2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
14-1) интернет-ресурс (веб-сайт) – Интернет желісінде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сонымен қатар ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылым;
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес келтіру мақсатында
|
64
|
7-баптың 2-тармағы
|
7-бап. Авторлық құқық объектiлерi болып табылатын туындылар
2. ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау ЭЕМ-ге арналған бағдарламалардың (соның iшiнде операциялық жүйелердiң) бастапқы мәтiн мен объектiлiк кодты қоса алғанда, кез-келген тiлде және кез-келген нысанда жасалуы мүкiн барлық түрiне қолданылады.
Жоқ.

ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларға әдебиет туындысы ретінде, ал ақпараттық деректер базаларына – жинақтар ретінде құқықтық қорғау ұсынылады.
|
ЭЕМ бағдарламаларын құқықтық қорғаудың құқықтық ережесін нақтылау, сондай-ақ авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңның 2-бабының 1) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында
Деректер базасы бөлігінде норма авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңның 2-бабының 22) тармақшасына сәйкес келтіріледі.
|
65
|
9-1-бап
|
9-1-бап. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу
10. Бір жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсетілетін қызметтерінен) айыруға қызмет ететін (арналған) туындылар авторлық құқық объектілері ретінде тіркелмейді.
|
9-1-бап. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу
10. Бір жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсетілетін қызметтерінен) айыруға қызмет ететін (арналған) туындылар (азаматтық айналымның қатысушыларын дербестендіру құралдары, тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер) авторлық құқық объектілері ретінде тіркелмейді.
|
ҚР «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» заңының шеңберінде жүзеге асырылатын азаматтық айналымға қатысушыларды дербестендіру құралдарын тіркеуге байланысты құқықтық нормаларды бөлу мақсатында.
|
66
|
16-баптың 1-1-тармағы
|
16-бап. Мүлiктiк құқықтар
1. Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң сол туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк (айрықша) құқығы бap.
1-1. Жоқ.
|
16-бап. Мүлiктiк құқықтар
1. Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң сол туындыны кез келген нысанда және кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк (айрықша) құқығы бap.
1-1. Азаматтық-құқықтық шарт, оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт негізінде жасалатын туындыға мүліктік (айрықша) құқықтар, егер олардың және автордың (өнім берушінің) арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, тапсырыс берушіге тиесілі.
|
Қазіргі кезде ЭЕМ үшін бағдарламалар әзірлеу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу шеңберінде мемлекеттік органдар (тапсырыс берушілер) әзірлеуші фирмалармен (берушілер) тапсырыс берушіге ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға мүліктік (айрықша) құқықтар берілетіндігі туралы шарттарды келіспейді. Осыған байланысты мемлекеттік орган мен өнім беруші арасында авторлық құқықтар бойынша сот даулары тәуекелі туындайды.
|
67
|
49-баптың 2-тармағы
|
49-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау
2. Iс қаралғанға дейiн судья авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын жауапкердiң дайындауына, көшiрмелеуiне, сатуына, пайдалануына тыйым салу туралы жеке-дара ұйғарым шығаруға құқылы. Судья авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк деп жорамалданған даналарын, сондай-ақ оларды дайындау мен көшiрмелеуге арналған материалдар мен жабдықтарды пайдалануға тыйым салу және алып қою туралы ұйғарым шығаруға да құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері мемлекеттік ақпараттық жүйелердің құрауыштары болып табылатын ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларға мүліктік (айрықша) құқықтарды даулауға байланысты істерге қатысты болмайды.
|
Бұл норма олар бойынша авторлық құқықтарға дау айтылуы мүмкін мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бөлігі болып табылатын ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды пайдалану тоқтатылған жағдайда мемлекет мүдделерін қорғау мақсатында қажет.
|
|
«Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы
|
68
|
1-бап
|
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
мемлекеттік құпиялар - таратылуын мемлекет жалпы қабылданған халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейтін әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік және өзге де қызметті тиімді жүзеге асыру мақсатымен шектейтін, мемлекет қорғайтын мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтер;
жоқ;
жоқ;
мемлекеттік құпия - жарияланған немесе жоғалған жағдайда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін немесе нұқсан келтіруі мүмкін әскери, экономикалық, саяси және өзге де сипаттағы мәліметтер;

мемлекеттік құпияларға жатқызылған (оларды қамтитын) ақпараттық жүйе – арнайы мақсаттағы аппараттық-бағдарламалық кешендерді қолдана отырып, мемлекеттік құпияларды қамтитын ақпаратты құруға, іздеуге, жинауға, өңдеуге, жинақтауға, сақтауға, таратуға, кескіндеуге, пайдалануға және тұтынуға арналған қол жеткізілуі шектелген ақпараттық жүйе;
мемлекеттік құпияларға жатқызылған (оларды қамтитын) электрондық ақпараттық ресурс – мемлекеттік құпияларға жатқызылған (оларды қамтитын) ақпараттық жүйелерде қамтылған, электрондық-цифрлық түрде сақталатын ақпарат;
мемлекеттік құпия - жарияланған немесе жоғалған жағдайда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін немесе нұқсан келтіруі мүмкін әскери, экономикалық, саяси және өзге де сипаттағы мәліметтер;
|
Толықтыру заңнамадағы бұл терминдерді біркелкі түсіндіру және пайдалану мақсатында ұсынылады
|
69
|
14-бап.
|
14-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі мен өзге де қызмет саласындағы мәліметтер
Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі мен өзге де қызметтер саласындағы мемлекеттік құпияларға мыналар жатады:
17) ақпараттарды рұқсат етілмей алудан, шетелдік техникалық барлаудан және техникалық арналар арқылы өтіп кетуден қорғау жөнінде жоспарланатын және (немесе) жүргізілетін шараларды ашатын мәліметтер;
18) арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қызметкерлері, терроризмге қарсы операцияны жүргізуге, терроризм актісін анықтауға, оның алдын алуға, жолын кесуге және ашуға қатысатын және (немесе) жәрдемдесетін адамдар туралы және аталған адамдардың отбасы мүшелері туралы мәліметтер.
|
14-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларына жатқызылатын барлау, қарсы барлау, жедел-iздестiру қызметi мен өзге де қызмет саласындағы мәлiметтер
Барлау, қарсы барлау, жедел-iздестiру қызметi мен өзге де қызметтер саласындағы мемлекеттiк құпияларға мыналар жатады:
17) ақпараттарды рұқсат етілмей алудан, шетелдік техникалық барлаудан және техникалық арналар арқылы өтіп кетуден қорғау жөнінде жоспарланатын және (немесе) жүргізілетін шараларды ашатын мәліметтер;
18) арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қызметкерлері, терроризмге қарсы операцияны жүргізуге, терроризм актісін анықтауға, оның алдын алуға, жолын кесуге және ашуға қатысатын және (немесе) жәрдемдесетін адамдар туралы және аталған адамдардың отбасы мүшелері туралы мәліметтер;
19) мемлекеттік құпияларға жатқызылған (оларды қамтитын) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәліметтер.
|
Түзетумен мемлекеттік құпияларды қамтитын немесе өздері мемлекеттік құпияларға жататын электрондық ақпараттық ресурстар және ақпараттық жүйелер туралы мәліметтердің құпиялық мәртебесі бекітіледі.
|
|
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы
|
70
|
13-баптың 6,7-тармақтары
|
13-бап. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру және тоқтату
1. Бұқаралық ақпарат құралын шығару не бұқаралық ақпарат құралының өнімін тарату меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкін.
2. Тоқтата тұру деп басылымдардың бiр немесе бiрнеше нөмiрiнiң шығарылуын, теле-, радиобағдарламалардың, теле-, радиоарналардың эфирге шығуын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды уақытша тоқтату түсiнiледi. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды тоқтата тұруға үш айдан аспайтын мерзiмге жол берiледi.
3. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, суицидті насихаттайтын, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгiттеу, порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды тарату, сондай-ақ кино және бейнеөнімдерді көрсету, бұқаралық ақпарат құралын сайлау алдындағы үгiт жүргiзу, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыру шарттарын бұзу, үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, ереуiлге қатысуға немесе қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, тосқауылдар мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы, интернет желісіндегі авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану, сондай-ақ осы Заңның 3-бабында, 10-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды бұзу, сондай-ақ 15 және 16-баптарының талаптарын бiр жыл iшiнде қайталап бұзу заңда белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнiмiнiң таратылуын тоқтата тұруға негiз болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты насихаттау және үгіттеу, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, ұлтаралық және конфессияаралық өшпенділікті өршітуге бағытталған материалдарды жариялау және ақпаратты тарату, сондай-ақ белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру себептерін жоймау бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтатуға негіз болып табылады.
5. Меншік иесінің не соттың шешімі бойынша бұқаралық ақпарат құралының шығуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтата тұрған не тоқтатқан жағдайда, уәкілетті органға хабарлама жіберіледі.
Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтату оны есепке қою туралы куәліктің күшін жоюға әкеп соғады .
6. Жоқ.
7. Жоқ.

6. Сот ақпараттық-коммуникациялық желілер бойынша таратылатын ақпаратты осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің талаптарына қайшы деп таныған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар, байланыс операторлары, интернет-ресурстардың иелері бұқаралық ақпарат құралдары өнімін Қазақстан Республикасының аумағында таратуды не бұқаралық ақпарат құралдарын шығаруды тоқтата тұруға не тоқтатуға міндетті.
7. Соттың бұқаралық ақпарат құралы өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұруы туралы шешімі бұқаралық ақпарат құралы интернет-ресурс болып табылса домендік атты сол немесе қайталанатын атаумен пайдалануға үш айдан аспайтын мерзімге тыйым салуға әкеп соғады.
Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылатын жағдайда соттың бұқаралық ақпарат құралы өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтату туралы шешімі домендік атты тіркеуді жоюға және тіркелуі сот шешімімен жойылған домендік атты сол немесе қайталайтын атаумен бір жыл ішінде пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.
|
Бап бұл нормалардың арнайы заңнамалық акті - «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңының реттелу мәні қатынасына сәйкес «Ақпараттандыру туралы» ҚР қолданыстағы Заңының нормаларымен толықтырылған.
|
|
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы»
1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы
|
71
|
7-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы
|
7-бап. Тауар таңбасын тiркеуден бас тартудың өзге де негiздерi
2. Тауар таңбалары ретiнде:
1) олардың неғұрлым ертерек басымдығы болған жағдайда басқа тұлғалардың атындағы Қазақстан Республикасында қорғалатын өнеркәсiптi үлгiлер;
2) алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 Заңымен;
3) өтiнiм берiлген күнi авторлық құқықтарды бұзушылықпен Қазақстан Республикасында белгiлi әдебиет, ғылым және өнер туындыларының атаулары, белгiлi өнер туындылары мен олардың фрагменттерi;
|
7-бап. Тауар таңбасын тiркеуден бас тартудың өзге де негiздерi
2. Тауар таңбалары ретiнде:
1) олардың неғұрлым ертерек басымдығы болған жағдайда басқа тұлғалардың атындағы Қазақстан Республикасында қорғалатын өнеркәсiптi үлгiлер;
2) алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 Заңымен;
3) өтiнiм берiлген күнi авторлық құқықтарды бұзушылықпен Қазақстан Республикасында белгiлi әдебиет (электронды есептеу машинасына (ЭЕМ) арналған бағдарламаларды қоса алғанда), ғылым және өнер туындыларының атаулары, белгiлi өнер туындылары мен олардың фрагменттерi;
|
Түзету әдебиет туындысы ретінде ЭЕМ бағдарламалары атауларын тіркеудің қайталануын болдырмау мақсатында ұсынылады, бұл «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістермен сәйкес келеді.
|
|
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы
|
72
|
9-2-баптың төртінші абзацы
|
9-2-бап. Мемлекеттік органның функциялары
Мемлекеттік органның функциялары стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау болып бөлінуі мүмкін:
жоспарлы құжаттарды әзірлеу, қабылдау, мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындау, халықаралық қатынастарды, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар стратегиялық функциялар болып табылады;
мемлекеттік функциялардың іске асырылуын нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі функциялар реттеушілік функциялар болып табылады;
жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсынуға, рұқсат беру құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қосқанда) беруге бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады;
жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік мекемелер қызметінің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және бақылау жөніндегі функциялар бақылау функциялары болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік органдардың құрылымында функцияларды стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау деп бөлуді - Қазақстан Республикасының Президенті, ал орталық атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында өздеріне көзделмеген функцияларды жүзеге асыруына тыйым салынады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |