсқа тегін қол жеткізуді қамтамасыз етуге;
4) интернет-дүкенде тауарлар сату кезінде сатушы сатып алушыға тауарларды пошталық жөнелтімдермен жіберу немесе жеткізудің пайдаланатын тәсілі мен көлік түрін көрсете отырып тасымалдау арқылы тауарларды жеткізу жөніндегі қызметтерді ұсынуға міндетті;
5) келіп түсетін оферталар және (немесе) акцептерді, сондай-ақ электрондық мәмілелерді тіркеу мен есепке алуды жүргізуге және электрондық мәмілелер бойынша өз міндеттемелерін орындауға міндетті.
2. Электрондық мәмілелер тараптарының қаржылық есептері электрондық төлем жүйелері операторлары арқылы мәміле тараптары мен төлем жүйесінің операторы арасындағы келісімде (қосылу шартында) белгіленген олардың міндеттемелері шеңберінде жүргізілуі мүмкін.
3. Сатушы электрондық саудаға қатысушылардың, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның, мемлекет алдындағы салық міндеттемесінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органның және құқық қорғау органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзі туралы электрондық нысанда мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі, қажет болған кезде басқа тілдердегі анық ақпаратқа тиісінше қол жеткізулерін қамтамасыз етеді.
4. Егер сатушы тауардың болмауына немесе жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің мүмкін еместігіне байланысты электрондық мәміленің орындалуын қамтамасыз ете алмаса сатушы сатып алушыға бұл туралы дереу хабарлайды және төленген соманы тауарды жеткізуге, жұмысты орындауға (орындауды бастауға) немесе қызметтерді көрсетуге (көрсете бастауға) тиіс болған күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде қайтарады.
5. Электрондық саудаға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
«Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңына жаңа баптың енгізілуі электрондық саудаға қатысушылар мәртебелерінің құқықтық негіздерін (құқықтары мен міндеттерінің) белгіленуі, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғалуы қажеттігінен туындап отыр.
88
29-2-бап
Жоқ.
29-2-бап. Электрондық сауданы ұйымдастырудың шарттары
1. Электрондық сауданың қатысушылары электрондық мәмілелерді жасауға байланысты электрондық хабарламалар мен құжаттардың, дерекқорлардың мұрағаттық сақталуын ұйымдастыруға және олардың күзетілуін, қорғалуын, қажетті резервтік көшірмесінің түсірілуін, құжатталған ақпараттың тұтастығы мен анықтығын, сондай-ақ электрондық хабарламалар орналастырылған немесе сақталатын және солардың көмегімен біржақты қабылдау, көшірмесін түсіру немесе өзгеше пайдалану үшін дисплей экранында электрондық хабарламалардың ақпаратын ашып көрсетуге болатын апппараттық-бағдарламалық құралдар мен жабдықтың қорғалуын және сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2. Электрондық мәмілелерді жасауға байланысты және мұрағаттық сақтауға орналастырылған (жайластырылған) электрондық хабарламалар мен дерекқорлар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұрау салу бойынша мемлекеттік органдарға және олардың уәкілетті лауазымды адамдарына, сондай-ақ шарттың тарапына берілуге тиіс.
Электрондық хабарламаларды, сондай-ақ хабарламалар орналастырылған, сақталатын және солардың көмегімен хабарламалардың ақпаратың көруге болатын ақпараттық жүйелер мен жабдықты мұрағаттық сақтау мерзімдері саудада және өзге де коммерциялық қызметте қолдануға болатын қағаз жеткізгіштегі хабарламалар мен құжаттардың тиісті түрлерін қолданыстағы заңнамада белгіленген сақтау мерзімдеріне сәйкес болуға тиіс.
3. Электрондық саудадағы шарт тараптары өздерінің электрондық хабарламаларын немесе дерекқорларын құжаттарды депозитарлық сақтау жөніндегі тиісті қызметтер көрсететін үшінші тұлғаларға сақтау шарты бойынша уақытша мұрағаттық сақтауға беруге құқылы.
4. Шартты сақтау жүктелген электрондық саудадағы шарт тарапы немесе шартты сақтау немесе құжаттарды депозитарлық сақтау жөніндегі қызметтерді көрсететін үшінші тұлға, мұндай электрондық хабарламаны немесе электрондық құжатты орналастырған тарап электрондық хабарламаның қорғалуын, анықтығын, өзгермеуін және олар орналастырылған ақпараттық жүйенің (ақпараттық дерекқордың) ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ оған электрондық хабарламаның немесе электрондық құжаттың мазмұнын өзгерту мүмкіндігінсіз ақпараттық-телекоммуникациялық желі арқылы шарттың қолданылу мерзімі ішінде қол жеткізу құқығын беруге, ал осы шарттың мерзімі аяқталғанда – мұндай шарттың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
5. Уағдаласушы тарап электрондық хабарламалар алмасу арқылы шарт талаптарын келісуші басқа тараптан өз қарамағына шарттық талаптарды қамтитын электрондық хабарламалардың қағаздағы немесе өзге көшірмелерін берілуін талап етуге құқылы, ал басқа тарап оларды беруге міндетті.
«Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңына жаңа бап енгізу электрондық мәмілелермен байланысты электрондық хабарламаларды және құжаттарды сақтаудың талаптарын айқындау қажеттігіне байланысты.
89
31-баптың 1 тармағы
31-бап. Сауда қызметi субъектiлерiне қойылатын талаптар
1. Сауда қызметi субъектiлерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
1) тиiсiнше сапалы, қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн тауарларды сатуға;
2) тауарларды тиісінше жария оферта, шарттар немесе өзге де мәмiлелер талаптарына сәйкес белгiленген өлшемдер бойынша сатуға;
3) сатып алушыға тауардың сапасы мен шығарылған жерi, тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелерi және талаптар қою тәртібі, өнiмдi пайдалану, оны сақтау тәсiлдерi мен ережелерi туралы, ал талап-арызды және сотқа ұсынылатын, оған қоса берілетін құжаттар ресiмделген жағдайда, сол сияқты сатушының немесе дайындаушының (орындаушының) орналасқан жерi мен өзге де реквизиттері туралы қажеттi және дұрыс ақпарат беруге;
3-1) жоқ;
4) сауда объектiсiнiң жалпы жұртқа қолжетімді жерiнде өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесi талаптарына сәйкес тексерiлген бақылау-өлшеу аспаптарын орналастыруға;