Сарыпбекова газиза сейтанкызы



бет13/18
Дата11.10.2023
өлшемі195.08 Kb.
#480466
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
сарыпбекова газиза

Ақылды бар, ақымақ бар, бар ғалым,
Бай-кедей бар, надан, аңқау, бар залым.
Бəрін соның алаламай бөлектеп,
Басқаратын қандай болу керек Бек?
Елі гүлдеп, байып бектің бағына,
Даңқы тарап, өссе халық саны да!
Қазна толып, күміс судай ағылса,
Шоқтығы өсіп, күшіне əлем табынса.
Əскер толып, тұрса күші дігірлеп,
Тұрмыс, заңды тураласа іліммен,
Бектің аты бар жаһанға тараса,
Күн-күн сайын құты артса тамаша.
Бектік үшін туған олар анадан,
Бектік сүтпен, іспен бойға тараған
Бектің ісі, тек бектердің еншісі –
Бектер ісін, ұғар бекке тең кісі.
Бек халықты тек білікпен сендірер,
Барлығын да ақылына жеңдірер.
Бек дегенің білікпенен берік тұр,
Білік кетсе, бек қалады — желік құр... [40, 90].
Дастанда Қара-Бураханға (Бограханға) елді басқару əдісі мен жаулап алған жерлерге тəртіп орнату тəсілдері жөнінде ақыл айтылады. Елді өз қолыңда ұстау үшін бірыңғай күш қолдану, қылыш жұмсау жеткіліксіз, қол астыңдағы халыққа ақыл-айламен айтқаныңды істете білу керек деген пікір білдіреді.
Жалпы, басқару мəселесінде Баласағұн ұстанған рухани құндылықтар — қайырымдылық, парасаттылық, ізгілік, тəрбиелі адамға тəн іс-əрекет.
Халқымыз бұл ұғымдарға өте үлкен мəн берген. Жүсіп осы ұғымдар туралы былайша толғанады:
Құт-дəулетке жарық көңіл жарасар,
Дана жүрек шыққан күнмен таласар!
«Бақыт қонса, шаңырағыңа күтпеген,
Кішіктікпен, байқап, соңын күт деген.
Бақ та білсең, білікті ерге лайықты,
Өзіңе де, ісіне де байыпты.
Дəулет қона, ақымақ та «зиялы»,
Кісіліктен бөлек, əттең сияғы...
Дəулет қонса ақылдыға, ағайын,
Шуағымен нұрландырар маңайын.
Біліксіздің дəулет артын жабады,
Біліктіге құрметтеп тон жабады.
Ақымаққа қонған бақыт тоналар,
Қалай қонса, солай ұшып жоғалар!
Бұл сөздер мен төркіндес сөз бар тағы,
Асыл сөздер бірін-бірі тартады:
Ақылдыны бақ құрметке бөлейді,
Күн мен түнін кереметке теңейді.
Баласағұнның ойынша, бақ дəулет, құт оларды қадірлемеген адамның басынан тез ұшып кетеді.
Өмірде тұрақты ештеме жоқ, бəрі өткінші. Ғұлама:
Дəулет үркек, ор киікке ұсаған,
Қонса келіп, жөні тас қып тұсап ал!
Тұта білсең, дəулет тозып, безбейді
Қолдан шықса, қайта айналып келмейді!
Сенбе құтқа: келсе, кетіп қалады, 
Сенбе баққа: береді һəм алады, — [40, 91] сияқты жолдармен өмірде «болдым, толдым, бақытқа кенелдім» деген тоғышарлық психологиядан əрқашан бойды аулақ салуға шақырады. Сөйтсе де, ақын құт пен бақыттың адамзат басынан ұшып кетпей, баянды да мəңгі қонуын аңсайды :
Баянды боп жаралса ғой құт деген,
Асыл бақыт сол болар-ау күтпеген.
Ұшпай бақыт, қонса алаңсыз түгелдей,
Мəңгі жайнар, күн көзі де түнермей!
«Құт дарыған елдің адамы қандай?» деген сұраққа Баласағұн былай деп жауап береді: «Құт- бақытқа кенелсем деп тор құрушылар көп. Бірақ ол қасиетті адамға ғана қонады. Құтты іздеген адам жібек мінезді, көңілі таза, тілі майда, жігерлі болып, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге мейірін төксе, араз көңілді тыйып ұстаса, осы қасиеттер — құтты ұстаудың құлып-кісені» .
Ғұлама ақын баюдың жолдарын ашып айтпаса да, байлыққа деген өзінің көзқарасын білдірген. Оның пайымдауынша, байлық, алтын-күміс дүниедегі ең қымбат нəрсе емес. Керісінше, ең қымбат нəрсе — ол оқу-білім, ақыл-қанағат, адамгершілік. Сондықтан да Баласағұн алтын, күміске көзі тұнбаған адамды нағыз періштеге балайды :
Күміс көрген адам көңіл бұрмаса,
Көзі тұнып, дымы құрып тұрмаса.
(Алтын көріп, адам жолдан таймаса,
Адамдықты, адалдықты ойласа).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет