Сарыпбекова газиза сейтанкызы



бет11/18
Дата11.10.2023
өлшемі195.08 Kb.
#480466
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
сарыпбекова газиза

Төрт жүз алпы екінші жыл ішінде,
Бұл сөзімді тіздім бəйіт пішінде.
Он сегіз ай құрастырдым, талғадым,
Теріп түгел сөз сарасын таңдадым. [40, 50]. Осы шығарманы ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалымдардың есебі бойынша, Жүсіп Баласағүн өз дастанын шамамен елу төрт жасында жазып бітірген. Демек, ақын 1015–1016 жж. қазіргі Шу өзенінің бойындағы Құзорда (Баласағұн) деп аталатын қалада атақты түрік əкімінің отбасында туылған.
Ойшыл өз дастанын жарыққа шыққан жылы Табғаш Қара–Боғраханға (Қара–Бураханға) —«хандардың ханына» тарту етеді. «Құтты білікпен» танысқан соң Қара–Бурахан Жүсіп Баласағұнға өте ырзалығын білдіріп, бұдан былай «Хас Хажыб Жүсіп Баласағұн» деген атақ берілетінін, ол хан сарайының бас ақылшысы, ақыны, бас уəзірі деген мағынада екенін айтып, өзін қызметке алады. Бұл туралы ақын:
Кетті шығып туған елден алысқа,
Жырмен кітап берді түгел халыққа.
Хаттап-қаттап барын жазды көңілде,
Тамəмдады жырмен Қашқар елінде.
Хандар ханы Тавғаш Қара Буғра —
Падишахтың құзырында оқыды.
Мархабатпен даңқ қосты атына —
Ақылы мен қаламының хақына.
Хас Хажыбтық атақ берді тағы да,
Мұны сеніп жақын тұтты жанына. 
Сол мəні үшін жұрт құрметтеп қарады,
Аты: Жүсіп Хас Хажыб деп тарады, — деп жазады[40, 50]. Кемеңгер философ «Құтты білікте» қандай адам «Ұлы Хас Хажыб» болып істеуі мүмкін деген сауал қойып, оған өзі егжей-тегжейлі жауап айтады.
Ұлы Хас Хажыб — əмірші-патшаның көрер көзі, естір құлағы. Ол мемлекет заңдары мен сол елдің əдет-ғұрпының дұрыс орындалуын қадағалап отырады. Сондай-ақ ұлы уəзір — қазына ісін басқарушы адамға, сарайда қызмет ететін хат көшірушілер мен қолөнершілерге патша атынан əмір береді. Елшілерді қабылдап, шығарып салып отырады, ресми түрдегі салтанатты жиындардың заңға сəйкес өтуін қадағалайды. Əрі кедейлер мен жетім-жесірлердің арызын тыңдап, оны Тағбаш Қара- Бураханға жеткізіп отыруы тиіс. Бұған қарап, Жүсіп Баласағұнның патша сарайында қандай қызмет атқарғанын ғана емес, сонымен бірге ақын «Құтты білікте» өзіне өте жақсы таныс мəселелерді мейлінше терең біліп барып жазғанын да аңғарамыз.
«Құтты білік» дастаны — мемлекетті басқару қағидалары мен ұстанымдарын сөз ететін ел басқарудың ережелері мен заңдарын, мінез-құлық пен əдет-ғұрып нормаларын қамтыған көркем туынды. Этикалық-дидактикалық сарында жазылып, ғибрат-уағыздарды бейнелі көркем тілмен жырлайтын бұл шығармада бекке, уəзірге, əскербасына, хаджибке, елшіге, хатқа түсірушіге, қазынашыға, аспазға, емшіге, түс жорушыға, жұлдыз санаушыға, өлең шығарушыға, диқанға, малшыға, кəсіпкерге, саудагерге жəне басқаларына қажетті қасиеттер əңгіме болады. Данагөй Жүсіп Баласағұнның қырағы көзі бүкіл қоғамды төменнен жоғарыға дейін қамтиды.
Академик Ə.Нысанбаевтың ғылыми зерттеулеріне [40, 83] сүйеніп айтсақ, «Құтты біліктің» үш нұсқасы бар: Веналық нұсқа (1439 ж.), Каирлық нұсқа (1895 ж.) жəне Наманган нұсқасы (1913 ж.). Ғалымдар осы үш нұсқаның əрқайсысына тəн өзіндік ерекшеліктерді жинақтай келе, «Құтты білік» дастанының ғылыми негізделген толық мəтінін жасап шықты. Дастанның көне қолжазбасы табылғанын алғаш əлемге хабарлап, 1823 ж. Парижде шығатын «Азия» журналында Вена нұсқасынан үзінді жариялаған француз ғалымы Жауберт Амадес. Венгер ғалымы Германи Вамбери (1832–1913) дастанның бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 ж. Инсбрук қаласында кітап етіп шығарды.«Құтты білікті» Қ.Кəрімов өзбек тіліне, Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов (1983) орыс тіліне, А.Егеубаев (1986) қазақ тіліне, бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984, Пекин) аударды. Дастанды аударумен В.В.Радлов (1837–1918) 20 жыл бойы үзбей айналысты. Түркия ғалымдары 1942–1943 жылдары аударып, үш нұсқасы 3 том болып Стамбулда жарық көрді. Шығарманы зерттеуге түрік ғалымдары Р.Арат (1900–1964), М.Кепрюлд (1880–1960), А.Ділашар (1897–1979) көп еңбек сіңірді. Жоғарыда көрсетілген дастанның үш нұсқасын салыстыра келе орыс ғалымы С.Е.Малов Каир, Наманған нұсқаларының өзара жақындығын айтып, «ал ұйғыр редакциясы (Вена-Ғират) көп жағдайда бұлардан алшақтап кетеді» дей келе, бұл нұсқа «ислам мəдениетінің ұйғыр жазбаларындағы сирек кездесетін ірі ескерткіш» деп бағалаған. В.В.Радловтың да: «Баласағұн қаласының (Жетісудағы) тұрғыны ретінде автор дастанын əуелінде ұйғыр жазба тілінің əсерінсіз араб əрпімен жазған, бірақ поэма бұл ықпалға Қашқарда аяқтап, ханға апарған тұста, ел ішінде тарату үшін ұйғыр əрпімен қайта жаздырғанда ұшыраған», — дейді.
Көптеген ғалымдар «Құтты білікті» Араб халифатының əлсіреген тұсында жазылғандықтан, оны өтпелі кезең шығармасы деп санайды. Себебі араб мəдениеті мен əдебиетінің түркі халықтары əдебиетіндегі үстемдігі өте күшті болатын. Түркі халықтарынан шыққан ғұламалардың көбі өз шығармаларын араб тілінде жазуға мəжбүр болды. Оның үстіне, араб тілі — ислам діні мен мəдениетінің тілі болғандықтан, одан бас тарту еш мүмкін емес-ті. Сондықтан араб жəне түркі ақындары арасындағы тіл мəселесі өте өткір болды. Ал Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» түркі тілінің өте бай тіл екендігін дəлелдеуге тырысқан тұңғыш шығарма. Ол туралы данагөй ақын:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет